Известные имена

Ақын жазушылар

Кулев И. П.

Илья Павлович Кулёв

Кулев Илья Павлович (1953-2022 жж.) – журналист, жазушы, ақын. Ресей Жазушылар одағының мүшесі.

1953 жылы 1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысыАлтай ауданы, Тұрғысын ауылында дүниеге келген. Тұрғысын орта мектебін бітірген (1961-1969 жж.). Әр жылдары келесі жоғары оқу орындарында оқыған: С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Математика, физика және технологиялар факультеті( 1971-1976 жж.); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1982-1986 жж.) (бұрынғыС.М. Киров атындағы ҚазМУ), Журналистика факультеті.

И. П. Кулев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығының лауреаты (2013 ж.), «Алтын Тұрғысын» халықаралық өнер фестивалі қазылар алқасының тұрақты төрағасы, көптеген халықаралық әдеби конкурстардың лауреаты және дипломанты. 2011 жылы Мәскеуде өткен «Жаңа жазушылар» халықаралық байқауының жүлдегері болды.

Илья Павлович Кулев «Тугусун - Бухтарма», «Восхождение души», «Краски жизни», «Кулемышки»поэтикалық жинақтарының авторы. Илья Кулевтің өлеңдеріне алыс және таяу шетелдің көптеген әншілері орындайтын елуден астам ән жазылған.

Табиғат зерттеушісі Кулев өлкеміздің ең бай тарихын жинап, нәтижесінде Алтай тайгасындағы көшпенділер туралы «Кержачье семя» романын жазған. Оның шығармалары тек бейнелілігімен ғана емес, философиялық көзқарасымен де қызықтырады.

2022 жылы қайтыс болған. Ауданда жерлес жазушыға арналған «Кулев оқуларын» өткізу дәстүрге айналған.

 И. П.Кулёв шығармалары - Произведения Кулёва И. П.

Кітаптар - Книги

Кулёв, Илья. Краски жизни [Текст]: [стихотворения] / И. Кулёв. - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2013. - 148 с

Кулёв, И. О самом главном в жизни - о любви [Текст]: поэтический сборник / И. Кулёв. - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2017. - 100 с. (Введено оглавление)

Кулёв, И. Кулёмышки [Текст]: поэтические миниатюры / И. Кулёв. - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2018. - 90 с. (Введено оглавление)

 

Мақалалар - Статьи

 

Кулёв, И. "Я знаю: саду - цвесть!" [Текст]: [очерк о В. И. Звонцове, энтузиасте из Серебрянки, который решил создать городской яблоневый сад] / И. Кулёв // Рудный Алтай. - 1994. - 16 авг.

Кулёв, И. Старухи [Текст]: Стихи / И. Кулёв // Рудный Алтай. - 1996. - 12 сент.

Кулёв, И. Черновики [Текст]: Стихи / И. Кулёв // Заря Востока. - 1997. - 17 дек

Кулёв, И. Старая крепость [Текст] / И. Кулёв // Семь дней. - 2005. - 29 сент.

Кулёв, И. Соцветие языков и традиций [Текст] / И. Кулёв // Семь дней. - 2006. - 13 окт.

Кулёв, И. Сильны своей дружбой [Текст] / И. Кулёв // Страна и мир. - 2010. - 18 окт.

Кулёв, И. Вода тревоги нашей [Текст] / И. Кулёв // Страна и мир. - 2011. - 25 июля. - С. 9

 

 И. П. Кулёв туралы әдебиет - Литература о Кулёве И. П.
Мақалалар - Статьи

 

Тургусунов, Степан. Год на книги "урожайный" : [в т. ч. есть информ. о Кулёве И. П.] / С. Тургусунов. - Текст : непосредственный // 7 дней. - 2013. - 19 декабря. - С. 4 : портр.

Интернет ресурстар - Ресурсы Интернет

 

Кулёв Илья Павлович / Изба-читальня : литературно-художественный портал. - Текст : электронный // https://www.chitalnya.ru [сайт]. - URL: https://www.chitalnya.ru/users/kulev/ (дата обращения: 30.06.2023)
Илья Павлович Кулёв в передаче "О земляках с любовью" / Телеканал "Alva TV" // https://www.youtube.com [сайт]. - URL: https://www.youtube.com/watch?v=yQRGIYa7bWY (дата обращения: 30.06.2023)
«Краски жизни» в Зыряновске / Государственный архив Восточно-Казахстанской области и его филиалы // http://e-arhiv.vko.gov.kz [сайт]. – UPL: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/2128 (дата обращения: 30.06.2023)
 

Құмарбеков М.

Құмарбеков Мүсілім – жазушы.Құмарбеков Мүсілім (10.01.1939 ж. - 11.07.2016 ж.) – жазушы.

1939 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң, Жамбыл атындағы колхозда жұмыс істеген. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың (1964, қазіргі аль-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетін тәмамдағаннан кейін, ұзақ жылдар бойы «Коммунизм туы» газеті (қазіргі «Дидар») редакциясында қызмет атқарады. Қатардағы әдеби қызметкерден редактордың орынбасары қызметіне дейін жеткен. Кейін «Ақ Ертіс - Иртыш» республикалық әдеби-мәдени және қоғамдық журналы бас редакторының орынбасары болған. «Қыз күлкісі» (1969), «Жастық жағалауы», «Шынар», «Асау Ертіс» (1974), «Алтайым – алтын бесігім», «Жар жағасындағы үй», «Тауқымет» кітаптарының авторы.

Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

М. Құмарбеков шығармалары

Произведения М. Кумарбекова

Кітаптар – Книги

  

Құмарбеков, М. Алтайым алтын бесiгiм. - Алматы : Жалын, 1956. - 92 б.

Құмарбеков М. Алтайдың ардагері [Мәтін] / М. Құмарбеков . - Алматы : Қазақстан, 1967. - 29 б.

Құмарбеков, М. Қыз күлкiсi : әңгiмелер. - Алматы : Жазушы, 1969. - 72 б.

Құмарбеков, М. Асау ертiс. – Алматы : Жазушы, 1975. - 144 б.

Құмарбеков, М. Шынар [Мәтін] / М. Құмарбеков. - Алматы : Жалын, 1979. - 120 б.

Құмарбеков М. Жастық жағалауы [Мәтін] : повестер / М. Құмарбеков . - Алматы : Жазушы, 1986. - 207 б.

Құмарбекұлы М. Жар жағасындағы үй [Мәтін] : хикаяттар / М. Құмарбекұлы . - Астана : Фолиант, 2003. - 280 б.

Құмарбекұлы М. Тауқымет [Мәтін] / М. Құмарбекұлы. - Өскемен , 2003. - 322 б.

Құмарбекұлы, М. Жігіттер [Мәтін] / М. Құмарбекұлы. - Алматы : Қайнар, 2008. - 317 б

Құмарбекұлы М. Бейнетқор [Мәтін] / М. Құмарбекұлы. - Өскемен, 2008. - 80 б.

Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы = Библиотека литературы Восточного Казахстана [Мәтін]. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 358 б.

4-ші кітап : М. Құмарбекұлы. К. Сегізбаев. С. Байхонов. Т. Сәукетаев. - Алматы : ҚазАқпарат, 2008. - 358 б. – Құмарбекұлы М. Жар жағасындағы үй: 352

Құмарбекұлы, М. Жер иесі [Мәтін] : роман және хикаят / М. Құмарбекұлы. - Алматы : Қайнар, 2011. - 384 б.

Құмарбекұлы, М. Шығармалары [Мәтін] / М. Құмарбекұлы. - Астана : Фолиант, 2014. - 352 б.

Т. 1 : Тауқымет : роман және әңгімелер . - Астана : Фолиант, 2014. - 352 б.

М. Құмарбековтің мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

       Публикации К. Кумарбекова в периодических изданияхи сборниках

Көркем шығарма - Художественные произведения

Құмарбеков М. Өскен ұя [Мәтін]: әңгiме/ М. Құмарбеков // Қазақ әдебиетi. - 1968. - 16 ноябрь.

Құмарбеков, М. Сайыпқыран [Мәтін] : очерк / М. Құмарбеков // Коммунизм туы. - 1978. - 24 февраль

Құмарбекұлы, М. Тауқымет [Мәтін] : [повестен үзінді] / Құмарбекұлы М. // Дидар. - 1995. - 14; 18; 21; 23; 28 ақпан.- Б. 4

Құмарбекұлы, М. Қоштасу [Мәтін] : [әңгіме] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1996. - 8 қазан.- Б.

Құмарбекұлы, М. Ақымақ хан. Сиқыршы. [Мәтін] : [ертегілер] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1999. - 1 маусым. - Б. 6.

Құмарбеков, М. Ақмоншақ : повесть / М. Құмарбеков. - Мәтін // Тәңіртау. - 2024. - N1. - Б. 24-53.

Мақалалар-Статьи

Құмарбеков, М. Қысқы жол [Мәтін] : екi журналистiң ауызекi әңгiмесiнен /М. Құмарбеков // Соц. Қазақстан.- 1966.- 20 март

Құмарбеков, М. Мәңгілік жұлдызы [Мәтін] / М. Құмарбеков // Коммунизм туы. - 1985. - 7, 9, 14, 15 май

Құмарбекұлы, М. Ұландағы ұланасыр [Мәтін] / М. Құмарбекұлы М. // Дидар. - 1992. - 4 маусым

Құмарбекұлы, М. Қай қиырдан да көрінетін шың [Мәтін] : [жазушы О.Бөкеев жайлы естелік] / М. Құмарбекұлы // Арай. - 1994. - 25 мамыр.- Б. 4

Құмарбекұлы, М. Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран [Мәтін] : [шығысқазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары туралы] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1995. - 7 мамыр. - Б. 4

Құмарбекұлы, М. Ақынға арналған ас [Мәтін] : [Катонқарағай ауданында ақын марқұм А.М.Нұрбайға 70 толуына арналған ас берілді] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1996. - 26 қыркүйек. – Б. 6

Құмарбекұлы, М. Әз ағаның артында сөзі қалды [Мәтін] : [Катонқарағайлық ақын А.Нұрбаевтың 70 жылдығына орай] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1996. - 5 қыркүйек.- Б.4

Құмарбекұлы, М. Өтті жылдар атой салып, ту ұстап... [Мәтін] : [ақын С.Ғабдуллиннің 60 жылдық мерейтойына орай] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1997. - 16 тамыз

Құмарбекұлы, М. Бар өмірді үйіп төгіп бере салған [Мәтін] : [Шәкәрімнің сазгерлігі жайлы] / М. Құмарбекұлы // Семей таңы. - 1997. - 23 тамыз

Құмарбекұлы, М. Өткенге өкінбен... [Мәтін] : [Зевакино қарттар үйінен] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1997. - 27 қараша

Құмарбекұлы, М. Кенді Алтайдың айнасы [Мәтін] : [облыстық "Рудный Алтай" газетінің шыға бастағанына 80 жыл] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1998. - 21 сәуір

Құмарбекұлы, М. Аты аңызға айналған аға туған жерде [Мәтін] : [Қ.Қайсенов туралы] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1998. - 10 шілде

Құмарбекұлы, М. Ақ сұңқар ұшты қолымнан [Мәтін] : [О.Бөкейді еске алу] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1998. - 25 қыркүйек

Құмарбекұлы, М. Сөнбейтін от [Мәтін] : [ақын Ғ. Байбатыровтың "Үміттің оты сөнбейді" атты жыр жинағы жайында] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1999. - 11 мамыр. – Б. 5

Құмарбекұлы М. Патша әзілкеші [Мәтін] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 1999. - 15 маусым. - Б. 6

Құмарбек, М. "Шарлаған ізім жатыр жер бетінде " [Мәтін] : [ұлы жеңістің 55 жылдығына байланысты Қ.Нұрбикеұлымен сұхбат ] / М. Құмарбек // Дидар. - 2000. - 15қаңтар

Құмарбекұлы, М. Тауқымет [Мәтін] : [Кеңес Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың туғанына 80 жыл толуына орай, батыр өмірінен деректер] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2002. - 19 қаңтар. - Б. 4

Құмарбекұлы, М. Білім шырағын жарқыратқан жан [Мәтін] : [Балғын мектебін басқарып, шәкірттерге білім беруде педагогикалық ұжымды алға жетектеген Нұрғожа Сериянов туралы] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2002. - 16 ақпан.- Б. 4

Құмарбекұлы, М. Алтайдың ақ бұлағы [Мәтін] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2003. - 8 сәуір .- Б. 4

Құмарбекұлы, М. Тарбағатайдың тарланы [Мәтін] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2003. - 10 маусым. - Б. 4

Құмарбекұлы, М. Нұрлы да нулы - науалы [Мәтін] : эссе / М. Құмарбекұлы // Ақ Ертіс. - 2011. - № 2. - Б. 5-32.

Құмарбекұлы, М.  Менің қаламдастарым осындай еді : ["Дидар" газетіне 80 жыл] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2011. - 12 шілде (№79). - Б. 5 ; 14 шілде (№80). - Б. 7

Құмарбекұлы, М. Шынар : [әңгіме] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2012. - 20 сәуір (№45). - Б. 13

Құмарбекұлы, М. Серіктің сексеуілі [Мәтін] / М. Құмарбекұлы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 18 сәуір. – Б. 5

Құмарбекұлы, М. Өзімді ешкімге арқалатпай, өзім ешкімді арқаланбай осы күнге жеттім [Мәтін] : [жазушы М. Құмарбеков туралы.] / М. Құмарбекұлы ; сұхбат. М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2014. - 13 қаңтар. - б. 7.

Құмарбекұлы, М. Айыртаудың қос шыңындай асқақ болатын [Мәтін] : [қос ақын Серік Ғабдуллаұлы мен Тұрғазы Нұқайұлы туралы естелік.] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2015. - 14 қаңтар.- Б. 5.

М. Құмарбеков туралы әдебиеттер

Литература о М. Кумарбекове

Кітаптар - Книги

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Құмарбекұлы Мүсілім: б. 193.   

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. –Құмарбекұлы Мүсілім: б. 245  

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. –Құмарбеков Мүсілім: б. 483-484  

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б. – Құмарбеков Мүсілім: б. 109-110                                          

Қапанов Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б. -Құмарбеков Мүсілім: б. 622.                                        

 

 Мақалалар - Статьи 

Рақымжанов, Ж. Талант тағлымы : [Мәтін] : [жазушы М. Құмарбеков туралы] / Ж. Рақымжанов // Арай. - 1989. - 10 январь. - Б. 4.
Қаңтарбаев, Ә. Дүние қызыл түлкі бұлаңдаған : [М. Құмарбекұлы 60 жаста] / Қаңтарбаев Ә. - Текст : непосредственный // Дидар. - 1999. - 8 қаңтар.
Сарсенбайқызы, Ғ. Туған елдің құрметі : [М. Құмарбекұлы 65 жаста] / Ғ. Сәрсенбайқызы // Дидар. - 2004. - 5 маусым. - Б. 6 ; Ұлан таңы. – 2004. – 26 маусым. –Б. 6.
Хасенова, М. Қара шаңырақ / М. Хасенова // Дидар. - 2006. - 13 мамыр.- Б.3.
Тоқанұлы, Б. "Ақжирен" мінген асыл аға : [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Мәдениет жаршысы. - 2009. - №1 . - Б. 15-16.
Кенжеханұлы, М. Мүсілім Құмарбековтың шығармалары мұражайда сақталатын болды: [Мәтін] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2014. - 14 сәуір. - Б. 1,4.
Кенжеханұлы, М. Ел жүрегіндегі екі бейне: [Мәтін] : [Облыстық кітапханада қос қаламгер-М. Құмарбеков пен Ғ.Байбатыровты еске алу кеші өтті.] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2019. - 24 қаңтар. - Б. 12.
Әуезханов, Ә. Жазушы атаммен соңғы жүздесуім : [Мәтін] : жазушы Мүсілім Құмарбекұлы туралы бір үзік сыр / Ә. Әуезханов // Дидар. - 2017. - 13 шілде. - Б. 28.
Қаңтарбаев, Ә. Елдік мәселеге келгенде бірігуіміз керек : [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2019. - 12 қыркүйек. - Б. 11.
Байхонов, С. Үш қоңыр / С. Байхонов. - Мәтін // Дидар. - 2021. - 14 қазан. - Б. 14; 28 қазан. - Б. 18.
Уалханова, Р. Н. Ұланның біртуар азаматы : [Жерлес жазушы Мүсілім Құмарбековтің туғанына 85 жыл толуына орай мақала] / Р. Н. Уалханова. - Мәтін // Ұлан айнасы. - 2024. - 12 қаңтар. - Б. 4.
Юнусбекова, Д. Рухани ордадағы риясыз кездесу: облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада өткен еске алу кешінен / Д. Юнусбекова. - Мәтін // Менің өлкем. - 2024. - 1 ақпан. - Б. 2.

***

Саянов, А. В честь земляка-писателя : [о творческом вечере в областной библиотеке им. А. С. Пушкина, посвященном писателю М. Кумарбекову (Уланский р-он ВКО)] / А. Саянов. - Текст : непосредственный // Рудный Алтай. - 1994. - 22 янв. - С. 1.
Писателю Кумарбекову - 60 лет. - Текст : непосредственный // Рудный Алтай. - 1999. - 19 янв.
Гаврилова, А. Золотые корни Алтая : в выставочных залах музея-заповедника Усть-Каменогорска открылась выставка «Золотой корень Алтая», посвященная 140-летию со дня рождения народного акына Казахстана Толеу Кобдикова и писателям-юбилярам Восточного Казахстана – Галыму Байбатырову, Улукбеку Есдаулету, Шериаздану Елеукенову, Совет-хану Габбасову, Муслимхану Кумарбекулы / А. Гаврилова. - Текст: непосредственный // Рудный Алтай. - 2015. - 10 янв. - С. 4.
Михеева, Н. Золотые корни Алтая : в выставочных залах музея-заповедника Усть-Каменогорска открылась выставка «Золотой корень Алтая», посвященная 140-летию со дня рождения народного акына Казахстана Толеу Кобдикова и писателям-юбилярам Восточного Казахстана – Галыму Байбатырову, Улукбеку Есдаулету, Шериаздану Елеукенову, Совет-хану Габбасову, Муслимхану Кумарбекулы / Н. Михеева. - Текст : непосредственный // Усть-Каменогорск. - 2015. - 15 янв. - С. 15.
Ким, Е. Воспевшие родную землю : [о вечере памяти писателей ВКО Муслима Кумарбекова и Галыма Байбатырова в библиотеке им. А.С. Пушкина] / Е. Ким . - Текст : непосредственный // Рудный Алтай. - 2019. - 26 января. - С. 5.

 

 

Құнанбаев Т. А.

Құнанбаев Тұрағұл Абайұлы – әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам қайраткері.Құнанбаев Тұрағұл Абайұлы (1875-1934) – әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам қайраткері.

1875 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Абайдың кіші ұлы. Ол жас кезінде мұсылманша және орысша сауатын ашты.  Әкесі және үлкен ағалары Оспан, Әбдірахман және Мағауия қайтыс болғаннан кейін Тұрағұл рубасы және жергілікті билік мүшесі болады. Тұрағұл Алашорда мүшесі ретінде Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған.

1922 жылдан бастап біржола шығармашылық жолға бет бұрған Тұрағұлдың азды-көпті әдеби мұраларының ішіндегі ең құнды еңбегінің бірі "Әкем Абай туралы" деп аталатын естелігі.

Тұрағұл бұл еңбегін М. Әуезовтің өтініші бойынша жазған. Абайдың мінез-құлық ерекшеліктерін, өлең жазардағы сәтін қызғылықты суреттеген. Тұрағұл ақын шығармаларын жіктеп те берген.

Тұрағұл шығармашылығын негізінен көркем аудармалар құрайды. Ол ағылшын жазушысы Дж. Лондонның "Эскимос Киш" әңгімесі, орыс жазушылары М. Горькийдің "Челкаш", А. С. Неверовтың "Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін" атты әңгімелері мен Б. Прустың "Антек" деген шығармасын қазақ тіліне аударған.

1925 ж. "Челкаш" әңгімесінің қазақ тіліне aудармасы "Таң" журналында  жарық көрген.

1927 ж. А. С. Неверовтың аталмыш екі шығармасы "Мен өмірге жерікпін", "Ортақшыл Мария" деген аталыммен Мәскеуде жеке кітап болып шықты. Қалған аудармалары да Мәскеудегі баспаларда жарық көрген.

Тұрағұл Дж. Лондонның "Мартин Иден" романын аударған, бірақ қолжазбасы сақталмаған.

1909 ж. Тұрағұл немере ағасы Кәкітаймен бірге әкесі Абайдың бірінші шығармалар жинағын  Петербургте кітап етіп шығарды.

Тұрағұл  "Алладан мен қапа боп, тілеген күн", "Хат", "Әбішке", "Жауап хат" және т.б. өлеңдер жазып қалдырған.

1928 ж. Шымкентке жер аударылып, 1934 жылы ұзаққа созылған науқастан дүниеден өтеді. 

1993 ж. Абайдың 150 жылдығына өлеңдері, қазақ тілінде "Челкаш" әңгімесі, "Әкем Абай туралы" естелігі "Абайдың ақын шәкірттері" (1-кітап) жинағына енді. Осы жылы құрастырушы Б. Байғалиев Тұрағұлдың  "Әкем Абай туралы» естелігін жеке кітап етіп бастырып шығарды. 

 

 

 

Т. Құнанбаевтың шығармалары

Произведения Кунанбаева Т.

 

Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. Құнанбаев. – Алматы : Ана тiлi, 1993.- 56 б.

Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. Құнанбаев // Қазақстан әйелдерi. - 1995. - № 7. – Б. 4-7.

Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] : [Абай Құнанбаев туралы баласы Тұрағұлдың естелігі] / Т. Құнанбаев // Ертіс өңірі. - 2005. - 22 қыркүйек. - Б. 4-5.

Құнанбаев, Т. Әкем Абай туралы [Мәтін] / Т. Құнанбаев // Солтүстiк Қазақстан. - 2015. - 7 ақпан (№ 16). – Б. 5.

 

 

Т. Құнанбаевтың аудармалары

Переводы Кунанбаева Т.

 

Неверов, А.Мен өмiрге жерiкпiн [Мәтін] / А. Неверов,ауд. Тұрағұл Абайұлы // Абай.- 1998.-1.- Б. 69-70.

Неверов, А.Ортақшыл Мария [Мәтін] / А. Неверов, ауд. Тұрағұл Абайұлы // Абай.- 1998.-1.- Б. 67-68.

Құнанбаев, Т. Антек қыран : Прусов Владиславтан Лондоннан аударма [Мәтін] // Алаш ақиықтары : мақалалар, деректi құжаттар, аудармалар. - Алматы : Алаш, 2006. - Т. 5. – Б. 248-260.

Құнанбаев, Т. Эскимос Киш деген бала : Джек Лондоннан аударма [Мәтін] // Алаш ақиықтары : мақалалар, деректi құжаттар, аудармалар. – Алматы : Алаш, 2006. - Т. 5. - Б. 240-247.

 

 

Т. Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Кунанбаева Т.

 

Кітаптар – Книги

 

Мұхамедханов, Қ. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Алаш, 2005 - Т. 3 : Абайдың ақын шәкірттері. - 328 б. – Құнанбаев Т.: б. 171-220.

 

Мақалалар - Статьи

 

Қойлышова, Ж. "Тұрағұлдың кiндiгiнен тараған бесеу едiк..." [Мәтін] : [ұлы Абайдың ұрпағы М. Тұрағұлқызы туралы] // Ақ босаға.- 1995. – маусым.

Тұрағұл Абайұлының екi аудармасы [Мәтін] : [А. Неверовтың "Я хочу жить"(Мен өмiрге жерiкпiн), "Большевичка Мария" (Ортақшыл Мария) шығармаларын аударғаны туралы дерек] // Абай. - 1998. - № 1. – Б. 66.

Шалқар, К. Тұрағұлдан қалған тұяқ едi [Мәтін]: [Мәкен Тұрағұлқызымен  Абай ұрпақтарының тағдыры туралы] // Жас Қазақ үнi. - 2001. - 20 желтоқсан. - Б. 4.

Тұрағұл Абайұлы Құнанбаев (1875-1934) [Мәтін] // Шәкәрiм әлемi. - 2007. - № 4. - Б. 18-24.

Құмар, А. Құнанбай ұрпақтары және алаш қайраткерлерi [Мәтін] : [Абайдың ұлы Тұрағұл жайлы] / А. Құмар // Евразия орталығы = Центр Евразии. - 2008. - № 3. - Б. 133-138.  

Кенемолдин, М. Тұрағұл және Алашорда үкiметi [Мәтін] : [Тұрағұл және алаш] / М. Кенемолдин // Семей таңы. - 2008. - 24 сәуiр. – Б. 3.

Нұрханова, Г. Тұрағұл - көркем аудармадағы алғашқы есiм [Мәтін]  / Г. Нұрханова // Жас ғалым. - 2008. - № 12. - Б. 14.

Ердембеков, Б. Абайдың әнші шәкірттері [Мәтін] / Б. Ердембеков // Ақиқат. - 2010. - № 5. - Б. 49-53.

Райқұл, А. Абай ұрпақтары қалай қуғындалды? [Мәтін] / А. Райқұл // Ана тiлi. - 2013. - 30 мамыр - 5 маусым (№ 22). - Б. 6-7.

Абайдың қуғын көрген ұрпақтары мен туыстары [Мәтін] // Семей таңы. - 2014. - 20 мамыр. – Б. 6.

Абайдың ұлдарына қатысты деректер табылды [Мәтін] // Дидар. - 2015. - 12 маусым. -

Б. 2.

***

 

Важнейшие жизненные ориентиры мыслителя [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 2 июня. - С. 4.  -Кунанбаев Т.: с. 4.

Ибраева, У. А. Поэтическое окружение Абая [Текст] / У. А. Ибраева // Вести Семей. - 2016. - 9 февраля. 

Құмарұлы К.

Құмарұлы Кәп – ақын, педагог.Құмарұлы Кәп (1933-2009) – ақын, педагог.

1933 жылы 8 наурызда ҚХР-дың Алтай аймағының Көктоғай деген жерінде дүниеге келген. 1955 жылы Монғолияда мүғалімдер даярлайтын мектепті бітірген. 1955-2005 жылдар аралығында ұстаздық қызметпен айналысты. Моңғолияның Білім министрлігі «Халыққа білім беру ісінің үздік қызметкері» деген атақ берген.

1992 жылы Баян-Өлгий аймағының «Маңдай алды озат ұстазы» атағына ие болған. Аймақтық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.

1992-2005 жылдары аралығында Атамекеніне қоныс аударған ұстаз Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданының (енді Семей қаласының аумағына жатады) Қайнар орта мектебінде, Үржар ауданының Көкөзек орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Осы жылдары «Халықтық педагогика – ұлттық қазына» атты оқу құралын жазып, ол облыстық Білім департаментінің мақұлдауымен Үржар ауданының 19 мектебі оқытушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылған. Қарт ұстаздың Қазақстан білім беру ісіне сіңірген еңбегін жоғары бағалап, Облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Кәп Құмарұлының «Қызыл Ту», «Қос қанат», «Қос ішек», «Кәрібоз», «Таудай болғым келеді», «Арпа кер» жыр жинақтары әр жылдары жарық көрген.

Баян-Өлгий аймақтық және Қазақстан Республикасының жыр мүшәйраларының жүлдегері.

1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

2009 жылы қайтыс болды.

 

 

 

 

К. Құмарұлының шығармалары

Произведения Қумарулы К.

 

Кітаптар -Книги

 

Құмарұлы,  К. Қос iшек [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы. – Алматы : Жалын, 1996. - 144 б.

Құмарұлы, К. Кәрібоз [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы; ред. Б. Беделханұлы - Астана : Елорда, 2001. - 255 б.

Құмарұлы, К. Кәрібоз [Электрондық ресурс] : [өлеңдер мен дастандар] / К. Құмарұлы. - [Б. м.] : Елорда, 2001. - 255 б. с.

Құмарұлы, К. Арпагер [Мәтін] : өлеңдер мен дастандар / К. Құмарұлы. - Астана : Рух, 2008. - 120 б.

 

Мақалалар – Статьи

 

Құмарұлы, К. Мен-қазақпын; Ұлы көш [Мәтін] : өлеңдер / К. Құмарұлы // Қазақ әдебиетi. - 1994. – шiлде . – Б. 12.

Құмарұлы, К. Құсайын бақсы [Мәтін] : [Монғолияда өмiр сүрген қазақ бақсы туралы] / К. Құмарұлы // Шалқар. - 1995. -7 ақпан. – Б. 5.

Құмарұлы, К. Жер бетi түлеп...; Асқартау; Бұйырсын; Саласын көздi шалғайдан; Сарын; Аттың сыны [Мәтін] : өлеңдер / К. Құмарұлы // Жұлдыз. - 2010. - № 11. – Б. 51-52.

Құмарұлы, К. Бөкi бурыл [Мәтін] : қос салалы әңгiме / К. Құмарұлы // Қасым.- 2015.- № 2.- 169-182 б.

 

 

К. Құмарұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве Кумарулы К.

 

Кітаптар –Книги

 

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы: Ана тілі баспасы, ЖШС. 2004. - Құмарұлы К: б.193.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : Аруна ltd. ЖШС, 2005. - Құмарұлы К: б. 341.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана: Фолиант, 2011. -  Құмарұлы К: б. 110.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Құмарұлы Кәп: б. 484.

 

Мақалалар - Статьи

 

Алтай, Б. Кешігіп ұшқан қоңыр қаз [Мәтін] / Б. Алтай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 9 қараша. - Б. 5.

Құнанбайұлы А.

 Құнанбаев Абай (Ибрагим) - ақын, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаған  классик.  Құнанбайұлы Абай (Ибрагим) (1845-1904) - ақын, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиеті мен тілінің негізін қалаған  классик.

1845 ж. 10 тамызда Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы Семей уезінің (1845 ж. бері Семей облысы) Жидебай бөктерінде (қазір Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімшілік бөлімшесі), Арғын тайпасының Тобықты руының ірі феодалы Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келген. Абайдың отбасы жергілікті ақсүйектер әулетінен: атасы Өскенбай және арғы атасы Ырғызбай ру басылары, атақты билеп-төстеушілер болған. Абайдың нағыз есімі – Ибрагим, бірақ әжесі Зере қойған Абай есімі («зерделі», «абай болу») мәңгілікке қалды. 

Ауыл молдасынан алған білімін Семей медресесінде, кейін приходская училищесінде жалғап, араб, парсы және тағы басқа шығыс тілдерін меңгереді,  Шығыстың ұлы ақын-ғалымдары (Науаи, Низами, Сағди, Фердоуси т.б.)  шығармаларымен танысады. Осы кезде орыс мектебінен де білім алады. Бес жыл оқыған соң өз өлеңдерін досы Көкбай Жанатаев атынан жаза бастайды. Құнанбай Абайды 13 жасынан ру басы қызметіне әзірлейді. Абай 28 жасында осы басшылық ісінен кетіп, білім алумен айналысады. Тек 40 жасынан бастап өзінің тұңғыш өлеңдерін жазады. Орыстың саяси жер аударылушылары Е. Михаэлис, Н. Долгополов, С. Гросспен  жақын танысады.

Сондай-ақ, Абай дүниетанымының қалыптасуына гуманистік көзқарастағы Шығыс ақындары мен ғалымдары (Фирдоуси, Алишер Навои, Низами, Физули, Ибн Сина т.б.), сондай-ақ, орыс классиктерінің шығармалары, еуропа әдебиеті  ерекше әсерін тигізді. Абай  Крылов, Лермонтов, Пушкин, Гете мен Байронды қазақша сөйлетті. 

 «Қараңғы түнде тау қалғып» («Горы дремлют в тёмной ночи») халық әнінің өзіндік тарихы бар. Гете «Wanderers Nachtlied» («Ночную песню странника») өлеңін жазды, Лермонтов оны орысшаға келтірді, ал, жарты ғасырдан кейін Абай Құнанбаев ән мазмұнын қазақ тілінде жеткізді.

Абай Құнанбайұлы орыс және еуропа мәдениетінің қазақ арасына таралуына ықпал етті.

Абай біршама уақыт болыс қызметін атқарды. 

Кеңес әдебиеттанушыларының Абай ауылдың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін келемеждейді, «әйелдердің адам төзгісіз жағдайына» және «жамандық пен надандыққа қарсы шықты» - деген пікірі қалыптасқан.   

Абай Құнанбайұлы қазақ поэзиясына жаңа бетбұрыс әкелді. Қазақша өлең құрылысына жаңа ұйқастар мен үлгілер енгізді: мысалы "Сегіз аяқ" өлеңі.  

Абайдың 170 өлеңі және 57 аудармасы, поэмалары, «Қара сөздері» бар.  

Сонымен бірге Абай композиторлық қырымен танылды, жиырмадан аса әні бүгінгі күнге жетіп, халық арасына кеңінен таралған. Абай кейбір өлеңдеріне ән жазды, ал, «Көзімнің қарасы» әні халық әніне айналып кеткен. 

Абай Құнанбайұлы XIX ғ. басы − XX ғ. аяғында оянған қазақ ұлттық интеллигенциясына ерекше ықпал етті. Алаш-Орда қозғалысының көсемдері Абайды қазақ халқының рухани көшбасшысы деп қабылдады. Әлихан Бөкейханов  Абайдың тұңғыш биографы. Сондай-ақ,  Абай қайтыс болғанда жазған «Абай (Ибрагим) Кунанбаев»  некрологы 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде басылды. Кейін осы мақаласы 1907 жылы Абайдың портретімен «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географического общества» басылымына басылған.     

Абай Құнанбайұлы 1904 жылы 23 маусымда (6 шілде) қайтыс болды.

1914 жылы тюрколог В.В.Гордлевский қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Абай Құнанбайұлы пен Міржақып Дулатов шығармаларын  шығыстанушы, академик Н.И.Веселовскийдің 70 жылдығына арналып шығарылатын «Восточный сборник» жинағына  енгізеді. 

Абай мұрасы қазақ әдебиеті мен тілінің өркендеп дамуына жол ашты. Абайдың ағартушылық қызметі бүкіл қазақ, Орта Азия, Шығыс халықтары мәдениетінің дамуына ықпал етті. Абай шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Абайдың музыкалық мұрасы қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихынан ерекше орын алады.      

Абайды мәңгілік есте қалдыру үшін Қазақстанның әдебиет саласы бойынша Мемлекеттік сыйлық белгіленген. Көптеген әкімшілік аудандар көшелер, театрлар, кітапханалар Абай есімімен аталады. 

 

 Мәліметтер-Источники

 

"Біздің Абай" электрондық кітапханасы