Известные имена

Ақын жазушылар

Омарова Қ.

Омарова ҚұралайОмарова Құралай, ақын

Құралай Омарова 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы облыстық гимназия-интернатында Қанипа Бітібаеваның авторлық сыныбын бітірді. Өлеңді 15 жасынан бастап жаза бастады.
Алғашқы өлеңдері 2000 жылы облыстық «Дидар» газетінде жарық көрді. 2004 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
2004 жылғы VІІ Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ерік Асқаров атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Өлеңдері республикалық «Жұлдыз», «Жалын» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет айдыны», «Кентавр», «Алтын орда», «Алаш үні» газеттерінде жарияланды. «Жас толқын» жинағына топтама өлеңдері енді.
«Жалын» журналының 2006 жылғы Төлеген Айбергенов атындағы жүлдесін, «Дала мен қала» газеті өткізген «Наурыз – мүшәйра» ақындар сайысының ынталандыру сыйлығын алды. 2007 жылы Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінде бас бәйгені жеңіп алды.

2007 жылы Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінде бас бәйгені жеңіп алды.

Омарова Құралай шығармалары:

Омар, Құралай. Ақ қар [Мәтін] : поэзия / Қ. Омар. - Алматы : Жалын, 2008. - 63 б

Шабыт [Мәтін] : жеңімпаз жас ақын-жазушылардың антологиясы / құраст. Б. Қарағызұлы. - Астана: Астана Бланк Баспа, 2009. - 288 б.

Омар, Құралай. Мендегі үнсіздік [Мәтін] / Қ. Омар. - Алматы: ХанТәңірі, 2014. - 108 б.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Куралай Омар [Электронный ресурс ] : [стихи] : сайт.- Режим доступа : https://akzere.wordpress.com/ (17.02.2019)

Куралай Омар [Электронный ресурс ] : [биография; интервью] : сайт. - Режим доступа :
https://adebiportal.kz/kz/news/view/19054 (17.02.2019)

Куралай Омар [Электронный ресурс ] : [биография ] : сайт. - Режим доступа :

http://ruh.kz/ru/author/omar_kuralai (17.02.2019)

Куралай Омар [Электронный ресурс ] : [ стихи ] : сайт.- Режим доступа :  http://ult.kz/post/kuralay-omar-olenderi (17.02.2019)

Оразалин К.

 Кәмен ОразалинОразалин Кәмен (1920-2008 жж.) – жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Семей облысы (қазіргі Абай облысы), Абай ауданы, Жданов атындағы совхоз болған аумақта, Қылышбек жайлауында дүниеге келген. 

Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен-ақ шайқастарға қатысып, медальдармен және ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Жараланған соң, туған жеріне оралып, Семей педагогикалық институтына түседі. 1947 ж. оқуын аяқтап, Қарауыл ауылының Абай атындағы мектебіне жұмысқа орналасып, сонда отыздан астам жыл еңбек етеді.

Алғашқы кітабы - «Жексен» автобиографиялық повесі (1950). Аталған еңбек ұрыс майданындағы сынақтарды сипаттайды. Жазушы Сталинград шайқасын шығармасына арқау етіп алған. Тың жерді игеруге арналған - «Ақ-жазық» (1959), ұжымдастыру кезеңінен сыр шертетін - «Көктем салқыны» - (1964) романдарының авторы.  

К. Оразалиннің М. Әуезовке арналған «Абайдан соң» роман-трилогиясы барынша танымал. К.  Оразалин М. Әуезовке «Абай жолы» романына материал жинауға көмектескен. Кәмен Оразалин - көптеген өлең, очерк, әңгімелердің авторы.

 

 К. Оразалин шығармалары

Произведения Оразалина К.

 Кітаптар - Книги

 

Оразалин, К. Абайдан соң [Мәтін] : роман / К. Оразалин - Алматы : Жазушы, 1972. - 263 б.

Оразалин, К. Кеңбайтақ [Мәтін] : роман / К. Оразалин. - Алматы : Жалын, 1980. - 232 б.

Оразалин, К. Көктем салқыны [Мәтін] : романдар / К. Оразалин. - Алматы : Жазушы, 1980. - 480 б.

Оразалин, К. Аттаныс [Мәтін] : роман, повесть / К. Оразалин. - Алматы : Жазушы, 1985. - 528 б.

Оразалин, К. Абайдан соң [Мәтін] : роман / К. Оразалин. - Алматы : Жазушы, 1987. - 422 б.

Оразалин, К. Абай ауылына саяхат [Мәтін] : деректі әңгімелер / К. Оразалин - Алматы : Жалын, 1994. - 288 б.

Оразалин, К. Абайдан соң [Мәтін] : роман / К. Оразалин. - Алматы : Ана тілі, 1995. - 584 б.

Оразалин, К. Абайдан соңғы арыстар [Мәтін] : роман / К. Оразалин - Астана : Елорда, 2002.

Оразалин, К. Абайдан соңғы арыстар [Мәтін] : роман. 2- кітап / К. Оразалин. - Астана : Елорда, 2003. - 504 б.

Оразалин, К. Абайдан соңғы арыстар [Мәтін] : роман. 3- кітап/ К. Оразалин. - Астана : Елорда, 2005. - 584 б.

 

К. Оразалиннің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации Оразалина К. в периодических изданиях и сборниках

 

Оразалин, К. Орақбай [Мәтін] :  аңыз әңгiме / К. Оразалин // Пионер.- 1958.- № 2. - 6 б.

Оразалин, К. Ақ жазық [Мәтін] : роман / К. Оразалин. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1959. - 354 б.

Оразалин, К. "Абай ұрпақтары" қолжазба журналы [Мәтін] / К.Оразалин // Қазақстан мектебi. - 1961.- N 9. - Б. 56-59.

Оразалин, К. "Амал жоқ қайттым бiлдiрмей"... [Мәтін] / К. Оразалин ["Өр кезең" атты романнан үзiндi] // Қазақ әдебиетi. - 1964. - 20 март. - Б.4.

Оразалин, К. Шырқау биiктегi ұлы тұлға [Мәтін] : Абайдың өмiрi мен творчествосы туралы /К. Оразалин // Ертiс. - 1965. - 10 август. - Б.2.

Оразалин, К. Абайдан соң[Мәтін] : М.Әуезов туралы романнан тарау / К. Оразалин// Семей таңы.- 1967.- 28, 29 сент. - Б.3.

Оразалин, К. Көктемде [Мәтін] : ["Абайдан соң"романының бiр тарауы] / К. Оразалин  // Семей таңы. - 1969.-27 сент. - Б.4.

Оразалин, К. Абай өлеңдерi [Мәтін] : [М.Әуезов туралы романнан үзiндi] // Соц. Қазақстан.- 1970. - Б. 2.

Оразалин, К.Абай ауылына саяхат [Мәтін] : роман / К. Оразалин. - Алматы: Мектеп, 1976.- 120 б.

Оразалин, К. Ғабиден [Мәтін] : Ғ.Мұстафинге арналған повестен үзiндi / К. Оразалин // Семей таңы.- 1982.- 26-27 нояб.;  2,3,4,7 дек.

Оразалин, К. Атыраудың ақиығы [Мәтін] : [ақын Ә.Сәрсенбаевтың творчествосы туралы] / К. Оразалин  // Семей таңы. - 1985. - 16,17,18 окт. - Б. 2.
Оразалин, К.Өнегелi ортада  [Мәтін] : [Абай ауылында] / К. Оразалин // Қазақстан мектебi.- 1994. - N 2. - Б. 15-17.

Оразалин, К. Шежiрелi Шыңғыстау [Мәтін] / К.Оразалин  // Абай.- 1995.- № 3. - Б. 90-94.

Оразалин, К. Қазының қазасы [Мәтін] : [автордың "Абайдан соңғы арыстар" шығармасынан үзiндi] / К.Оразалин // Абай. - 1997. - N2-3. - Б.183-206.

Оразалин, К.Абайдан соңғы арыстар[Мәтін] :тарихи роман / К. Оразалин// Жұлдыз.- 2000.- № 6. -Б. 56-105.

Оразалин, К. Ғасырдан озған жылдар [Мәтін] : [1853 жылы Найзатаста Құнанбай қажы ашқан мектептiң тарихы] / К.Оразалин // Абай.- 2000.- N 1.- Б. 74-78.

Оразалин, К. Ұстаз өркені [Мәтін] / К.Оразалин // Жалын . - 2010. - № 2. -  Б. 17-21.

Оразалин, К. Абай ауылында [Мәтін] / К.Оразалин // Семей таңы.- 2011. - 16 - 23 тамыз. -  Б. 3.

 

К. Оразалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Оразалина К.

 

Қазақстан жазушылары  [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы: Ан Арыс, 2009. -  Оразалин Кәмен:  б.310.

Қазақ әдебиеті  [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005.- Оразалин Кәмен: б. 415.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] :  энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014.- Оразалин Кәмен: б.593-594

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - Камен Оразалин : б.56-57.

Байқадиұлы, С. Алыптар елінің ақиығы [Мәтін] : [жерлес жазушы К.Оразалиннің сыры...] / С. Байқадиұлы // Дидар. - 1997. - 16 қазан.- Б.2.

Ахметбекова, А. Қаламгер тойы-ел тойы [Мәтін] : [жазушы К.Оразалиннің 80 жылдық мерекесі Қарауылда салтанат құрды ] / А.Ахметбекова // Семей таңы. - 2000. - 21шілде. - Б.11.

Кемелбаева, А. Мұхтардың мұрагері [Мәтін] : К.Оразалин 80 жаста  / А.Кемелбаева // Үш анық. - 2000. - шілде. - Б. 2.

Сәрсенбайқызы Ғ. Қарауылдан шыққан қаламгер [Мәтін] : [«Парасат» орденінің иегері К.Оразалин туралы ] / Ғ.Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2001. - 1қаңтар. -  Б. 5.

Бәшей, К. Өмірі - өнеге, мұрасы - мектеп [Мәтін] / К.Бәшей // Ертіс өңірі. - 2008. -  30 сәуір. - Б.7.

Мұхамеджанов, Ж. Абайдан соңғы тірліктер [Мәтін] / Ж. Мұхамеджанов // Ақиқат. - 2009. - N 3.- Б. 98 - 100.

Жанғалиев, Т.. Менің мұғалімім [Мәтін] : [жазушы К. Оразалин туралы] / Т. Жанғалиев // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 наурыз. - Б.12.

Махметов, С.  Ұстаз [Мәтін] / С. Махметов // Семей таңы. - 2010. - 23 қыркүйек.- Б.3.

Сәрсенбайқызы , Ғ. Туған жер арыстарын жырлап өткен  [Мәтін] : [өнер мұражайында жазушы К. Оразалиннің туғанына 90 жыл толуына орай мәдени шара өткізілді] / Ғ. Сәрсенбайқызы  // Дидар. - 2010. - 18 маусым. - Б.1.

Жарылғап, М. Абай елінің азаматтары [Мәтін] : [Шыңғыстау өңірінің шежірелі қарттары жайлы] / М. Жарылғап // Ертіс өңірі. - 2013. - 25 желтоқсан. - Б.10-11.

Амантайқызы, С. Майдангер жазушы [Мәтін] : [жазушы, мұхтартанушы К. Оразалин туралы.] / С. Амантайқызы // Ертіс өңірі. - 2015. - 30 қыркүйек. - Б.13.

Иманғали, М.  "Абай ұрпақтары" қолжазба журналы қалай шықты? [Мәтін] : [1939 жылдан бері шығып келе жатқан әдеби -көркем қолжазба журналының әр саны тарихтан сыр шертеді.] / М. Иманғали  // Дидар. - 2015. - 3 сәуір. - Б.19.

Оразалин, Е. Ұлы Мұқаңның соңғы хаттары әкеме арналыпты [Мәтін] : [хлық жазушысы К. Оразалин туралы] / Е. Оразалин ; сұхбат. М. Иманғали  // Дидар. - 2015. - 2 наурыз.  - Б 5.

Иманғали, М. "Абай ұрпақтары" қолжазба журналы қалай шықты? [Мәтін] : [1939 жылдан бері шығып келе жатқан әдеби -көркем қолжазба журналының әр саны тарихтан сыр шертеді.] / М. Иманғали // Дидар. - 2015. - 3 сәуір.- Б.19.

Ғалымов, Е. "Жексен" повесіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбы [Мәтін] / Е. Ғалымов // Абай. - 2015. - № 3.- Б.49-53

Амантайқызы, С. Майдангер жазушы [Мәтін] / С. Амантайқызы // Семей таңы . - 2015. - 18 тамыз.- Б.6

Әнуарбекқызы, Б. Кәмен оқулары мәресіне жетті [мәтін] / Б. Әнуарбекқызы // Семей таңы . - 2016. - 7 маусым.- Б.5

Қасым, А. Жазушы тұрған үй музейге айнала ма? [Мәтін] / А. Қасым // Ертіс өңірі. - 2019. - 3 шілде.- Б.9.

Лепесова, А. Тағылым мен тағзым кезеңі [Мәтін] / А. Лепесова // Түркістан. - 2020. - 9 қаңтар.- Б.4

Балтақайұлы, М. Ұлыларды ұлықтаған ұстаз [Мәтін] : [Жазушы Кәмен Оразалиннің туғанына 100 жыл.] / М. Балтақайұлы // Дидар. - 2020. - 21 мамыр.- Б.17.; 28 мамыр.- Б.14.

 

***

 

Алексеев, Н.Е Писателю Камену Оразалину - 50 лет[Текст] / Н.Е Алексеев // Иртыш. - 1970. - 22 июля. - С.2.

Нуршаихов, А. Солдат, учитель, писатель[Текст] / А.Нуршаихов // Иртыш. - 1980. - 10 июля. - С. 4.

Молдашева, Р. Новые книги земляка[Текст] / Р.Молдашева // Иртыш. - 1987. - 3 июня.- С.3.

Досанов, С. Талант виден издалека[Текст] :К 70-летию Камена Оразалина / С.Досанов // Иртыш. - 1990. - 21 июня. - С.2.

Куандыкова ,А. Казахи в России[Текст] /А.Куандыкова // Exclusive. -2002. - N 4 (июль). - С. 30-31.

Часнык, Л. Три музы Камена Оразалина [Текст] : [К. Оразалин удостоин ордена "Парасат"] / Л.Часнык // Рудный Алтай. - 2001. - 18 янв. -  С. 2.

Баймагамбетова ,Л. Летописец казахской степи [Текст] : [к 90-летию со дня рождения писателя К.Оразалина] / Л. Баймагамбетова // Вести Семей. - 2010. - 22 июля. -  С. 3.

Коксегенова, А. Наследие Камена Оразалина [Текст] : [о вечере воспоминаний писателя-мухтароведа, Заслуженного учителя Каз ССР Камена Оразалина] / А. Коксегенова // Рудный Алтай. - 2010. - 17 июня. -  С. 2.

Титова, С. Два крыла Камена [Текст] : [к 90-летию со дня рождения писателя Камена Оразалина] / С. Титова // Заря Востока. - 2010. - 10 нояб. -  С. 3.

Памяти писателя [Текст] : [о писателе К. Оразалине] // Рудный Алтай. - 2010. - 5 ноября. -  С. 3.

Титова, С. Участник войны, педагог и писатель Камен Оразалин [Текст] / С. Титова // Мәдениет жаршысы  / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2010. - N 10. - С. 9-10.

Титова, С. Фронтовик, педагог и писатель [Текст] : [о писателе К. Оразалине] / С. Титова // Семь дней. - 2010. - 28 окт. -  С. 4.

 

 

Оралхан Айбек

Оралхан Айбек

Оралхан Айбек Тілеубекұлы (1988 ж. т.) – ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Журналистер одағы мен Жазушылар одағының мүшесі.

1988 жылы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысыКатонқарағай ауданы, Белқарағай ауылында (бұрынғы Медведка ауылы) дүниеге келген.

1995-2003 жылдары Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебінде оқыды. 9-сыныптан бастап Өскеменде дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында оқуын жалғастырады. Мұнда Айбек Оралхан КСРО мен Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Битибаеваның жетекшілігімен әдебиетті тереңдетіп оқып, авторлық сыныпта оқыды. Серік Ғабдуллин бастаған «Шабыт» жас ақындар мектебінің белсенді мүшесі болды.

Орта мектепті бітіргеннен кейін 2006-2009 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған.

2006-2008 жылдары «Мәдениет жаршысы» журналында, сондай-ақ белгілі жазушылар С.  Ғабдуллин, М. Құмарбеков және С. Байхановтың бастамасымен құрылған Шығыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнерді қолдау қоры Өскеменде шығарған «Ақ Ертіс» әдеби журналында жұмыс істеді.

2009-2013 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, ЖОО-ны «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдады.

А. Оралхан «31-арна Өскемен» телеарнасында диктор, авторлық бағдарлама жүргізушісі, «Ирбис» Павлодар қалалық телеранасында коррекпондент, «Халық радиосы» радиостанциясында радиожүргізуші, Павлодар облысындағы белді әдеби басылым «NAIZATAS» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы болды. «Алты аңғар» поэзиялық жинағы 2020 жылы жарық көрді. 2022 жылы К.Луниннен аудармалары «Жаса, Қазақстан» кітабында басылды.

2020 жылы Айбек Оралханның «Алтын аңғар» атты поэтикалық жинағы жарық көрді. Сондай-ақ, ол Акбар Гошалы («Тұранның бір түп жусаны»), Наталья Харлампеева («Саханың сандал садағы»), Виктор Семерьянов, Низами Тагисой, Константин Лунин («Жаса, Қазақстан»), Павел Васильевтің топтама өлеңдерін   қазақ тіліне аударды.

Айбек Тілеубекұлының белсенді шығармашылық қызметі көптеген жоғары жетістіктерімен, соның ішінде оның поэзия мен көркем оқудағы шеберлігін көрсететін беделді ұлттық байқаулар мен фестивальдардағы жеңістерімен ерекшеленді.

2022 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Айбек Оралхан «Шаңырақ» Павлодар облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы басшысының орынбасары болып табылады.



А. Т. Оралханның  шығармалары
Произведения Оралхана А. Т.
Кітаптар – Книги
Оралхан, Айбек. Алты аңғар / А. Оралхан. - Павлодар : ЖК Сытин А.А., 2020. - 182 б.
А. Оралханның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Оралхана А. Т. в периодических изданиях и сборниках
Оралхан, Айбек. Бақыттың бесігінде тербетіліп, Бағытын болашаққа бұрған қала  : (Қала күні) // Сарыарқа самалы. – 2014. - 13 қыркүйек. - Б. 20
Оралхан, Айбек. Тәрбие деген тәңір бар"  : ("Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің кітапханасында педагог-ғалым Мұхтар Арынның "Бес анық" шығармасы негізінде әзірлеген моноспектакль қойылды). // Сарыарқа самалы. – 2015. - 6 тамыз. - Б. 11
Оралхан, Айбек. Ертіс әуендері" жастар жыр жинағына жасалған сыни жорық // Найзатас. – 2016. - № 6. - Б. 140-170
Оралхан, Айбек. Жүз долларға жазылған жыр  : (Үзінді). // Сарыарқа самалы. – 2017. - 19 тамыз. - Б. 6
Оралхан, Айбек. Бағдарлама - іргелі жобалардың бастауы болды" : [Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы А.Т. Райымбековпен сұхбат] // Найзатас. – 2018. - № 2. - ақпан. - Б. 41-55
Оралхан, Айбек. Мөлдір муза"  : ["Мөлдір муза" жас қаламгерлер клубы ] // Сарыарқа самалы. – 2018. - 1 наурыз. - Б. 16
Оралхан, Айбек. Сұлтанмахмұт сүйген Бағила сұлу  : [Жасын мінезді ақын, жалынды публицист, ағартушы, Абайдан кейінгі сөз сүлейлерінің сұлтаны көсемсөздегі көреген қаламгер - сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы туралы]. // Найзатас. – 2018. - № 5. - Б. 127-134
Оралхан, Айбек. Алаштың Ардағы" мүшәйрасы : Ертіс-Баян өңірі  ақындары арасында Павлодар өңірінің өнері мен руханиятының дамуына сүбелі үлес қосқан Павлодар облысы мәдениет, архивтер құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Тәттімбекұлы Райымбековті еске алуға  рухына арналған "Алаштың Ардағы" атты облыстық мүшәйра өткізілді) // Naizatas. – 2019. - № 2 (45). -  Б. 169 - 173
Оралхан, Айбек. Сейділдә қажы Түйтебекұылының зиратына зиярат  : [Теренкөл ауданы Жаңа-құрылыс ауылдық аймағында орналасқан дін насихатшысы, әулие Сейділдә Түйтебекұылының зиратына зиярат]. // Naizatas. – 2019. - № 4 (47). - Б. 15
Оралхан, Айбек. Біздің ақындар елорданы жырға бөледі  : (Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Eurasian Book Fair-2019" IV Еуразиялық халықарлық кітап көрме-жәрмеңкесінде жерлес жас қаламгерлердің жыр жинақтары таныстырылды) // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 4 мамыр. - Б. 12
Оралхан, Айбек. Тегеурінді қаламгер  : [журналист Жанат Тұрғанбекұлы туралы].// Найзатас. – 2019.- № 6. - Б. 74 - 89
Оралхан, Айбек. Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз : // Егемен Қазақстан. - 2020. - 1 мамыр. - Б. 11
Оралхан, Айбек. "Кереку жырлары" жарық көрді : (Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медалінің иегері Арман Қанидің кезекті жыр жинағы жарық көрді) // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 31 желтоқсан. - Б. 20
Оралхан, Айбек. Жазылмаған естелік  : (Тұрсын рухының монологы) // Naizatas. – 2021. - № 4. - 135 - Б. 138
Оралхан, Айбек. Қайсар азамат : желтоқсаншы Амангелді Нүкенов туралы // Найзатас. - 2021. - № 6. - Б. 147-163
Оралхан, Айбек. Тағдырлы ақынның тағдырлары : ақын Арман Қанидың "Тағдырлар" жинағына рецензия // Найзатас. - 2022. - № 4. - Б. 34-43
Оралхан, Айбек. Ағайыншылдық академиясының әліппесі : [қаламгер Зекебай Солтанбайұлының "Наз" кітабына рецензия] / А. Оралхан. // Найзатас. - 2022. - № 6
Оралхан, Айбек. «Ертіс әуендері» жастар жыр жинағына жасалған сыни жорық // Кітап & Кітапхана. – 2023. - № 2 (26). - Б. 34-37
Оралхан, Айбек. ..деген екен. Ертіс-Баян өңірі қаламгерлерінің қалжыңдары // Найзатас. - 2023. - № 3. - Б. 161-169
Оралхан, Айбек. Сұлтанмахмұт және Бағила сұлу : [С.Торайғыровтың Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында болған кездері туралы] // Үркер. - 2023. - № 5. - Б. 14-19
Оралхан, Айбек. Жүрегі тілім-тілім жыр жампозы : [Белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медалінің иегері Арман Қанидың "Тағдырлар" жинағы жайлы] / А. Оралхан // URKER. – 2023. - № 5. - Б. 32-39
А. Т. Оралханның өлеңдері
Стихи Оралхана А. Т.
Оралхан, Айбек. Ел үшін мына өмірім!  : (Өлеңдер) // Найзатас. – 2014. - №5. - Б. 72-85
Оралхан, Айбек. Ару қала, сені сүймеу - ар маған  : (Поэзия) // Сарыарқа самалы. – 2016. - 3 қараша. - Б. 11
Оралхан, Айбек. Жырдан алау жағамын деп...  : (Поэзия). // Naizatas. – 2020. - №5. - 115 - 132 б.
Оралхан, Айбек. Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз  : [Ұлы Абайдың 175 жылдығы]. // EGEMEN QAZAQSTAN. – 2020. - 1 мамыр. - Б. 11
Оралхан, Айбек.  Жарыма  : (Өлең) // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 6 наурыз. - Б. 12
Оралқанов, Айбек. Биіктік : (поэзия) // Shekarashy. – 2021. № 6. – Б. 71
Оралхан, Айбек. Абай тойына арнау  : (Поэзия) // SARYARQA SAMALY. – 2022. - 16 тамыз. - Б. 8
Оралхан, Айбек. Мұнар таудың басындай мұңым жатыр, Ұлартаудың тасындай үгілмеген...  : [өлеңдер] / А. Оралхан // Ұркер. – 2023. - № 6. - Б. 15–20
Оралхан, Айбек. Жырдан алау жағамын деп... : [өлеңдер] / А. Оралхан // Aq jelken. – 2024. - № 2. - Б. 55-57
А. Т. Оралқан туралы әдебиет
Литература об Оралхане А.
Мақалалар - Статьи
Хашымқызы, Қарлығаш. Ақынын ардақтаған ел  : (Талдықорған қаласында Тұманбай Молдағалиевке арналған "Жүрегі жырдан жаралған" атты республикалық жазба ақындар байқауында жерлесіміз бірінші орынды қанжығалады) / Қ. Хашымқызы // Сарыарқа самалы. – 2016. - 22 қазан. - Б. 6
Хонж, Алпысбай. Жылылық ізде жырымынан" : (Ертіс-Баян өңірінің ысытық ықыласына бөленіп жүрген ақын, аудармашы, облысытық "Найзатас" әдеби-көркем, қоғамдық саяси журналының жауапты хатшысы Айбек Оралхан жуырда, С.Торайғыров атындағы облысытық кітапханада "Жылылық ізде жырымнан" атты шығармашылық кездесу өткізді) // Сарыарқа самалы. – 2019. - 21 ақпан. - Б. 6
Хонж, Алпысбай. Әдебиетте шекара жоқ : (Павлодардағы №16 мектеп-лицейінде ерекше әдеби шара өтті. "Уақытқа сыр ашу" деген атпен ұйыдастырлған жыр кешінде павлодарлық ақын Константин Лунин мен жас дарын, ақын, журналист Айбек Оралхан өлеңсүйер қауыммен жүздесіп, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды) / А. Хонж // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 12 наурыз. - Б. 8
Амантайұлы, Жарқынбек. "Алты аңғардан" аңғарғаным  : (ақын, "Naizatas" әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы Айбек Орлаханның "Алты аңғар" атты тұңғыш жинағына жазылған ой-пікір) // Naizatas. – 2020. - № 5. - Б. 112-114
Қайдар, Рауан. Бір күнде үш ақынның кітабы жарық көрді  : (Павлодар облысыныда үш бірдей ақынның кітабы жарық көрді) / Р. Қайдар// EGEMEN QAZAQSTAN. – 2020. - 27 тамыз. - Б. 11
Сахаба, Тілеуберді. Үш ақынның "тұнғышы"  : (Ертіс-Баян өңірінің әдеби кеңістігі бірден үш туындымен толықты) / Т. Сахаба// SARYARQA SAMALY. – 2020. - 3 қырқүйек. - Б. 21
Сахаба, Тілеуберді.  Үш туындының тұсауы кесілді  : (Жуырда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жергілікті  ақын-жазушылардың үш бірдей кітабының тұсаукесері өтті) / Т. Сахаба // SARYARQA SAMALY. – 2020. - 24 қырқүйек. - Б. 24
Баянбекқызы, М. Автормен кездесу өтті  : (Оқушылар сарайында «Табысқа апарар жол» жобасы аясында «Досиктің дәуірлерге саяхат: Ежелгі Павлодар туралы» ертегі кітабының авторларымен кездесу өтті ) / М. Баянбекқызы // SARYARQA SAMALY. – 2023. - 14 ақпан. - Б. 7
Таженова, Марал. Сказка о древнем Павлодаре  : [о краеведческом проекте Павлодарской ОУНБ им. С.Торайгырова "Путешествие Досика во времени. Сказка о древнем Павлодаре"]. // Кітап & Кітапхана. – 2023. - № 2 (26). - Б. 34-37
Қадырова, Жанаргүл. Өлеңім - өмірімнің айнасы : (Таяуда Екібастұз қаласында С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың "Кітап және қаламгер" жобасы шеңберінде "Өнер" қалалық мәдениет сарайында "Өлеңім - өмірімнің айнасы" атты әдеби кеш өтті). // Отарқа. – 2023. - 16 қараша. - Б. 6
**** 
Шаяхметов, Алишер. В числе лучших  : [журналист А. Оралхан стал номинантом первого республиканского конкурса "Әскери-Медиа-2017"] / А. Шаяхметов// Звезда Прииртышья. – 2017. - 21 ноября. - С. 2
Бескорсая, Екатерина. Первое искусство - искусство слова  : [о творчестве поэта Айбека Оралхана] / Е. Бескорсая // Казахстанская правда. – 2019. - 29 марта. - С. 8 
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы 
Оралхан Айбек. Ұлы Абайды Ұлықтаған ұстаз // https://abaialemi.kz: [сайт]. - URL: https://abaialemi.kz/ru/post/view?id=1480 (дата обращения 14.05.2024)
Лунин К.  Домбра // https://stihi.ru: [сайт]. – URL: https://stihi.ru/2024/04/03/2861 (дата обращения 14.05.2024)
 
 
 
 
 

Оразалинов С. Ш.

Оразалинов Сұлтан

Оразалинов Сұлтан Шәріпұлы (1941 - 2021 жж.) – жазушы, сыншы, әдебиеттанушы, аудармашы, теледраматург, КазССР-дың еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

 

Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Аягөз қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1958 ж. Абай аудандық газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. С. М.Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін аяқтаған соң, редактор, Қазақ радио және телеарнасында аға редактор, Қазақ телеарнасының күнделікті әдеби-драмалық бағдарламалар редакциясының бас редакторы, «Өнер» баспасының директоры (Алматы қ.) қызметтерін атқарған.    

«Шындық және көркемдік шешім» монографиясы, «Отырар ойраны», «Үйлену», «Ақынның өлімі», «Қашқын» т. б. телеарналық пьесалардың, қазақ зиялылары, соның ішінде қоғам қайраткері әрі сенатор Ә. Кекілбаев туралы деректі фильмдер циклінің авторы (2007).  

В. Еременконың «Дождаться утра» повестер жинағын, А. Хакимовтың «Куш теряк», «Лихие времена» шығармаларын қазақ тіліне аударған.

 

2021 жылы 22 тамызда дүниеден өтті.  

С. Оразалинов (С. Оразалы) шығармалары

Произведения С. Оразалинова

 

Кітаптар - Книги

 

Оразалинов, С. Шындық және көркемдiк шешiм [Мәтін] / С.Оразалинов.- Алматы: Жазушы, 1977. - 200 б.

Оразалинов, С.  Абай елі=На земле Абая=On the Land of Abaі [Мәтін] : альбом-шежіре / С.Оразалинов. - Алматы : Өнер, 1994. - 277 б.

Оразалинов, С. Тіл тағдыры-ел тағдыры=Без языка нет народа [Мәтін] / С.Оразалинов. - Алматы : Қаржы-Қаражат, 1997. - 272 с.

Оразалинов, С. Авторды қорғау - руханиятты қолдау=Право на право [Мәтін] / С.Оразалинов. - Алматы: Жетi жарғы, 2000. - 160 б.

Оразалинов, С. Жүректiң көзi ашылса [Мәтін] :  монография  / С.Оразалинов. - Алматы: Өнер, 2001.- 784 б.

Оразалинов, С.Тұлға[Мәтін] : ой-толғамдар / С.Оразалы.- Алматы, 2004.- 410 б.

Оразалинов, С. Жүректiң көзi ашылса [Мәтін] : Ғ.Мұстафин туралы естелiктер.- Алматы : Бiлiм, 2007. - 179 б.

Оразалы, С. Шығармалар жинағы [Мәтін] : үш томдық. Т. 1 : Тас бұлақтың суындай : әдебиет туралы ойлар, монография, мақалалар  / С.Оразалы . - Алматы : Таймас, 2011. -  400 б.

Оразалы, С. Шығармалар жинағы [Мәтін] : үш томдық. Т. 2 : Өркениет мәйегі : тіл туралы толғаныстар / С.Оразалы. - Алматы : Таймас, 2011. - 400 б.

Оразалы, С. Шығармалары [Мәтін]. Т. 3 : Өмір айнасы : телевизия туралы толғаныстар / С.Оразалы. - Астана : Фолиант, 2011. - 560 б.

 

С. Оразалиновтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации С. Оразалинова в периодических изданиях и сборниках

 

Оразалинов, С."Асау арна" романындағы сюжет пен характер[Мәтін] : Ғ.Слановтың "Асау арна" романы туралы / С. Оразалинов // Семей таңы.- 1970. - 20 нояб.

Оразалинов, С. Қаламгер жолы [Мәтін] : Ғ.Слановтың туғанына 60 жыл / С. Оразалинов // Соц. Қазақстан.- 1971. - 26 дек. - Б.3.

Оразалинов, С. Телепьесаның кейбiр ерекшелiктерi [Мәтін] / С. Оразалинов // Қазақ әдебиетi.- 1971. - 29 янв.

Оразалинов, С. Кең тынысты, кесек туынды қаламгер [Мәтін]  : [Ғ. Мүсiреповтың "Жат қолында" романы туралы]  / С. Оразалинов // Уақыт және қаламгер. - Алматы, 1986. - Б. 40-49.

Оразалинов, С.Сарабдал жазушы [Мәтін] : [жазушы Ғ.Мұстафин туралы] / С. Оразалинов // Қазақ әдебиетi. - 1992. - 16 қазан. - Б. 4-5.

Оразалинов, С, Тілімнің тауқыметі тоғыз батпан [Мәтін] : [тіл саясаты туралы] / С. Оразалинов // Саясат (Политика). - 1996. - №6.- Б.23-34.

Оразалинов, С. Халық тiлi оның жан-дүниесiнiң айнасы [Мәтін] : [тiл жағдайы туралы сұхбат; әңгімелескен  Е.Бекболатова] /С.Оразалинов  // Егемен Қазақстан.- 1996. - 19 қараша. - Б. 3.

Оразалинов, С. "Қазақ тiлiн меңгеру-қазақстандық патриотизмнiң құрамдас бөлiгi" [Мәтін] : мемлекеттiк тiл мәртебесiн көтеру жайлы / С. Оразалинов // Қазақ әдебиетi. - 1997. - 12 тамыз. - Б. 4-5.  

Оразалинов, С. Автор құқы аяққа тапталмайды [Мәтін] / С.Оразалинов // Қазақ әдебиеті. - 1999. – 4 маусым. - Б.10.

Оразалинов, С. Жақсылықты жақсылық табар iздеп... [Мәтін] :  [автордың "Тiл тағдыры - ел тағдыры" кiтабы туралы] / С. Оразалинов // Түркiстан.- 1999. - 3 ақпан. - Б. 3.

Оразалинов, С. Алыптар тобының соңғы сардары  [Мәтін] :[жазушы Ғ.Мүсiреповтiң туғанына 100 жыл толуына орай] / С. Оразалинов // Егемен Қазақстан. - 2002.- 15 наурыз. - Б. 3-4.

Оразалинов, С. Берекелi болса ел [Мәтін] : [Қазақстанды жайлаған бөгде дiндердiң агрессиялық әрекеттерi жайында] / С. Оразалинов // Егемен Қазақстан. - 2002. - 19 қараша. - Б. 2.

Оразалинов, С. Телеэкран - тiршiлiк айнасы [Мәтін] / С. Оразалинов // Егемен Қазақстан. - 2002. - 15 ақпан. - Б. 8.

Оразалинов, С.Телеэкран және саясат [Мәтін] // С.Оразалинов// Егемен Қазақстан.- 2002.- 20 наурыз. -Б. 4.

Оразалинов, С. Ақпарат айдынындағы құқықтық тәрбиенiң ықпалы неге әлсiз? [Мәтін]  / С. Оразалинов // Заң газетi.- 2003.- 30 шiлде. - Б. 1-2.

Оразалинов,  С. Құқықтық мәдениеттi қалыптастыру [Мәтін] / С. Оразалинов // Заң. - 2003. - N 5. - Б. 28-34.

Оразалинов, С. "Тiл туралы" заңды қолдан тұншықтырып алмайық [Мәтін]  / С. Оразалинов // Заң газетi.- 2003. - 22 қазан. - Б.1-2.

Оразалинов,С. Тіл туралы заңды қолдан тұншықтырмайық [Мәтін] / С.Оразалинов // Ана тілі. - 2003. -  4 желтоқсан. - Б.6.

Оразалинов, С. Қазiргi кезеңдегi тiл саясаты және мемлекеттiк тiлдi мемлекеттiк органдарға енгiзу проблемалары  [Мәтін] / С. Оразалинов // Тiл және қоғам. - 2004 - №1. - Б.16-29.

Оразалинов, С. Құқықтық насихатқа құлшыныс – қажеттiлiк [Мәтін] / С. Оразалинов // Егемен Қазақстан. - 2005. - 7 қаңтар. - Б. 5.

Оразалинов, С. Толағай [Мәтін] / С. Оразалинов // Егемен Қазақстан. - 2005. -  28 желтоқсан.- Б.9.

Оразалинов, С. "Бабалар кең даланы әдет - ғұрып заңдарымен ұстаған..." [Мәтін] / С. Оразалинов // Тағдыр - таразы. - 2010. - № 5. - Б. 8-11.

Оразалинов, С. Қап тауынан босқандар... [Мәтін] / С.Оразалинов // Түркістан . - 2012. - 29 наурыз. -Б.7.

 

***

Оразалинов, С. Этично и корректно устранять перекосы в языковой политике [Текст] : На перекрестке мнений / С.Оразалинов // Советы Казахстана. - 1994. -  30 авг.

Оразалинов, С. В духовном единстве и братстве [Текст] : о некоторых итогах Дней славянской письменности и культуры на земле Казахстана / С.Оразалинов // Казахстанская правда. - 1995. -  6 июня. -  С.6.

Оразалинов, С. Дело благородное и всеобщее [Текст] : [о главных направлениях единой государственной языковой политки] / С.Оразалинов // Мысль. - 1995. - №5. -  С. 50-53.

Оразалинов С. Язык народа - зеркало его души [Текст] / С.Оразалинов // Казахстанская правда. - 1996. - 19нояб. -  С. 2.

Оразалинов, С. Возродить государственный язык, не ущемляя никакой другой [Текст] : Европейская общественность одобряет проводимую в Казахстане единую государственную национальную и языковую политику / С.Оразалинов // Казахстанская правда. - 1997. - 21янв. -  С.2.

Оразалинов, С. Язык-духовная сила и богатство народа [Текст] / С.Оразалинов // Казахстанская правда. - 1997. - 23 август.

 

С. Оразалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве С. Оразалинова

 

Қазақстан жазушылары  [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы: Ан Арыс, 2009. -  Оразалинов Сұлтан:  б.311.

Қазақ әдебиеті  [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005.- Оразалинов Сұлтан Шәріпұлы: б. 416.

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека им. Абая. - Семипалатинск : Талант2006. -  Султан Оразалинов: с. 58.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] :  энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. - Оразалинов Сұлтан: б. 594. 

 

***

Тілегенов, Б. Ақын елі, ақын жері [Мәтін] :   С.Оразалиновтың «Абай елі» атты кітабы жайлы / Б.Тілегенов // Халық Кеңесі. - 1995. - 1 наурыз. - Б.2.

Владимиров, В. Замандас туралы сөз // Жұлдыз. - 2001. - №5. - Б. 143-147.

Қирабаев, С. Телесынның Сұлтаны [Мәтін] / С.Қирабаев // Қазақ әдебиеті. - 2001. -  27 сәуір. - Б.7-8.

Нұрғали, Р. Қос қасиет [Мәтін] / Р. Нұрғали // Егемен Қазақстан. - 2001. -  28 сәуір. - Б.6.

Досжан, Д. Дос [Мәтін] / Д. Досжан // Егемен Қазақстан. - 2005. -  27 шілде. - Б.10.

Нұрпейісов, М. Отан үшін от кешкен аягөздіктер [Мәтін] / М. Нұрпейісов // Аягөз жаңалықтары. - 2009. - 2 мамыр. - Б. 4.

Байсалбай, Т.  Бағаланбаған ерлік [Мәтін] : [Матросовтың ерлігін қайталаған жерлесіміз С. Оразалинов жайлы] / С. Байсалбай // Аягөз жаңалықтары. - 2010. - 15 мамыр. - Б.1, 3.

Алпысбаев, Қ. Көп қырлы талант : жазушы Сұлтан Оразалин шығармашылығы / Қ. Алпысбаев. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 25 тамыз. - Б. 3.

Қазанама : жазушы Сұлтан Шәріпұлы Оразалының қайтыс болуына байланысты қазанама. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 25 тамыз. - Б. 3.

 

***

Кембаева, А. Юбилей корифея журналистики [Текст] / А.Кембаева // Казахстанская правда. - 2011. - 26 апреля. -  С. 4.

Жагипаров, С. Закрыл грудью амбразуру дзота [Текст] / С.Жагипаров // Казахстанская правда. - 2013. - 5 апреля. - С.2.

Иржанов, М. Аудитория имени тележурналиста [Текст] / М.Иржанов // Казахстанская правда. - 2015. - 29 декабря. -  С. 8

Жолдыбай, К. Личность и время [Текст] / К.Жолдыбай // Казахстанская правда. - 2016. - 28 апреля. -  С. 10.

Өскенбаев Х.

Өскенбаев Халиолла Құнанбайұлы (1848-1870) – ақын, әдебиетші

Халиолла Құнанбайұлы 1848 жылы туған. Әкесі Құнанбай төрт әйел алған. Үлкен әйелі – қыздай алған Күңкеден Құдайберді туады. Екінші әйелі – Ұлжаннан туған балалары: Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі – Айғыздан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. Төртінші әйелі – Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.

Құнанбай екі баласына үлкен үміт артқан. Халиолланы жастайы-нан орыс оқуына берсе, Абайды мұсылманша оқытады. Балаларын өз атына жаздырғанмен, Халиолла мен немересі Әбдірахманды әкесі Өскенбайдың атына жаздырды. «Халиолла Өскенбаев» деп жаздырғаны туралы куәлік қағаз (свидетельство) мұрағаттарда сақталған. Халиолланы ағайын- туысы – Халел деп атаса, оның аты-жөні орыс басылымдары мен архив деректерінде «Халиулла Ускенбаев» деп кездеседі.      

 Жасында Халиолла Құнанбайдың барлық балалары сияқты ауыл молдасы Ғабитханнан дәріс алып, мұсылманша хат таниды. Кейіннен Семейдегі Камалиден хазіреттің медресесінде үш жыл оқып, оған қоса өзі ынта қойып, орысша сауатын ашады.

Әрхам: «Халиолла сабырлы, көп сөйлемейтін, тұйық болады. Абай Ысқақтан Халиолла артық, ойлы ақылды, дана адам болар деп үміт артады» дейді.

Халиолла 11- 12 жасында кадет корпусына түссе, онда 7 жыл оқып, 1867 жыл бітіріп шығады. Сол жылы Москваның Павлов атындағы әскери училищесіне түсті. Халиолла бір жыл ауылда, бір жыл Омбыдаәскери қызмет атқарады. Құнанбайдың талантты ұлы 1870 жылы аққан жұлдыздай, небәрі 22 жыл ғана өмір сүріп, аурудан қайтыс болады. Сүйегі «Сары қатын» қыстауына жерленеді.

Семей өңірінде алғашқы адамдардың қатарында әскери шенге ие болған ол жат жерде тек білім алумен ғана шектелмей, қазақ халқының фольклор үлгілерін жинайды. Оларды И.Березин, Н.Костылецкий, Н.Максимов сынды орыстың шығыстанушы ғалымдарына жолдап, өзі де қазақ халқы ауыз әдебиетінің кейбір нұсқаларын орыс тіліне аударады. Жазғандары «Дала уәлаяты», «Сибирский вестник», «Московская иллюстративная газета», «Природа и люди» басылымдарында жарық көріп отырады.
Халиолла Өскенбаевтың ғұмыры мен шығармашылығы жайлы ғалымдар мен жазушылар өз пікірлерін қалдырған.

Әлкей Марғұлан – Халиолланың өмірі мен рухани мұрасын зерттеуге ден қойған алғашқы ғалым. Халиолла жайында әр уақыттарда Г.Потанин, Н.Максимов, И.Березин, Н.Костылецкий атты орыс ғалымдары мен М.Әуезов, С.Мұқанов, Ұ.Сұбханбердина, А.Сағди, М.Бейсенбаев, Т.Жұртбай, Т.Әлімқұлов сынды қазақ жазушылары мен ғалым-зерттеушілер, Кәкітай, Әрхам Ысқақовтар, Ахат Құдайбердиев, Тұрағұл атты Ырғызбай ұрпақтары да жазды.

Жасы отызға жетпей дүниеден озған Халиолла жайында 1896 жылы орыс зерттеушісі Н.Потанин «Ең соңғы қазақ ханзадасының киіз үйінде» (Шығыс сұлтанның үйінде) деген еңбегінде («Русское богатство» журналы. 1896, №8) Халиолланың асқан білімдарлығымен қоса, сол білгенін өз еліне үйретіп, басқа жұрттың әдебиетін қазақ жұртына насихаттап, таныстырудағы еңбегін ерекше баяндайды. Халиолла Тургеневтің, Лермонтовтың, Толстойдың шағармаларын еркін аударып, көппен бөліскен. Өкініштісі, Халиолланың аударма мұрасы сақталмаған

Ә.Марғұлан «Московская иллюс­тративная газета» басылымының 1892 жылғы №274 санында жарияланған Халиолланың «Қазақ аңызы» деген мақаласын алғаш ғылыми айналымға енгізеді. Бұл – Х.Өскенбаевтың баспасөз бетіне шыққан бізге белгілі жалғыз еңбегі. Қысқа мақалада Темучинді Шыңғыс тауындағы Хан биігіне Майқы би бастатқан билер ақ кигізге отырғызып, хан көтергендігі туралы тарихи шындық баяндалған.
Замандастарының, әсіресе, Г.Потаниннің сипаттауында Халел әскери іспен қатар көркем әдебиетті де жақсы меңгереді.

Әрхамның естелігі бойынша Халиолла дүниеден өткенде оның сүйегімен қоса Омбыдан екі сандық қоса келіпті. Артында қалған дүниесін іні-бауырлары бөліскен кезде, Абай бірден кітаптар мен қолжазбаларға толы сандықты қалап алыпты. Бойындағы таланты ашылып үлгермей кеткен Халиолла бір сандық кітаппен бірге Абайдың санасына орыс әдебиетінің сәулесін құйып, рухани дүниесін байытып, тынысын кеңейтті.

Халиолла Өскенбаевтың өмірі мен әдеби мұрасы әлі де зерттеуді талап етеді. Семейлік Ә. Медеуханұы, А. Мұхаметқалиқызының зерттеулері оқырманның таным көкжиегін кеңейтіп, Халиолла өмірінен біраз сыр ұқтырары анық.

Х. Өскенбаев туралы

О Х. Ускенбаеве

Марғұлан, Ә. Абайдың інісі Халиуллаға жазылған үш хат [Мәтін] /Ә. Марғұлан. Шығармалары. Т.ХІV. - Б.291-299.

Медеуханұлы Ә. Халиолла Өскенбаев [Мәтін] //Ә. Медеуханұлы. Абай аманаты (пьесалар. Ғылыми –танымдық мақалалар . – Семей.- Анастасия, 2014. - Б.154-164.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Өскенбаев Халиолла туралы мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар

Статьи на страницах периодической печати о Халиулле Оскенбаеве

 

Медеуханұлы Ә. Құнанбайдың баласы Халиолла [Мәтін] : [Ұлы Абайдың талантты інісі Халиолла Өскенбаев туралы] / Ә. Медеуханұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 18 мамыр.- Б.11.

Медеуханұлы Ә. Құнанбайдың ұлы Халиолла [Мәтін] / Медеуханұлы Ә. // Егемен Қазақстан. - 2011. - 27 шілде (№ 325/328). - 8

Медеуханұлы, Ә. Соңына өлмес мұра қалдырған Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы жайында бір үзік сыр. [Мәтін] / Ә. Медеуханұлы // Дидар. - 2012. - 30 наурыз. - Б. 22.

Медеуханұлы Ә. Халиолла Өскенбаев [Мәтін] / Ә. Медеуханұлы // Абай. - 2012. - №1-4.- б.110-114

Мұхамедова М. Халиолла Өскенбаев оқыған Омбының кадет корпусы (архив деректері ізімен) [Мәтін] / М. Мұхамедова // Керуен. - 2014. - №6.- Б.140-149.

Рахымбекқызы, Т. Әдеби кеш арқауы - Халиолла өмірі [Мәтін] / Т Рахымбекқызы // Абай елі. - 2014. - 16 - 23 сәуір. - Б. 3.