Известные имена

Ақын жазушылар

Рамазан Д.Ә.

Рамазан Думан Әмірғалиұлы (1967) - жазушы, журналист, аудармашы, зерттеуші, драматург.

1967 жылғы 1 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы, Абай ауданы, Қызылту кеңшарында дүниеге келген. 1985-92 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде оқыған. Одан соң М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын тәмамдаған. Ұзақ жыл республикалық «Халық Кеңесі», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеген. Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі және Қазақстан Саяси зерттеулер орталығының бас директоры қызметтерін атқарған.

Қазір «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы. «Көкжал», «Хан Кененің қазасы», «Алланың әмірі», «Жылап аққан тамшылар» атты кітаптардың және «Кенесары хан» деректі фильмі сценарийінің авторы. Харуки Мураками, Юкио Мисима, Джон Голсуорси, Уильям Сароян сияқты әлемге әйгілі қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Кенесары-Күнімжан», «Апат», «Бала Қазыбек», «Жүрек қалауы» атты драмалық шығармалары бар.

2010 жылы Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында және 2011 жылы Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Кенесары-Күнімжан» пьесасы сахналанды. Осы пьесасы 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде ең үздік драма атанды.

   

Қазақстан Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты. Кенесары хан атындағы республикалық әдеби конкурстың және «Жылдың ең үздік прозасы» аталымы бойынша «Алтын қалам» байқауының бас жүлдегері. Президенттік және Мемлекеттік стипендияның иегері.

Д. Ә. Рамазан шығармалары

Произведения Рамазана Д. А.

Кітаптар- Книги

Рамазан, Д. Хан Кененің қазасы [Мәтін] / Д. Рамазан. - Алматы : Қазақпарат, 2002. - 240 б.

Рамазан, Д. Алланың әмірі [Мәтін] : әңгімелер / Д. Рамазан. - Алматы : Жазушы, 2008. - 239 б.

Рамазан, Д. Жылап аққан тамшылар [Мәтін] : әңгімелер / Д. Рамазан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2011. - 320 б.

Рамазан, Д. Көктамыр [Мәтін] : көсемсөз, әдеби сын, тарихи зерттеулер және сыр-сұхбаттар / Д. Рамазан. - Астана : Фолиант, 2013. - 312 б.

Рамазан, Д. Абылай ханның арманы [Мәтін] : пьесалар, аудармалар, жолжазбалар / Д. Рамазан. - Астана : Фолиант, 2014. - 320 б.

Рамазан, Д. Пешене / Д. Рамазан. - Алматы: Дәуір, 2020. - 248 б.

Д. Ә. Рамазанның аудармалары

Переводы Рамазана Д. А.

 

Акутагава, Р. Тозақ азабы / Мураками, Х. Лексингтондағы елестер [Мәтін] / Р. Акутагава ; аударған Д. Рамазан. - Астана : Аударма баспасы, 2011. - 344 б.

 

Д. Ә. Рамазанның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации Д. А. Рамазана  в периодических изданиях и сборниках

1997

Рамазан, Д. Қуанып барып Омбыға [Мәтін] : [Ресейдегі қазақтардың қоғамдық мәдени-ағарту орталық алқалы мәжілісінің өткені туралы] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1997. - № 17. - Б. 13.

1998

Рамазан, Д. Әкеңді өлтіргеннен құн сұрама, баласын апиынға үйрет [Мәтін] : [нашақорлық, есірткілік заттар] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 17. - Б. 6-7.

Рамазан, Д. Көңілдегі күдікті ойлар сейіліп [Мәтін] : [«Жазушы» баспасы жайында] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 17 . - Б.10.

Рамазан, Д. Жатырқама, жасқама жас ұрпақты [Мәтін] : [бүгінгі қазақ жастары жайында ] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 20. - Б.10-11.
Рамазан, Д. Соңғы дем [Мәтін] : [әңгіме] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 22. - Б. 8-9.

Рамазан, Д. Шерлі жүрек [Мәтін] : [әңгіме] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - № 22.- Б. 8-9.
Рамазан, Д. Қанды із [Мәтін] : [атаман Анненковтың жазалау жорықтары туралы ] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1998. - 28 тамыз.- Б. 10-11.


1999

Рамазан, Д. Сәкен Иманасов «Көбік те болса, көп болсын демеймін..» [Мәтін] : [Сәкен Иманасов шығармашылығы туралы] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1999. – 2 сәуір. - Б. 7.
Рамазан, Д. Шераға [Мәтін] : [Шерхан Мұртаза шығармашылығы жайлы] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 2 сәуір. - Б. 7.

Рамазан, Д. Ханның сүйегі қайда ? Көсемге туған топырақ қашан бұйырады ? [Мәтін] : [Кенесары ханның сүйегі қайда деген сұраққа жауап ] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 15 қазан. - Б. 7.


2000

Рамазан, Д. Алматыда 25 кітапхана жабылды [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 14 қаңтар.- Б.
Рамазан, Д. Кенесары бабамның басы қайда? [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2000. - 11,18 тамыз;  1 қыркүйек.
                                                             

2001

Рамазан, Д. Қазақтың әні қаға беріс қала бере ме? [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 11 мамыр. - Б. 4-5.

Рамазан, Д. Талантты адал күзетуші [Мәтін] : [қаламгер Тұрсын Жұртбайдың шығармашылығы жөнінде] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - № 12. - Б.14.
                                                              2002

Рамазан, Д. Хан Кененің қылышы [Мәтін] : [Кенесары Қасымов пайдаланған қару-жарақтар жөніндегі тарихи деректер] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 19 шілде. - Б. 6.
Рамазан, Д. Махаббат тойы [Мәтін] : [Қозы Көрпеш - Баян сұлу лиро-эпосына -1500 жыл] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 23 тамыз. - Б. 6.
Рамазан, Д. Атажұртты аңсап келген ағайын, қасиетті Түркістанда бас қосты [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 25 қазан. - Б. 3.
Рамазан, Д. Құрылтай өтті... [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 1 қараша. - Б. 3.
Рамазан, Д. Әнді жүрекпен айтқанды ұнатамын [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 22 қараша. - Б.13.


2003

Рамазан, Д. Әдебиетті таланттар ғана жасайды [Мәтін] / Д. Рамазан // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 18 шілде. - Б. 3.

2010


Алтын қалам [Мәтін] : [жинақ]. - Алматы : Өнер, 2010. - 240 б. - Д. Рамазан.

Рамазан, Д. Сүйген жүрек [Мәтін] / Д. Рамазан // Жұлдыз. - 2010. - № 8. - Б. 3-36.
                                                              

2011

Рамазан, Д. Жар астында [Мәтін] : әңгіме / Д. Рамазан // Ана тілі. - 2011. - 13-19 қаңтар. - Б.10.

2014

Рамазан, Д. Құса [Мәтін] : [Мағауия туралы көлемді әңгіме] / Д. Рамазан // Абай. - 2014. - № 5. - Б. 88-92.

2015 

Рамазан, Думан. Хан Кененің қылышы [Мәтін] : [Кенесары ордасында сыйлы адамдар мен әскерилер қызыл қылыш асынған.] / Д. Рамазан // Ертіс өңірі. - 2015. - 21 қазан.- Б.12.

2016 

Рамазан, Думан. Қажырлы қайраткер немесе Бектің Орынбегі кім еді? [Мәтін] / Д. Рамазан // Жұлдыз. - 2016. - Б. 187-201.

Рамазан, Думан. Кейкінің бас сүйегіне қатысты көңілде күмәнді ойлар бар екенін жасырмаймын. [Мәтін] / Д. Рамазан; сұхбат: Арай Сүгірбай // Ертіс өңірі . - 2016. - 26 қазан. - Б.8.

2019

Рамазан, Думан. Абайды есеңгіреткен - елінің бұлдыр болашағы [Мәтін] / Д. Рамазан  // Дидар. - 2019. - 16 мамыр.- Б.13.

 

Д. Ә. Рамазан туралы әдебиет

 Литература о Рамазане Д. А.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Рамазан Думан Әмірғалиұлы: б. 628.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. - Алматы : Аруна, 2005. - (Мәдени мұра). – Рамазан Думан: б. 440.

Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - Рамазан Думан: б. 254-255.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құрастырғандар  С. Қамшыгер; Қ. Жұмашева. - Алматы : Ан Арыс, 2009. - Рамазан Думан: б. 326.

***

Литература Казахстана[Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан; Комитет информации и архивов. -  Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - (Мәдени мұра). - Рамазан Думан: б.409.

Рахимов Е.

Рахимов  Ерғазы

Рахимов Ерғазы (1938-1994 жж.) журналист, ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Кәсіби жолын Аягөз аудандық «Алға» газетінің қызметкерінен бастап, «Жұлдыз» республикалық әдеби-көркем журналының беделді журналисіне дейінгі жолдан өткен. Бүкіл шығармашылығы барысында газет жұмысын әдеби шығармашылықпен байланыстырып отырған. Шығармашылығының басты тақырыптары - ауыл адамдары, олардың тағдырлары, ауыл жастарының адамгершілік мәселелері.   

Ақындық дебют - «Зейнел күйі» поэмасы (1977 ж.).

"Сүрі қар", «Тентек келін», «Мұңсызбайдың мұрагерлері», «Терісайырық» шығармаларының авторы. «Тентек келін» повестер мен әңгімелер жинағына осы аттас повесть енген. Онда жас тракторист-қыздың тағдыры, оның феодалдық езгіге қарсы әрекеттері сипатталған. «Сүрі қар» шығармасына енген «Момын», «Тас жарған» повестері өндіріс тақырыбы, оның ішінде бүгінгі күннің көкейтесті мәселелері сөз болады. Е. Рахимов өмірінің соңына дейін репортерлік жұмыспен айналысқан. Оның өмірлік кредосы: «Оқиға ортасында болып, шығармашылықтан нәр алатын халық арасынан табылу».

 

Е. Рахимов шығармалары

Произведения Е. Рахимова

 

Кітаптар- Книги

 

Рахимов, Е. Зейнел күйі [Мәтін] : поэма / Е. Рахимов. - Алматы : Жалын, 1977. – 22 б.

Рахимов, Е. Бел-белес [Мәтін] : тандамалы / Е. Рахимов. - Алматы : Жазушы, 1979. – 207 б.

Рахимов, Е. Өкпеті ұланы [Мәтін] / Е. Рахимов. - Алматы : Қайнар, 1980. - 883 б.

Рахимов, Е. Тентек келін [Мәтін] : повестер мен әңгімелер/ Е. Рахимов. - Алматы : Жалын, 1983. – 176 б.

Рахимов, Е. Дәүір-дастан [Мәтін]: поэмалар / Е. Рахимов. - Алматы : Жазушы, 1990. – 360 б.

Рахимов, Е. Суылдақ [Мәтін] : (сықақ, әзі-оспақтар) / Е. Рахимов. - Алматы : Қазақстан, 1990. - 368 б.

Рахимов, Е. Терісайрық [Мәтін] : повесть / Е. Рахимов. - Алматы : Жалын, 1990. - 352 б.

Рахимов, Е.  Жаңғырық [Мәтін] : роман, повестер мен әңгімелер / Е. Рахимов. - Алматы : Жазушы, 1993. - 288 б.

Рахимов, Е. Өнербаян [Мәтін] : өлендер, цикл-жырлар, балладалар (1966-1982) / Е. Рахимов. - Алматы : Жазушы, 1993. - 332 б.

Рахимов, Е. Бозтөбе [Электрондық ресурс] / Е. Рахимов ; құраст. Т. Әбдірайым Т. - Алматы : Арда, 2008. - 240 б.

 

Е. Рахимовтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации Е. Рахимова в периодических изданиях и сборниках

 

Рахимов, Е. Ару өлкем, бай өлкем [Мәтін] : өлен / Е. Рахимов // Семей таңы. - 1970. - 17 июнь.

Рахимов, Е. Айналайын халқымнан [Мәтін] : (толғау) / Е. Рахимов // Семей таңы. - 1982. - 5 июнь.

Рахимов, Е. Ана қадірі [Мәтін] : баллада / Е. Рахимов // Семей таңы. - 1988. - 7 апрель.

Рахимов, Е. Запыран [Мәтін] : повестен үзінді / Е. Рахимов // Семей таңы. - 1990. – 16 тамыз.

Рахимов, Е. Егеменді елім бар [Мәтін]  / Е. Рахимов // Ертіс өңірі. - 2004. - 8 қаңтар. – Б. 6.

Білгенге маржан [Мәтін] : қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер / құраст. А. Қ. Керімтаев. - Алматы : Көркем баспасы, 2010. - 416 б. - (Қасқалдақ қоғамдық қоры). - РахимовЕрғазы.

 

Е. Рахимов туралы әдебиет

Литература о Е. Рахимове

 

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. - Алматы : Аруна, 2005. - (Мәдени мұра). - Рахимов Ерғазы Аққазыұлы : б. 441.

Қазақстан жазушылары.ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. – Рахымов Ерғазы: б. 256.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. С. Қамшыгер; Қ. Жұмашева. - Алматы : Ан Арыс, 2009. – Рахымов Ерғазы: б. 328.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Рахимов Ерғазы: б. 629.

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. – Ерғазы Рахимов: б. 77-78.

Қалымов, Д. «Зейнел күйі»  [Мәтін]: поэмасына сын / Д. Қалымов // Семей таңы. - 1978. - 13 январь.

Қалымов, Д. Ердің жасы - екі елу [Мәтін]  : [жазушы Е. Рахимов - 50 жаста] / Е. Рахимов // Семей таңы. - 1988. – 14 октябрь.

Қалымов, Д. Жерлес жазушымен кездесу [Мәтін]  : [Е. Рахимов Аягөзде] / Д. Қалымов // Семей таңы. - 1991. – 14 ақпан.

Әбдірайым, Т.  Тарбағатай тарланбозы [Мәтін] : [Е. Рахимов туралы] / Т. Әбдірайым // Қазақ әдебиеті. – 2008. - 24 қазан. - Б. 11.

 

***

Литература Казахстана [Текст]: знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан; Комитет информации и архивов. -  Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - (Мәдени мұра). – Рахимов Ергазы Акказыулы: с. 410.

Писатели Семипалатинского региона [Текст] : био-библиографический указатель / Семипалатинская универсальная научная библиотека имени Абая. - Семипалатинск : Талант, 2006. - Ергазы Рахимов: с. 59-60.

Гайнуллина, Ф.А. Литература Семипалатинского Прииртышья[Текст]: учебное пособие / Ф. А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. - Рахимов Ергазы С. 103-104.

Байгулов, Н. Линия жизни[Текст] : [о писателе Е. Рахимове]  / Н. Байгулов // Иртыш. - 1988. - 14 октября. - С. 4.

Рахымжанов К.

Рахымжанов КелісРахымжанов Келіс (1957) - жазушы

1957 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау кеңшарында туған. 1984 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдады. Он жылдай ауыл мектебінде мұғалім болған, 1992-1994 жылдары «Жалын» журналында, 1994-1997 жылдары Қазақ радиосының әдебиет және өнер бөлімінде қызмет істеді. Филология ғылымының докторы (1993), профессор (1994)
2003 жылдан бері М. Әуезов атындағы Әдебиет пен Өнер институтында ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып келеді. М. Әуезовтың шығармашылығынан сыр шертетін 20- дан астам ғылыми мақақлалардың авторы. М. Әуезов толық шығармаларының 50 томдығын жарыққа шығаруға қатысқан. 12- томнан бастап ғылыми комментарий жазған.
2006 және 2008 жылдары әңгімелер мен өлеңдер ден тұратын екі кітабы жарық көрген. 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. М.О. Әуезовтың драматургиясына байланысты жазылған көптеген мақалалардың авторы.
1991 жылы «Жалын» баспасынан «Ашық сабақ», «Оралу» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. Кейінгі жылдары «Қалғұты»(Алматы,2007); «Қанатты жылдар» (Алматы,2008); «Шилі өзен» кітаптары шықты. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

К. Рахымжановшығармалары

Произведения К. Рахимжанова

 

Кітаптар- Книги

 

Рахымжанов, К. Шилі өзен [Мәтін] / К. Рахымжанов. - Алматы : Қайнар, 2008. - 192 б.
Рахымжанов, К. Қалғұты [Мәтін] / К. Рахымжанов. - Алматы : Сөздік-Словарь, 2006. - 288 б.

К. Рахымжановтың ғылыми еңбектері

Научные труды К. Рахимжанова

 

Рахымжанов, К. М. Әуезов драматургиясы: өмір шындығы және көркемдік шешім [Мәтін] : филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / К. Рахымжанов. - Алматы, 2010. - 24 б.

К. Рахымжановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации Рахимжанова К. в периодических изданиях и сборниках

 

Рахымжанов, К. М. Әуезовтің кеңестік тақырыптағы  пьесалары [Мәтін] / К. Рахымжанов // Жұлдыз. - 2008. - № 6. - Б.190-193.
Рахымжанов, К. Сезімі сергек қаламгер [Мәтін] : [жазушы Мереке Әбдешұлы Құлкенов жайлы] / К. Рахымжанов // Парасат. - 2011. - № 12. - Б. 10-11.

Рахымжанов, К. Жырлаймын өмір өзіңді [Мәтін] / К. Рахымжанов // Таң-Шолпан. - 2014. - № 5. -  С. 191-194.

Рахымжанов, К. Дулат жырау Бабатайұлының ақындық ерекшеліктері [Мәтін] / К. Рахымжанов // Мөлдір сана. - 2014. - 1 желтоқсан. - Б.11.

Рахымжанов, К. Дулат жырау Бабатайұлының ақындық ерекшеліктері. [Мәтін] / К. Рахымжанов // Мөлдір сана. - 2014. - 14 желтоқсан. - Б.11.

 

К. Рахымжанов туралы әдебиет

Литература о Рахимжанове К.

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Рахымжанов Келіс: б. 632-633.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі. - Алматы : Аруна, 2005. - (Мәдени мұра). - Рахымжанов Келіс: б. 442.

Қазақстан жазушылары : анықтамалық /құрастырған Қ. Саят, Қ. Жұмашева. – Алматы : Ан Арыс, 2009. - Рахымжанов Келіс: б.328.

Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. - Алматы : Ана тілі, 2004. - Рахымжанов Келіс: б. 256.

 

***

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан; Комитет информации и архивов. -  Алматы : Аруна : Қазығұрт, 2010. - (Мәдени мұра). – Рахымжанов Келис: с. 411.

Рахимов Қ. Ы.

Рахимов Құрмат Ыдырышханұлы (1924) - отставкадағы полковник, Ұлы Отан Соғысына қатысушы, ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері, Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2023)Рахимов Курмат Ыдрышханович

1924 жылы Шығыс Қазақстан облысыКүршім ауданы, Қызылтас ауылында дүниеге келген. Күршім орта мектебінде оқып, Шірікаяқ ауылындағы «Ленинск» кенішінде еңбек жолын бастаған.

1942 жылы 2 тамызда педагогикалық техникумда оқып жүрген кезінде әскер қатарына шақырылды. 1943 жылдың соңына қарай Мәскеу түбіндегі Кунцево қаласындағы арнайы әскери оқуға жіберілді Оны бітіре салысымен ҰҚК-нің сержанттық мектебінде оқи жүріп, «әскери әйелдер құрамасының жұмыс ерекшелігі» екі айлық бағдарламаны да аяқтайды. Ер адамдардың орнына аса маңызды нысандарды күзету үшін әйелдер батальонын даярлауға қатысады.

1944 жылы Кеңес әскерлері Белоруссияда «Багратион» жоспары бойынша қарсы шабуылға шыққанда, Белоруссия, Литва, Пруссия жерлерін фашистерден тазартуға қатысады. Құрмат Ыдырышқанұлының бөлімшесі көп ұзамай Кенисберг қаласын азат етеді. Ұлы Жеңісті Берлинге кетіп бара жатқан жолда Инстербург қаласында естиді.

Соғыстан кейін, 1946 жылы Каменск-Подольск қаласындағы шекара қызметі әскери училищесін бітірген соң сегіз жыл - Түркменстан-Иран, қазақ-қытай, совет-жапон, совет-американ шекараларында әскери қызметте болды. Әскер қатарынан босаған соң Ақжар, Күршім орта мектептерінде тарих пәнінен сабақ береді. 1958 -1962 жылдар аралығында Күршім аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызмет істейді.

1962-1965 жылдарда Зырян селолық өндірістік партия ұйымының, кейінірек Зырян аудандық партия ұйымының хатшысы болып істеді. 1965 жылдың қараша айынан бастап бар өмірін ішкі істер қызметіне арнайды. Полиция полковнигі Құрмат Рахимов 15 жылдан астам уақыт Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет етті.

1981 жылы зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «За взятие Кенигсберга», «За победу над Германией», «За боевые заслуги» т.б. мерекелік наградалармен марапатталды.

Зейнеткерлікке шықса да жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, ішкі істер қызметкерлеріне үлкен өнеге көрсетіп отырған қарт ардагерді қала халқы құрмет тұтады. 1922 жылы 9 мамыр Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында үлкен құрмет көрсетіліп, ШҚО Полиция Департаментінің хоры соғыс ардагері, Құрмат Рахимов тұрған үйдің алдына барып, оркестрмен соғыс жылдарындағы әндерді орындап, полиция қызметкерлері мен мерекелік формадағы кадет курсанттары 98 жастағы ардагер- полковниктің алдынан салтанантты маршпен жүріп құрмет көрсетті. (https://liter.kz/nastoiashchii-parad-s-orkestrom-ustroili-u-doma-veterana-vov-v-ust-kamenogorske-video-1652233856/)

2023 жылы - 99 жасқа қараған шағында өнегелі өмір сүрген отставкадағы полковник Құрмат Ыдырышқанұлы Рахимовқа Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағы берілді.

Произведения Рахимова К.
Кітаптар - Книги

Рахимов, К. Родился в Курчуме / К. Рахимов. - Усть-Каменогорск : Печатный двор, 2008. - 322 с. : ил.

Рахимов, К. Наедине с памятью / К. Ы. Рахимов. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2013. - 179 с. - Б. ц.


Публикации Рахимова К. в периодических изданиях

Рахимов, К. В литовских лесах : [воспоминания ветерана ВОв] / К. Рахимов. - Текст // Семь дней. - 2010. - 29 апр. - С. 6.

Литература о жизни и деятельности Рахимова К.

Поломошнова, Л. Правда о времени : в ВК департаменте внутренних дел прошла презентация книги ветерана МВД "Родился в Курчуме" полковника в отставке Курмата Рахимова / Л. Поломошнова. - Текст // Семь дней. - 2009. - 23 янв. - С. 3.

Слямбаева, Айжан. Длиною в жизнь : [о новой книге восточноказахстанца, полковника милиции, почетного ветерана МВД РК Курмата Рахимова "Наедине с памятью..."] / А. Слямбаева. - Текст // 7 дней. - 2013. - 1 авг. - С. 4.

Аким поздравил юбиляра : Курмату Рахимову исполнилось 90 лет. - Текст // Усть-Каменогорск. - 2014. - 19 июня. - С. 2.

Гаврилова, А. Не верьте тем, кто говорит, что на войне не страшно… : [об участнике ВОв К. Рахимове] / А. Гаврилова. - Текст // Рудный Алтай. - 2015. - 9 апр. - С. 8.

Ким, Е. Страшные сны фронтовика : [о К. Рахимове] / Е. Ким . - Текст // Рудный Алтай. - 2018. - 9 мая. - С. 4

Вологодская, Г. К ветерану – с заботой : [в Восточном Казахстане полицейские с цветами пришли поздравить 95-летнего ветерана Великой Отечественной войны и ветерана органов внутренних дел Курмата Рахимова] / Г. Вологодская. - Текст // Казахстанская правда. - 2019. - 19 июня

Ким, Ева. Кредо Курмата Рахимова : участник Великой Отечественной войны, полковник в отставке Курмат Рахимов принял поздравления с 96-летием от коллег-полицейских / Е. Ким. - Текс // Рудный Алтай. - 2020. - 25 июня. - С. 10.

 

Рақымжанов Т.

Рақымжанов ТөлегенРақымжанов Төлеген (1938-2010) - ақын.

Төлеген Рақымжанов Катонқарағай ауданы Еңбек ауылында 1938 жылы дүниеге келді. 1956 жылы Шыңғыстай орта мектебін, кейін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Жоғарғы білімді тәмамдап, дипломдық жұмысында аты әлемге әйгілі қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезовтан жоғары баға алған маман. 

Бүкіл саналы ғұмырын еліміздің Шығысындағы төр Алтайдағы Еңбек орта мектебінде шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаз-ақын. 1961 жылдан бері туған ауданында, туған ауылында қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, мектеп оқу ісінің меңгерушісі, директоры болып қызмет істеді.

Катонқарағай ауданынан Қазақстан Жазушылар одағына мүше болған алғашқы ақын. Оның «Буырқанған бұқтырма», «Туған жер сені жырлаймын» атты жыр жинақтары, 1999 жылы «Ағажай, Алтайдай жер қайда» деген атпен шыққан катонқарағайлық ақындардың жыр жинағына бір топ өлеңдері енген. Төлегеннің қарымды қаламынан шыққан туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, арман биігіне жетелейтіндігімен құнды. Туған жерінен ешқайда аттап баспай, Алтайдың ұлылығы мен сұлулығын қырық жылдан астам уақыттан бері асқан шабытпен жырлап келді.


Т. Рақымжанұлы(Рақымжанов) шығармалары –

Произведения Рахымжанова Т.

Кітаптар- Книги

Рақымжанұлы, Т. Буырқанған Бұқтырма [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Т. Рақымжанұлы. - Астана : Фолиант, 2005. - 304 б.
Рақымжанұлы, Т. Туған жер, сені жырлаймын [Мәтін] : өлеңдер жинағы / Т. Рақымжанұлы. - Астана : Елорда, 2002. - 288 б.
Ағажай, Алтайдай жер қайда [Мәтін] : өлеңдер жинағы. - А. : Полиграфия, 1999. - Рақымжанұлы Т.: б. 55-102.

Т. Рақымжанұлының (Рақымжанов) мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации Рахымжанова Т. в периодических изданиях и сборниках

1991

Рақымжанұлы, Т. Көкорайдағы мерейтой [Мәтін] : [Қаракерей Қабанбайдың туғанына 300 жыл толуына арналған мерейтой Катон-Қарағай өңірінде] / Т. Рақымжанұлы // Арай. - 1991. - 5 қазан. - Б. 1.

1993

Рақымжанұлы Т. Жыл толды үлкен жүрек тоқтағалы [Мәтін] : [жазушы О. Бөкеевті еске алу] / Т. Рақымжанұлы // Арай. - 1993. - 28 көкек. - Б. 2.

1994

Рақымжанұлы, Т. Жыл толды үлкен жүрек тоқтағалы [Мәтін] : [жазушы О. Бөкеевті еске алу] / Т. Рақымжанұлы // Арай. - 1994. - 17 мамыр. - Б. 4.

Рақымжанұлы(Рақымжанов),Т. Абай және табиғат [Мәтін] : [ақынның табиғатқа арнаған өлеңдері] / Т. Рақымжанов // Парасат. - 1994. - № 5.- Б. 4-5.

1996

Рақымжанұлы, Т. Сан қырлы талант [Мәтін] : [жазушы Қ. Ысқақов жайлы толғаныс] / Т. Рақымжанұлы // Дидар. - 1996. - 11 қаңтар. - Б. 4.

Рақымжанұлы(Рақымжанов),Т. Ақтан туралы сөз [Мәтін] : [ақын А. Нұрбаев жайлы толғаныс] / Т. Рақымжанов // Арай. - 1996. - 24 қыркүйек. - Б. 4.

1997

Рақымжанұлы(Рақымжанов),Т. Абай жолындағы ішкі монолог [Мәтін] : [жазушы М. Әуезовтың 100 жылдығына] / Т. Рақымжанов // Егемен Қазақстан. - 1997. - 21 мамыр. - Б. 4.

Рақымжанұлы, Т. Сарбаз да сырлы журналист [Мәтін] : [Қайырды Назырбаевтың творчествосы жайында] / Т. Рақымжанұлы // Дидар. - 1997. - 7 қазан. - Б. 4.

2000

Рақымжанұлы, Т. Халқымның ерлігіне таңдай қақты [Мәтін] / Т. Рақымжанұлы // Арай. - 2000. - 8 мамыр. - Б. 4.

2003

Рақымжанұлы(Рақымжанов),Т. Катонқарағай бірінші тұр [Мәтін] / Т. Рақымжанов // Дидар. - 2003. - 15 шілде. - Б. 4.

Рақымжанұлы (Рақымжанов) Т. Тәуелсіздік толғауы [Мәтін] / Т. Рақымжанов // Дидар. - 2003. - 15 шілде. - Б. 4

Рақымжанұлы(Рақымжанов),Т. Ұстаз болу... [Мәтін] / Т. Рақымжанов // Дидар. - 2003. - 15 шілде. - Б. 4.

Рақымжанұлы (Рақымжанов), Т. Катонқарағай бірінші тұр [Мәтін] / Т. Рақымжанов // Дидар. - 2003. - 15 шілде. - Б. 4.
Рақымжанұлы (Рақымжанов), Т. Тәуелсіздік толғауы [Мәтін] / Т. Рақымжанов // Дидар. - 2003. - 15 шілде. - Б. 4.
Рақымжанұлы (Рақымжанов),Т. Ұстаз болу... [Мәтін] / Т. Рақымжанов // Дидар. - 2003. - 15 шілде. - Б. 4.

2004

Рақымжанұлы, Т. Мектеп директорының беделін көтеру керек [Мәтін] / Т. Рақымжанұлы // Егемен Қазақстан. - 2004. - 11 ақпан. - Б. 7.

Т. Рақымжанұлы (Рақымжанов) туралы әдебиет –

Литература о Т. Рахымжанове

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Рақымжанов Төлеген: б. 627.

Құмарбекұлы, М. Алтайдың ақ бұлағы [Мәтін] : [ақын Төлеген Рақымжановтың «Туған жер сені жырлаймын» атты өлең кітабына пікір] / М. Құмарбекұлы // Дидар. - 2003. - 8 сәуір. - Б.4

Рақымжанов Төлеген Рақымжанұлы [Мәтін] : [қазанама] // Арай. - 2010. - 9 шілде. - Б. 7.

Назырбаев, Қ. Өлеңмен өрілген өмір [Мәтін] : [ақын Төлеген Рақымжанұлын еске алу] / Қ. Назырбаев // Арай. - 2010. - 9 қыркүйек. - Б. 6-7.
Рақымжанов Төлеген Рақымжанұлы [Мәтін] : [қазанама] // Арай. - 2010. - 9 шілде. - Б. 7.