Известные имена

Ақын жазушылар

Афанасьев А. А.

Афанасьев Александр Алексеевич(1909 - ...) – жазушы, журналист, ҰОС қатысқан.

1909 жылы 22 қарашада Барнауылда жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1925 жылы Өскемен педагогикалық техникумына оқуға түсіп, «Звено Алтая» әдеби бірлестігіне қатысады. Техникумнан кейін Павлодарда изба-читальня меңгерушісі болады. Кейін, 1929 жылы Павлодар округі Иртыш селосында жұмысшы жастар мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1930 жылы Иртыш аудандық білім бөлімінде нұсқаушы, кейін, Глубокое колхоз жастары мектебінде меңгеруші қызметін атқарды. «Звено Алтая» әдеби бірлестігіне қатысуы ізсіз қалған жоқ.Александр Алексеевич көп жазды. 1930 жылы газет редакциясына жауапты хатшы және республикалық «Советская степь» газетінде меншікті тілші болды.

1931 жылдан бастап «Ленинская смена» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Осы жылы Барнаул қаласына барып, 1942 жылға дейін әртүрлі қызметте болды. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, саяси бөлімде нұсқаушы, «Сталинская гвардия» газетінде редактор, «Боевая красноармейская» газеті редакторының орынбасары болды. Соғыстан кейінгі жылдары зейнетке шыққанға дейін баспасөз орындарында қызмет етті:

1946-1947жж. - «Ворошиловец» (Ленинград әскери округі) газеті редакторының орынбасары

1947-1950жж. – «Защитник Родины» газетінің әдеби хатшысы (Одесса әскери округі)

1950-1952жж. – «Красная звезда» газетінің жауапты хатшысының көмекшісіәскеу қ.)

1952-1953жж. – редакторларды қайта дайындау курсында оқыды.

1953-1954жж. – «Знамя победы» газетінің әдеби хатшысы (Кеңес әскерлерінің Солтүстік группасы. Польша)

1954-1959жж. – «Защитник Родины» газетінің партия өмірі бөлімінің тілшісі (Воронеж әскери округі)

1969 жылдан бастап – зейнеткер.

Қайтыс болған жылы белгісіз.

 

Интернет –ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Афанасьев Александр Алексеевич [Электронный ресурс] : [биография, ГАВКО, ф.742, оп.1, 29 ед.хр., 1927-1985 г.г., каталог.] /Официальный сайт Государственного архива Восточно-Казахстанской области и его филиалы. - Режим доступа :

http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1436 (09.01.2019)

Ахметжан Т. З.

Ахметжан Т. З. жазушы, драматургАхметжан Талаптан Зейнолдаұлы (1961 - 2009) - жазушы, драматург.

1961 жылы 16 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Теректібұлақ ауылында туған.
1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын (қазіргі Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУі) аяқтаған соң, Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомитетінде редактор болып қызмет атқарады. Кейін «Қазақ әдебиеті» газеті бөлімінің меңгерушісі, ҚР баспасөз және БАҚ министрлігінде маман, «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың орынбасары болған. 2002 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарған.
«Тұма», («Родник», 1995), «Сұлу мен суретші» («Красавица и художник», 1997), «О дүниенің қонағы» («Гость с того света», 2001), «Мұң» («Печаль», 2003) прозалық шығармалар жинағы мен «Қараторғай», «Екі жүрек», «Тазша бала» пьесаларының6 «Ақиқат жолы» (2003), «Жан әлемі» (2006), «Екі томдық шығарма» (2006), «Шығармалар жинағы» (2007), «Ақиқат жолы» (2008), «...ғұмырын қишы жасынның!» (2022), «Айқасқа» (2022) авторы.
Республикалық «Жігер» жастар шығармашылығы фестивалі (1988) және Қазақстан Жастар одағы (1996) сыйлығының иегері. Сыни мақалалары мен естеліктері үшін О. Бөкей атындағы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығымен (1995) марапатталған. «Алаш» Халықаралық сыйлығының (2002) және В. Пикуль атындағы сыйлық (2008) иегері.

 

 

Т. Ахметжан шығармалары

Произведения Т. Ахметжана

 

Ахметжан, Т. Тұма [Мәтін] : Хикаяттар мен әңгiмелер / Т. Ахметжан - Алматы: Жалын, 1995.- 192 б.

Ахметжан, Т. Сұлу мен суретші [Мәтін] : Хикаяттар мен әңгімелер / Ахметжан Т. - Алматы : Білім, 1998. - 240 б.

Ахметжан, Т. О дүниенің қонағы [Мәтін] : әңгімелер, хикаяттар және әңгіме-диалог / Т. Ахметжан - Астана : Елорда, 2001. - 376 б.

Ахметжан, Т. Мұң [Мәтін] : Хикаяттар мен әңгімелер / Т. Ахметжан - Алматы : Қазақпарат, 2003. - 236 б.

Ахметжан, Т. Ақиқат жолы [Мәтін] : Роман-диалог / Ред. Асылғазы Қ. - Алматы : ҚАЗақпарат, 2003.- 384 б.

Ахметжан, Т. Жан әлемi  [Мәтін] : Сұхбаттар / Т. Ахметжан .- Алматы : Сөздiк-словарь, 2006.- 240 б.

Ахметжан, Т. Шығармалар жыйнағы [Мәтін] / Т. Ахметжан. - Алматы : Жалын, 2006. - Т. 1 : Айсәуле. - 288 б.

Ахметжан, Т.  Шығармалар жинағы [Мәтін] / Т. Ахметжан. - Алматы : Жалын, 2007. - Т. 2 : Мұң. - 288 б.

Ахметжан, Т. Ақиқат жолы [Мәтін] : роман-диалог / Т. Ахметжан. - Алматы : Жалын, 2008. - 240 б.

 

Т. Ахметжанның мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Произведения Т. Ахметжана, опубликованные в периодической печати

 

Ахметжан, Т. Жан азығы [Мәтін] : [Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңінің астарындағы ой] / Ахметжан Т. // Егемен Қазақстан. - 1998. - 7 ақпан.

Ахметжан, Т. Қатыгез қоғам-қорқау жұлдыз [Мәтін] : [Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жазушы Ә.Таразидің "Қорқау жұлдыз" романы туралы] / Ахметжан Т. // Қазақ әдебиеті. - 1994. - №48. - Б. 6.

Ахметжан, Т. Итшілеп тапқан мал адамшылықпен жұмсалса ғана қуатты екен... [Мәтін] / Ахметжан Т. // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 6 сәуір. - Б. 11.

Ахметжан, Т. Мен таусыз тұра алмаймын [Мәтін] / Ахметжан Т. // Парасат. - 2001. - №3. - Б. 16-17.

Ахметжан, Т. Абайды сахнада неге ерте қартайттық? немесе "Абай" спектаклінен кейінгі ой [Мәтін] / Ахметжан Т. // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 29 наурыз. - Б. 9.

Ахметжан, Т. Болат Атабаев театрдан неге кетті? [Мәтін] / Ахметжан Т. // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 18 қаңтар. - Б. 5.

Ахметжан, Т. Ғасырдың бел құрдасы [Мәтін] / Ахметжан Т. // Парасат. - 2002. - №2. - Б. 8-9.

Ахметжан, Т. Қазақ прозасының мұзтауы [Мәтін] / Ахметжан Т. // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 5 желтоқсан. - Б. 15.

Ахметжан, Т. Оралханды ойлағанда... [Мәтін] / Ахметжан Т. // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 17 қараша. - Б. 9.

 

Т. Ахметжанның орыс тіліндегі шығармалары

Произведения Т. Ахметжана на русском языке

 

Ахметжан, Т. Художник и красавица  [Текст] : Рассказ / Т. Ахметжан; пер. Т. Васильченко // Литературная газета Казахстана.- 2007. - 22 мая. - С. 4-5.

Ахметжан, Т. Художник и красавица  [Текст] : Повесть / Т. Ахметжан; пер. Т.Васильченко // Простор.- 2008.- № 3.- С. 49-66.

Ахметжан, Т. Неповторимый Кайсенов [Электронный ресурс] / Т. Ахметжан. - Режим доступа:http://kaissenov.com/index.php/ru/chistye-sovremenniki/179-smi-9 (08.05.2016)

 

Т. Ахметжанның редакторлығымен жарық көрген кітап

Участие Т. Ахметжана в создании книг, как главный редактор

 

Сығай, Ә. Актер әлемі [Мәтін] / Ә. Сығай. - Алматы : Ан-Арыс, 2008 - Т. 1 / бас ред. Т. Ахметжан. - 272 б. - (Наркескен).

 

Т. Ахметжан туралы әдебиет

Литература о Т. Ахметжане

 

Талаптан Ахметжан [Текст] : [писатель ; некролог] // Рудный Алтай. - 2009. - 30 июня.. - С. 5.

Умер Талаптан Ахметжан [Электронный ресурс] . - Режим доступа: http://www.nomad.su/?a=20-200906290213 (08.05.2016)

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - : Аруна ; Алматы : Қазығұрт, 2010. - С. 84.

Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 : анықтамалық. - Алматы : Золотой теленок. - 2006. - Т. 2. - 996 с.

Ахметов Е.

Ахметов Е. ақын, жыршыАхметов Ержан (1879-1967) – ақын, жыршы.

1879 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген. Атақты ақын, әнші Әсет Найманбайұлынан көп тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарған, айтыстарға қатысқан. 1920-1956 жылы Қытайдың Тарбағатай өңірінде болып, туған жеріне оралған соң жыршылық өнерін жалғастырып, ел аузындағы жыр, дастандар мен қиссаларды, аңыз, әңгімелерді жинаумен айналысты. Әсет, Жанұзақ ақындардың шығармаларын насихаттады. Өзінің тақпақ сөздері мен қысқа өлең-жырларына қоса “Мырзаш батыр” атты елінің бостандығы үшін күрескен қаһарман туралы көлемді дастан жазды. Бұл дастан Шығыс Қазақстан өңіріне кеңінен тараған. Ақын Әзмұхамбет Терлікбаевпен айтысы “Айтыс” жинағының 3-томында (1966) жарияланған. Ақын батырлар жыры мен ақындар айтысын жинап, қазіргі ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. Ол жырлаған “Арқалық батыр”, “Бердіқожа батыр”, “Қабанбай батыр”, “Бозжігіт”, “Бақтияр” және т. б. көлемді жырлар мен дастандар көптеген жинақтарға енген. Ақын тапсырған ауыз әдебиеті үлгілері Қазақстан Ғылым министрлігі Ғылым Академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба және текстология орталығында сақталған.

1967 жылы қайтыс болды.

 

 

Е. Ахметов шығармалары

Произведения Ахметова Е.

 

Мырзаш батырдың қиссасы [Мәтін] : Ержан Ахметов нұсқасы // Тарихи жырлар / ред. Ұ. С. Тілегенова. - Астана : Фолиант, 2010. - 456 б. - (Бабалар сөзі : жүз томдық ; т. 63).

Е. Ахметов туралы әдебиеттер

Литература об Ахметове Е.

 

Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін]. - Өскемен : ШҚМУ, 2006. - 432 б. - Ержан Ахметов: с. 316-317.

​Сказителя пленительная речь [Электронный ресурс] // Казахстанская правда: сайт. - Режим доступа:http://www.m.kazpravda.kz/fresh/view/skazitelya-plenitelnaya-rech/ (дата обращения 29.06.2016) - О Нурпеисе Байганине - представителе народного эпоса, чьи произведения записал и исполнил Ержан Ахметов.

Ахметов Ержан [Текст] // Литература Казахстана: знциклопедический справочник. - [Б. м.] : Аруна ; Алматы : Қазығұрт, 2010. - 528 с. - С. 85.

Ахметов Е.

,

Әшімханов Д.

Әшімханов Дидахмет

Әшімханов Дидахмет (1950-2015) - жазушы, журналист, аудармашы, КСРО Жазушылародағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Алаш»халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңа-үлгі ауылында дүниеге келген. 

1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін бітіргеннен кейін жол құрылысы учаскесінде жұмысшы, Большенарым (қазіргі Үлкен-Нарын) аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, Совет Армиясы қатарында (1969-1971) сарбаз, Алматы үй құрылысы комбинатында тас қалаушы болған.

КазГУ-дің журналистика факультетінің (1972-1978) күндізгі бөлімінде оқи жүріп, еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (1975-1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған ол кейін республикалық «Қазақстан пионері» (1978-1980), «Қазақ әдебиеті» (1980-1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» (1992-1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. 1993 жылдан 2015 жылға дейін халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарды. Сонымен бірге 2003 жылдан 2015 жылға дейін «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті қызметін атқарды.

Дидахмет Әшімханұлы, сондай-ақ, 1999 жылдың ақпан-маусым аралығында арнайы шақырумен Астана қалалық «Астана ақшамы» газетінде бас редактордың 1-інші орынбасары, 1993 жылдан 2000 жылға дейін негізгі қызметімен қоса әр кезеңде «Атамұра» баспасында редактор, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Отан» журналында бас редактордың орынбасары, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы болады.

Әдеби шығармасы тұңғыш рет баспасөз бетінде 1965 жылы 8 наурызда Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінде жарияланады. («Шырқал ән». Өлең).

Проза жанрындағы тұңғыш әңгімесі «Аққабаның толқыны» деген атпен 1975 жылы «Коммунизм туы» газетінде, «Арман қанатында» атты коллективтік жинақта (1978) жарық көрген. 1981 жылы «Аққабаның толқыны», 1987 жылы «Он бірінші күз», «1990 жылы «Каменная падь», «Жер аңсаған Сарыатан», 2000 жылы «Самырсын сазы» атты прозалық кітаптары «Жалын», «Жазушы», «Елорда» баспаларынан жолдама алған.

Дидахмет Әшімханұлы – әдеби көркем шығармаларымен қоса екі жүзге жуық публицистикалық туындының авторы. Оның «Әңгіме емес әңгімелер» атты публицистикалық кітабы жарыққа шықты.

1986 жылдан СССР Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі. «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері, «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген шығармалары неміс, қытай, ағылшын, француз, монғол, украин, татар, қырғыз тілдерінде аударылған.

Сонымен қатар жазушының өзі А.Курчаткин, А.Ашимров, Х.Абдуллин, Т.Минуллин, А.Лупан, Т.Пулатов, П.Пурэвсрэн, Кришннамаб Малл т.б. көптеген туысқан халықтар жазушыларының жеке повестері мен әңгімелерін және Джон Голсуорси, Джек Лондонның ең танымал романдарын, әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен. Сонымен қатар, «Аждаһа» пьесасын қазақ тіліне аударған.

Молдаван драматургы А.Кирийдің «Зона» пьесасы Дидахметтің тәржімалауымен 1998 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында қойылып келеді.

Дидахмет Әшімханұлы – қалың оқырман мен әдеби ортада әңгіме жанрының шебері, стилист, талантты журналист, белгілі аудармашы ретінде танылған қаламгер.

1950 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында туған. 1968 жылы Шыңғыстай орта мектебін, 1978 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Қазақ әдебиеті», «Заман Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген. 1993 жылдан қазірге дейін Халықаралық «Түркістан» апталығында бас редактордың орынбасары, сондай-ақ 2003 жылдан бері «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті, «Орхон» Баспа үйінің директоры.

Прозалық сегіз кітаптың авторы. Жекелеген бірнеше шығармасы әлемнің тоғыз тіліне аударылған (қытай, неміс, моңғол, түрік, орыс, украин, мари, қырғыз, өзбек).

Д. Әшімханұлы сондай-ақ қалың оқырманға өткір публицист, белгілі аудармашы ретінде де жақсы таныс.

СССР Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

2015 жылы 23 мамырда  Алматы қаласында қайтыс болды.

Қаламгердің 70 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы туған жері Катонқарағай ауданында ескерткіш орнатылды. 

Д. Әшімханов шығармалары

Произведения Ашимханова Д.

Әшімханұлы, Д. Көптомдық шығармалар [Мәтін] / Д. Әшімханұлы. - Астана : Нұра-Астана, 2015-2016.

Т. 1 : Тасқала : повестер мен әңгімелер. - 2015. - 480 б.

Т. 2 : Ақшоқы. - 2016. - 480 б.

Т. 3 : Теңіз қорқауы : аудармалар. - 2016. - 480 б.

Әшімханұлы, Д. Шығармалары [Мәтін] / Д. Әшімханұлы; Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі. Т. 1 : повестер мен әңгімелер. - Астана : Фолиант, 2011. - 392 б. - (Мәдени мұра) (Алтай-Ертіс кітапханасы). - Мазмұны: Жер аңсаған Сарыатан ; Он бірінші күз ; Босаға : повестер.

Әшiмханов, Д. Аққабанның толқыны [Мәтін] : әңгiмелер / Д. Әшiмханов. - Алматы : Жалын, 1981. - 120 б.

Әшімханұлы, Д. Жер аңсаған Сарыатан [Мәтін] : әңгімелер мен повестер / Д. Әшімханұлы - Алматы : Жазушы, 1998. - 272 б.

Әшімханұлы, Д. Сары самауыр [Мәтін] : әңгімелер мен хикаяттар / Д. Әшімханұлы - Алматы : Раритет, 2006. - 336 б. - (Қазақ прозасы қазынасынан) (Алтын қор кітапханасы).

Әшімханұлы, Д. Кеш [Мәтін] : шығармалары / Д. Әшімханұлы . - Алматы : Ел-шежіре, 2016. - 232 б.

Әшімханұлы, Д. Ақшоқы : [әңгіме] / Д. Әшімханұлы // Дидар. - 2011. - 7 қазан (№117). - Б. 7 ; 10 қазан (№118). - Б. 4.

Әшімханұлы, Д. Жазушының нақыл сөздері / Д. Әшімханұлы. - Мәтін (визуалды) // Ана тілі. - 2025. - 5 маусым (№23). - Б. 4.

***

Ашимханов, Д. Каменная падь [Текст] : повести, рассказы / ред. Г. Мукатов ; пер. с каз. Д. Ашимханова. - Алма-Ата : Жалын, 1990. - 238 с.

Ашимханов, Д. Бабушкин самовар [Текст] / Д. Ашимханов // Цветы и камень: сборник рассказов: пер. с каз. - Алма-Ата : Жазушы, 1989. - 284 с.

Ашимханов, Д. Расплата [Текст] : рассказ / Д. Ашимханов // Рудный Алтай. - 1987. - 17 июля.

Ашимханов, Д. Всю жизнь будем воспевать Алтай [Текст] / Д. Ашимханов // Луч. - 1993. - 21 июля.

Ашимханулы, Д. О родине, о творчестве, о себе [Текст] : [интервью] / Д. Ашимханулы // Рудный Алтай. - 2000. - 10 авг. - С. 2.

 Д. Әшімханов аудармалары

Переводы Ашимханова Д.

 Абдуллин, Х. Сұрапыл жылдар; Окопта; Қияда құлаған қыран [Мәтін] : әңгiмелер / Х. Абдуллин; ауд. Д. Әшiмханов // Қазақ әдебиетi. - 1981. - 9 январь.

Аширов, А. Солдаттан қалған тұяқ [Мәтін] : повесть / А. Аширов; ауд. Д. Әшiмханов // Жұлдыз. - 1986. - N 10. -  Б. 9-33.

Аширов, А. Шағыр [Мәтін] : әңгiме / А. Аширов; ауд. Д. Әшiмханов // Қазақ әдебиетi.- 1984.- 3 февраль.Голсуорси, Д. Алманың албырап пiскен шағы [Мәтін] / Д. Голсуорси; ауд. Д. Әшiмхан // Әлем әдебиетi. - 2012. - № 3. -  Б. 3-43.

Голсуорси, Д. Девондық адам: новеллалар [Мәтін] / Д. Голсуорси; ауд. Д. Әшiмханұлы. – Астана : Аударма, 2011. - 456 бет. - (Әлемдiк классика)

Д. Әшімханов туралы әдебиет

Литература об Ашимханове Д.

 Дидахмет [Мәтін] : мақалалар, естеліктер, арнаулар. - Өскемен : Берель, 2015. - 157 б.

Ұлттың рух жыршысы [Мәтін] : Дидахмет Әшімханұлы туралы естеліктер. - Алматы : Ел-шежіре, 2016. - 208 б.

***

Ашимханулы Дидахмет [Текст] // Литература Казахстана : энциклопедический справочник.  -  Алматы:  Аруна : Қазығұрт, 2010. -  С. 88.

Встречи на родной земле [Текст] : [Творческий визит писателя Д.Ашимханулы на родную землю, связанный с 50-летним юбилеем] // Луч. - 2000. - 25 июля. - С. 1.

Оркушпаева, Н. Гордость Алтайской земли [Электронный ресурс] : [о республиканской конференции «Современная казахская литература и произведения Д. Ашимханова»] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. - 2015. - 12 окт. - С. 1, 2. - Режим доступа: 

Мақалалар – Статьи

Назырбаев, Қ. Аққабаның толқыны : [жазушы Д. Әшімханов жайлы] / Қ. Назырбаев // Арай. - 1981. - 20 июнь.- б.4

Қаңтарбаев, Ә. Туған жер топырағында жатқан игі жақсылардың зираты жоқ шығар : [Жерлесіміз Д. Әшімханұлының "Жер аңсаған Сарыатан" жинағы туралы] / Ә.Қаңтарбаев // Дидар. - 1998. - 15 желтоқсан. - Б. 6

Қаңтарбаев, Ә. Жас дәурен,бізді қайда бастамадың / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2000. - 10маусым. - Б. 5.

Ысқақ, Қ. Менің інілерім : [Жазушы драматург Қ.Ысқақовтың Дидахмет Әшімханұлы мен Әлібек Асқаров туралы деректі эссесі] / Ысқақ Қ. // Дидар. - 2000. - 1шілде. - Б. 4 ; 2000. - 4шілде. - Б. 4.

Хасан, С. Самырсын сазы / С. Хасан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 20 сәуір. - Б. 9.

Жұртбай, Т. Тұспалды тұлға / Т. Жұртбай // Қазақ әдебиеті. - 2004. - 31 желтоқсан. - Б. 5.

Ергөбек, Қ. Ұлттың рух жыршысы : жазушы Дидахмет Әшімханұлы жайында пайым / Қ. Ергөбек // Қазақ әдебиеті. - 2010. - 11 маусым. - Б.10.

Қаңтарбаев, Ә. Тау мінезді талант: [жазушы, драматург Дидахмет Әшімханұлы туралы эссе] / Ә. Қаңтарбаев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 16 маусым.- Б.10.

Ергөбек, Қ. Ұлттың рух жыршысы / Қ. Ергөбек// Қазақ әдебиеті . - 2010.- 11 - 17 маусым.- Б. 10.

Қайсенова, Г. Таудай талант иесі / Г. Қайсенова // Арай. - 2010. - 28 қазан.- Б.6-7.

Сейфолла, О. Үш әңгімеге үш түйін : жазушы Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығы хақында / О. Сейфолла // Ана тілі. - 2015. - 23-28 сәуір. - Б. 9

Дидахмет Әшімханұлы : [некролог] // Дидар. - 2015. - 25 мамыр (№58). - Б. 5

Әлібеков, Ә. Біз сені ұмытпаймыз: қазанама (1950-2015) / Ә.Әлібеков // Егемен Қазақстан . - 2015. - 26 мамыр. - Б.15

Дидахмет Әшімханұлы : қазанама (1950-2015) // Егемен Қазақстан . - 2015.- 26 мамыр. - Б. 15

Ергөбек, Қ. Қош, жан досым ! : қазанама (1950-2015) / Қ. Ергөбек // Егемен Қазақстан . - 2015. - 26 мамыр . - Б.15.

Қызыр, Ж. Төр Алтай қарымды қаламгерімен қоштасты : [жерлес жазушы Д. Әшімханұлы дүниеден өтті] / Ж. Қызыр // Дидар. - 2015. - 27 мамыр (№59). - Б. 3

Адырбекұлы, К. Машиналды соғыс. Дидахмет Әшімханұлы. Біздің Головкин: Үш таған / К. Адырбекұлы // Түркістан . - 2015.- 28 мамыр . - Б.10

Белгілі қаламгер дүние салды: [Жазушы Дидахмет Әшімханов өмірден өтті] // Менің өлкем. - 2015. - 28 мамыр. - Б. 3.

Қаламсап Дидағаңсыз қалды жетім... // Түркістан . - 2015.- 28 мамыр (№ 21). - Б. 1,11

Отарбаев, Р. Аманат айтқан: қазанама / Р. Отарбаев // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым . - Б.15

Рәш, М. Не етсем екен?. : қазанама / М. Мыңбай // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым (№ 21). - 15

Сегізбайұлы, К. Бақұл бол, бауырым, Дидасжан!. : қазанама / К. Сегізбайұлы // Қазақ әдебиеті . - 2015. - 29 мамыр. - 4 маусым . - Б.15

Түменбай, Қ. Аққабаның толқынына асыққандай: қазанама / Қ.Түменбай // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым . - Б.15

Ыбырайым, Б. Мезгілсіз қаза...: қазанама / Б. Ыбырайым // Қазақ әдебиеті . - 2015.- 29 мамыр - 4 маусым . - Б.15

Бөкен, А. Дидаш кетті... (Дидахмет дос рухына) : өлең / А. Бөкен // Түркістан . - 2015.- 11 маусым . - Б.11

Шағатай, Ж. Тағдыр кітабының соңғы тарауы /Ж. Шағатай // Түркістан . - 2015.- 11 маусым . - Б. 1,11

Игісін , Ж. Ойланып жүріп, оянбай қалдың...: [Жазушы Дидахмет Әшімхановқа элегия] / Ж. Игісін // Дидар. - 2015. - 12 маусым.- Б. 20.

Ақатайқызы, Г. Қаламынан ауыл иісі аңқыған қаламгер: жазушы Дидахмет Әшімханұлы шығармалары хақында / Г. Ақатайқызы // Түркі әлемі. - 2015. - № 6,7.- Б.12

Кәпқызы, Е. Ұлттық рухты ұмытпайтын / Е. Кәпқызы // Түркістан . - 2015. - 9 шілде . - Б. 8.

Кенжехан, Мұратхан. Алтай жұрты ардақты жазушысын еске алды: [Жазушы Д. Әшімхановты еске алу шарасы өткізілді.] / М. Кенжехан // Дидар. - 2015. - 10 қазан.- Б.1-2.

Кәкенұлы, Ж. Бізді табыстырған биік таулар /Ж. Кәкенұлы // Түркістан . - 2016.- 19 мамыр . - Б.11

Түменбай, Қ. Дидаштың жұбайы - депутат / Қ. Түменбай // Түркістан . - 2016.- 19 мамыр . - Б. 11

Нұразхан, Е. Қазағым деп қанаттанған / Е. Нұразхан // Түркістан . - 2016.- 19 мамыр. - Б.11

Хасан, С. Әшімханұлының әлемі / С. Хасан // Айқын . - 2016.- 25 мамыр . - Б. 7

Байбол, Ә. Дидахмет дидары / Ә. Байбол // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 20 - 26 мамыр . - Б.10.

Әшімхан, Д. Алғашқы оқырманы мен едім / Д. Әшімхан // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 20 - 26 мамыр . - Б.10

Әнуарбек, Ә. Өмірді сүйген, адамды сүйген жүрекпен.../ Ә. Әнуарбек // Түркістан . - 2016.- 26 мамыр . - Б.10

 Адырбекұлы ,К. Көзден кетсе де... / К. Адырбекұлы // Түркістан . - 2017. - 25 мамыр . - Б. 11.

Кәпқызы, Е. Сөзі саз, өзі нар тұлға / Е. Кәпқызы // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 9 - 15 маусым . - Б. 22

Орда, Г. Қаламы қазақ үшін жорғалаған / Г. Орда // Түркістан . - 2017.- 6 шілде. - Б. 9

Жер аңсаған Сарыатанға -70 жыл : [Жазушы Д. Әшімхановтың туғанына 70 жыл] // Алдаспан. - 2020. - 20 ақпан.- Б.13.

Керімбай, С. Ажалдың айналсоқтап жүргенін сезіп еді / С. Керімбай // Дидар. - 2020. - 30 сәуір.- Б. 25.

Қасымов, А. Көбік сөзден ада қаламгер еді... / А. Қасымов // Дидар. - 2020. - 13 мамыр.- Б.22; Арай. - 2020. - 29 мамыр. - Б. 6.

Жуанханқызы, Г. Дидахметпен бірге оқыдық: сыныптасы Гулнар Жуанханқызының жазушы Дидахмет Әшімхановтың 70 жылдығына орай естелігі / Г. Жуанханқызы // Арай. - 2020. - 22 мамыр.- Б. 2.

Адырбекұлы, К. Дидағаң еске түскенде.... : жазушы Дидахмет Әшімханов туралы / К. Адырбекұлы. - Мәтін // Түркістан. - 2024. - 16 ақпан (N7). - Б. 5.

Тұрсынбайұлы, Б. Уақыт соққан жел : жазушы Дидахмет Әшімханұлы туралы / Б. Тұрсынбайұлы. - Мәтін (визуалды) // Жас алаш. - 2024. - 29 тамыз (N66). - Б. 1-7.

Түменбай, Қ. Дидахметтің қоңыр күзі : жазушы Дидахмет Әшімханұлы туралы / Қ. Түменбай. - Мәтін (визуалды) // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 13 маусым (№23). - Б. 8.
Райыс, Б. "Іздері - ізгілік, кісілік" : жазушы Дидахмет Әшімханұлы туралы / Б. Райыс. - Мәтін (визуалды) // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 13 маусым (№23). - Б. 9.
Ергөбек, Қ. Ұлттық рух жыршысы : жазушы Дидахмет Әшімханұлы туралы / Қ. Ергөбек. - Мәтін (визуалды) // Қазақ әдебиеті. - 2025. - 13 маусым (№23). - Б. 10-11.
Сарин, Қ. Қиынжыра : жазушы Дидахмет Әшімханұлына арналған өлең / Қ. Сарин. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 26 маусым (№26). - Б. 11.
Зиятхан, Қ. Аластың ақыры : жазушы Дидахмет Әшімханұлының рухына арналған өлең / Қ. Зиятхан. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 26 маусым (№26). - Б. 11.
Дүйсенғазы, С. Қос қарағай : жазушы Дидахмет Әшімханұлы мен Қалихан Ысқаққа арналған өлең / С. Дүйсенғазы. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2025. - 26 маусым (№26). - Б. 11.
Имамбай, Д. Адамдық ыстық жүрекпен : жазушы Дидахмет Әшімханұлының публицистикасы хақында / Д. Имамбай, Е. Қасен. - Мәтін (визуалды) // Ақиқат. - 2025. - №6. - Б. 54-61.

 Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Әшімхан, Д. Ақшоқы [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1487-akshoki_kura

Әшімхан, Д. Босаға [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1489-bosaga_kura

Әшімхан, Д. Жер аңсаған сарыатан [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1493-zher_angsahan_saryatan

Әшімхан, Д. Ит жылы [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1494-it_zhyly

Әшімхан, Д. Құдайсыздар [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1495-qudajsyzdar

Әшімхан, Д. Он бірінші күз [Электрондык ресурс] / Д. Әшімханұлы. - Режим доступа:http://kitap.kz/index.php/catalog/book/1496-on_birinshi_kuz