Серікбаев Дәулет Мырқасымұлы (1921-1972) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері.
Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарында әскери міндетін атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдарында танктің механик-жүргізушісі болған. Запасқа шыққан соң, Қазақ ауылшаруашылық институтының механика факультетін, аспирантураны аяқтап, диссертация қорғаған. Көптеген ғылыми еңбектердің, соның ішінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың авторы.
Өзі аяқтаған институтта оқытушы, кейін Өскемен құрылыс-жол институтының ректоры міндетін атқарған. Д. М. Серікбаев институтқа (қазіргі Шығыс Қазақстан техникалық университеті) ерекше еңбек сіңірді.
Д. М. Серікбаевтың ағартушылық қызметі республикалық деңгейде өтті: Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы оқу орны министрлігінің ЖОО басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Дене шынықтыру және спорт комитеті алқасының мүшесі қызметтерін атқарған.
КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының ордень, медальдарымен, соның ішінде «КСРО жоғары білім беру саласындағы еңбегі үшін» және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Өскемен қаласында Луговая көшесіне және Шығыс Қазақстан Техникалық университетіне Д. Серікбаев есімі берілген.
Д. М. Серікбаевтың ғылыми еңбектері
Научные труды Д. М. Серикбаева
Кітаптар – Книги
Серікбаев, Д. М. Машина детальдары: жоғарғы техникалық оқу орындары студенттеріне арналған / Д. М. Серікбаев, С. Д. Тәжібаев. - Алматы: Мектеп, 1983. - 300 б.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Серікбаев Дәулет Мірқасымұлы / Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы.- 2014. - Б. 697.
***
Столярова, Е. Серікбаевтың есімі берілді: [Шығыс Қазақстан техникалық университетіне оның тұңғыш ректоры Д. М. Серікбаевтың есімі берілгендігі туралы] / Е. Столярова // Дидар. - 1997. - 29 қараша. - Б. 3.
Күлсейітов, Ж. Есімін елі ардақтаған: [Луговая көшесіне Д. Серікбаевтың есімін беру туралы ШҚТУ проректорымен сұхбат] / Ж. Күлсейітов // Дидар. - 2000. - 29 тамыз. - Б. 4.
Қинаятқызы, С. Ұмытылмас есім / С. Қинаятқызы // Дидар. - 2003. - 19 сәуір. - Б. 6.
Әбіш, Е. Шығыста техникалық білімнің іргесін қалаған: [ШҚМТУ-нің тұңғыш ректоры Д. Серікбаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылды] / Е. Әбіш // Дидар. - 2011. - 2 желтоқсан. - Б. 1-2.
***
Баталов, Ю. Первый ректор УКСДИ: к 75-летию Д. М. Серикбаева / Ю.Баталов, Л.Столярова // За знание. - 1996.– 12 декабря. - № 10. - С. 1-2.
Время зрелости,время свершений: [ВКТУ им.Д.М. Серикбаева - 40 лет] // Рудный Алтай. - 1998. - 24 сентября. - С. 4.
Григорьев, Е. Слово о Серикбаеве: [о первом ректоре ВКТУ Д.М.Серикбаеве] / Е.Григорьев // Рудный Алтай. - 2000. - 18 апреля. - С. 3.
Садвакасова, Е. Именем Даулета Серикбаева: [улица Луговая переименована в улицу имени Даулета Серикбаева] / Е.Садвакасова // Рудный Алтай. - 2000. - 19 августа. - С. 2.
Маутканов, Г. Серикбаевские традиции университета: память и уважение истории остается традиционным приоритетом университетского патриотизма ВКГТУ им. Д. Серикбаева / Г. Маутканов // Рудный Алтай. - 2007. - 30 января. - С. 6.
Ермухан, Д. "Он был громогласным ректором...": в Усть-Каменогорске установлена мемориальная доска в память о первом ректоре ВКГТУ им. Д. Серикбаева / Д. Ермухан // Рудный Алтай. - 2011. - 1 декабря. - С. 1.
Панковская, Г. Памяти первого ректора / Г. Панковская // За знание. - 2015. - 5 мая. - №5. - С. 4.
Сарсембаева, Б. Яркий след Даулета Серикбаева: память и уважение к истории остается традиционным приоритетом патриотизма Восточно-Казахстанского технического университета имени Даулета Серикбаева / Б. Сарсембаева // Рудный Алтай. - 2021. - 20 ноября. - С. 5.