Известные имена

Шопатов К. М.

Шопатов К. М.Шопатов Кәрібек Мұхаметқалиұлы (1955) – ақын, Әлем Халықтары Жазушылар одағының мүшесі.

1955 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Еңбек ауылы, Жидебай қыстауында дүниеге келген. Күршім ауданына қарасты Қаратоғай орта мектебін өте жақсы бітіріп, 1972 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына фармацевт мамандығы бойынша оқуға түседі. Аталмыш оқу орнын 1977 жылы тәмамдаған, I-ші дәрежелі провизор. Фармацевтика саласында 46 жыл еңбек етіп, ұзақ жылдар Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы №14 орталық аудандық дәріхана меңгерушісі болды, сондай-ақ «Тарбағатай аудандық өндірістік «Фармация» кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
1995-2005 жылдарда Тарбағатай аудандық орталық ауруханасында дәріхана меңгерушісі, 2005-2011 жылдарда «Тарбағатай аудандық муниципалдық ауруханааралық дәріхана» МҚКК директоры, 2011 жылдан «Тарбағатай аудандық муниципалдық дәріхана» ЖШС директоры болып қызмет атқарып, аудан халқын сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Атқарған елеулі еңбегі үшін бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен дәріханалар басқармасының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған.
Өзінің негізгі мамандығы бойынша жауапты қызметтер атқара жүріп, шығармашылықты да қатар алып жүрді. Өмірін әдебиетке арнаған ол бірнеше кітап жазып, аударма саласында да жемісті еңбек етті. Ақынның өлеңдері мен танымдық мақалалары облыстық, аудандық газеттерде жиі жарияланып, оқырман қауымның зор ықыласына бөленді.
«Тарихқа толы Тарбағатай» кітабының 4-ші томында екі танымдық көлемді мақаласы «Ел іші – өнер кеніші» тақырыбымен жарияланған.
2021 жылы «Уақыт иірімдері» атты кітабы жарыққа шыққан. 2025 жылы «Құздан келем құлдилап…» екінші поэзиялық кітабы жарық көрді.
Сайболат бабаның 350 жылдығына арналған «Мен ұрпағыммен тірімін» атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасында өлеңдері жүлделі үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, белгілі жерлес ақын Хамит Балшабековтің 80 жылдығына арналған жыр байқауында «Ақынмен сырласу» атты өлеңі бірінші орынды жеңіп алды. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Мағауиннің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық жыр мүшәйрасында үшінші орын алып, тағы басқа да көптеген жыр додаларында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, «Өтірік өлең» тақырыбында өткен жыр мүшәйрасында бас жүлдені иеленді.
Ақын Серік Жұматовтың «Жыр жәрмеңкесі» халықаралық тобының, «Барқытбелде жыр жебе» клубының, Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана жанынан құрылған «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының белсенді мүшесі. «Жыр жәрмеңкесі» тобы ұйымдастырған «Әлемге керек тыныштық» атты жыр мүшәйрасында «Үздік ақын – 2024» атағына ие болды.
Ол «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық шығармашылық бірлестігінің «Ел ардақтысы» медалімен және Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы мәдениет бөлімінің «Өнер саңлағы» медалінің иегері.

К. М. Шопатовтың (К. Мұхаметқалиұлының) шығармалары
Произведения Шопатова К. М. (Мұхаметқалиұлы К.)

Мұхаметқалиұлы, К. Уақыт иірімдері / К. Мұхаметқалиұлы. - Семей: Интеллект, 2021. - 230 б.
Мұхаметқалиұлы, К. Құздан келем құлдилап... / К. Мұхаметқалиұлы. - Семей: Интеллект, 2025. - 153 б.

Жинақтарда жарық көрген мақалалары мен өлеңдері
Статьи и стихи опубликованные в сборниках

Шопатов К. Әрімжан Жанұзақұлы / К. Шопатов // Тарихқа толы Тарбағатай. IV том.- Алматы: Мерей, 2019.- Б. 158-163.
Шопатов К. Тума талант еді: [шәкәрімтанушы К.Р. Өлмесеков туралы] / К. Шопатов // Тарихқа толы Тарбағатай. IV том.- Алматы: Мерей, 2019.- Б. 166-172.
Шопатов К. Өлеңдер // Өлең – менің серігім: жыр антологиясы.- Алматы: Үш қиян, 2023.- Б. 9-11.
Шопатов К. Өлеңдер // Сәдуақасов С. Қалғұтым-қойнауың құт, тасың тарих / С. Сәдуақасов.- 2024.- Б. 214-228.

Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары

Статьи опубликованные в периодических изданиях

Мұхаметқалиұлы К. Ақын туралы аз ғана ақиқат / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2019.- 8 наурыз.- Б. 8.

Мұхаметқалиұлы К. Сенемін ұстап тұрып жүрегімді; Еркіндік іздеген бір ұлмын: өлеңдер / К. Мұхаметқалиұлы // Рауан-Заря.- 2020.- 24 қаңтар.- Б. 8.
Мұхаметқалиұлы К. Биыл Тарбағатайда қыс жайлы: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2020.- 1 ақпан.- Б. 6.
Мұхаметқалиұлы К. Нағыз талант ауылда туады (Өнер майталманы) / К. Мұхаметқалиұлы // Рауан-Заря.- 2020.- 10 сәуір.- Б. 8.
Мұхаметқалиұлы К. Тезірек кел, қыз - көктем: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2020.- 11 сәуір.- Б. 4.
Мұхаметқалиұлы К. Ерте келген күз: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2020.- 10 қазан.- Б. 4.
Мұхаметқалиұлы, К. Қаратоғайдың қара нары / К. Мұхаметқалиұлы // Дидар. - 2020. - 13 қазан. - Б. 7.
Мұхаметқалиұлы К. Өзіммен сырласу: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2020.- 5 желтоқсан.- Б. 8.
Мұхаметқалиұлы К. Бостандыққа жол алған бақыт құсы: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2020.- 12 желтоқсан.- Б. 2.
Мұхаметқалиұлы К. Ақ жаулығың желбіреп: өлең /К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2021.- 6 наурыз.- Б. 1.
Мұхаметқалиұлы К. Мамыр айы көрсетер жылы қабақ: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2021.- 1 мамыр.- Б. 2.
Мұхаметқалиұлы К. Зерделеп ел тарихын: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тарбағатай.- 2021.- 3 шілде.- Б. 2.
Мұхаметқалиұлы К. Қобыз шалған Қарагөз / К. Мұхаметқалиұлы // Дидар.- 2024.- 22 ақпан.- Б. 16.
Мұхаметқалиұлы К. Киелі мекен; Ақжарыма арнау: өлеңдер / К. Мұхаметқалиұлы // Тұғырлы Тарбағатай.- 2024.- 1 март.- Б. 3.
Мұхаметқалиұлы К. Жолдағы күз көрінісі: өлең / К. Мұхаметқалиұлы // Тұғырлы Тарбағатай.- 2024.- 11 қазан.- Б. 6.
Мұхаметқалиұлы К. Кешір, өлең, болсам егер төзімсіз: өлеңдер / К. Мұхаметқалиұлы // Қазақ әдебиеті.- 2025.- 26 қыркүйек (№38).- Б. 17.
Шопатов, К. Қазақта екі түрлі ғана ит болған: Таутөбет және құмай тазы / К. Шопатов // Тарбағатай. - 2019. - 2 ақпан. - Б. 6.
Шопатов, К. Тума талант еді: Шәкәрімнің әндерін зерттеп, зерделеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуші Өлмесеков Келденбай Раузаұлы туралы бір үзік сыр / К. Шопатов // Семей таңы. - 2019. - 5 ақпан. - Б. 6.
Шопатов К. «Кәбеңке» деп айтпайсыңба?: әзіл / К. Шопатов // Дидар.- 2019.- 19 наурыз.- Б. 8.
Шопатов К. Көктем тұр ғой, жаз шығады; Енемнің қызына тартқан; Көзіңе кофе тамыз: әзілдер/ К. Шопатов // Дидар.- 2019.- 9 сәуір.- Б. 4.
Шопатов К. Оны саған қалдырдым (Сөз тапқанға қолқа жоқ) / К. Шопатов.- Дидар.- 2019.- 18 сәуір.- Б. 21.
Шопатов К. Абыз ата Нұрахмет еді / К. Шопатов // Менің өлкем.- 2019.- 30 мамыр.- Б. 20.
Шопатов К. Ақын Иса Тарбағатайда болған; Қажымұқан ескі Тұғылда болған / К. Шопатов // Менің өлкем.- 2019.- 13 маусым.- Б. 20.
Шопатов К. Туған жерге тағзым; Сыныптастармен сырласу / К. Шопатов // Рауан-Заря.- 2019.- 5 шілде.- Б. 3.
Шопатов К. Аңсау: өлең / К. Шопатов // Рауан-Заря.- 2019.- 12 шілде.- Б. 7.
Шопатов, К. Шығыстың жанған шырағы: [Маңырақ елді мекенінде Дәулетбай батыр мен ақын Әрімжан Жанұзақұлының тас мүсіндері қойылды] / К. Шопатов // Дидар. - 2020. - 11 қаңтар. - Б. 6.
Шопатов, К. Өшпейтұғын өлеңімнің бары анық: өлеңдер топтамасы берілген / К. Шопатов // Тәңіртау. - 2023. - № 2. - Б. 63-67.


К. М. Шопатов туралы әдебиеттер
Литература о Шопатове К. М.

Кітаптар - Книги

Кәрібек Мұхаметқалиұлы Шопатов // Мәселұлы, Ә. Тарбағатай - Барқытбел. Тұғыры биік - туған ел / Ә. Мәселұлы. - Семей: Интеллект, 2024. - Б. 693.

Мақалалар - Статьи

Қонарбаев М. Дәрінің майын ішкен маман: Кәрібек Мұхаметқалиұлы Шопатов туралы / М. Қонарбаев // Тарбағатай.- 2020.- 16 мамыр.- Б. 3.
Бақдаулетұлы, Д. Кәрағаңның көркемдік көкжиегі: ақын Кәрібек Мұхаметқалиұлы Шопатов туралы / Д. Бақдаулетұлы // Дидар. - 2025. - 9 қазан (№41). - Б. 17.
Бақдәулетұлы, Д. Кәрағаның көркемдік көкжиегі: [ақын Кәрібек Шопатов шығармашылығы туралы] / Д. Бақдәулетұлы // Тұғырлы Тарбағатай. - 2025. - 17 қазан (№42). - Б. 5.