Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы (1937 ж.) – химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА, Жоғары мектептің халықаралық академиясы, акмеология ғылымдары, минералды ресурстар академигі, Германиядағы (Берлин) халықаралық ақпараттандыру академиясы штаб-пәтерінің вице-президенті. Қазақстан-Америка Еркін университетінің президенті. Қазақстан Америка Еркін университеті – халықаралық серіктестік университеті жобасының авторы.
1937 жылы 13 қыркүйекте Астрахань облысы Калинин селосында дүниеге келген. 1963 ж. педагогикалық институтты (қазір Абай ат. Қазақ ұлттық университеті) бітірді. 1963-1984 жж. – аспирант, профессор, кафедра меңгерушісі, ҚазМУ деканының орынбасары; 1984-2001 жж. – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры; 1993-1995 жж.- ҚР Білім беру ісінің министрі. 1994 ж.бері – Қазақстан-Америка Еркін университетінің президенті. Докторлық диссертациясын М.В.Ломоносов ат. ММУ-де қорғады. Электрохимиядан отандық ғылыми мектептің негізін қалаушы. Оның басшылығымен шамамен 30 дан аса доктор және ғылым кандидаты әзірленді.
Оқу орны тәжірибесіне енгізілген білім мен ғылымды қайта жаңғырту инновацияларының авторы: тест енгізу, Президенттің «Болашақ» программасы арқылы интеллектуалды элита дайындау, тілдің үштұғырлығы, «бакалавр — магистр — Ph.D докторы», аймақтық университеттер (Павлодар, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Талдықорған, Атырау).
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университететін ашу бастамасын көтерген және осы оқу орнының тұңғыш ректоры (республикамызда КазГУ мен КарГУ-ден кейін үшінші ). Республикамыздағы бірінші халықаралық серіктестік – Қазақстан-Америка Еркін университетін Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен және америка тарапының қолдауымен құрды.
Е.Мәмбетқазиев басқаратын Халықаралық серіктестік университеті заманауи технологияны игеріп, тиімді қолданғаны үшін «MILLENIUM AWARD» («Мыңжылдық») (2009), Әлемдік экономика элитасы номинациясы бойынша «Алтын феникс» құрметті сыйлығы (2009), «Пальмира жұлдызы» - еуразиялық интеграцияны дамытуға қосқан үлесі үшін (2009), «Еуропалық сапа» - еуропа стандартына сәйкес білім беру існі жақсартуға қосқан үлесі үшін (2010) халықаралық марапаттарына ие болды.
Қоғамның интеллектуалды дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби жетістіктері үшін КАСУ президенті «INTELLECT OF NATION» («Ұлт интеллектісі» халықаралық марапатына (2009), кандидатурасы Еуропа ректорлар клубы (CRE) мүшелігіне ұсынылды.
АҚШ Конгресі Комитетінің шақыруымен екі рет АҚШ Президенті Дж.Буш (2004) және Б. Обама (2011), АҚШ Үкіметі мүшелері мен лидерлері, әлемнің 120 елінен келген интеллектуалды элита өкілдерімен бірге дәстүрлі Ұлттық қонақасына қатысу құрметіне ие болды.
700 ден аса ғылыми еңбек пен публикация, соның ішінде, білім мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша монографиялардың авторы. Соның бірқатары АҚШ, Еуропа елдері, Ресей, ҚХР, Моңғолия елдерінде қайта басылып шықты.
ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-шақырылымының депутаты болған. Облыстық мәслихат депутаты.
«Парасат» ордені, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай мерекелік медалі, «ҚР Білімі мен ғылымын дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (№ 1 куәлік) марапатталған. «ҚР Білім беру ісіне еңбек сіңірген қызметкер» атағының иегері, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, «Менің қалам» Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті ректоры, Кентукки университетінің құрметті профессоры (АҚШ), Атлантис университеті жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы (АҚШ), Өскемен қаласының Құрметті азаматы (1996).
2014 жылы Астрахань облысындағы Калинино ауылындағы мектепке қазақ ғалымы, академик Ережеп Мәмбетқазиевтің аты берілді.
Е. Ә. Мәмбетқазиевтің ғылыми еңбектері
Научные труды Е. А. Мамбетказиева
Мамбетқазиев, Е. Ә. Табиғат қорғау [Мәтін] / Е. Ә. Мамбетқазиев, Қ. Ж. Сыбанбеков. - Алматы : Қайнар, 1990. - 412 б.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Білім: алаңдау мен үміт [Мәтін] / Е. Ә. Мәмбетқазиев. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 1997. - 259 б.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. ХХІ ғасыр университеттері : инновациялар мен реформалар [Мәтін] : ғылыми басылым / Е. Ә. Мәмбетқазиев. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 2000. - 287 б.
***
Мамбетказиев, Е. А. Электрохимия дипиридильных комплексов металлов [Текст] / Е.А. Мамбетказиев; АН СССР. Ин-т электрохимии им. А.Н. Фрумкина. - М. : Наука, 1986. - 158 с.
Мамбетказиев, Е. А. Электромембранные процессы в гидрометаллургии цветных и редких металлов [Текст] / Е. А. Мамбетказиев. - Усть-Каменогорск : Изд-во КАСУ, 2007. - 134 с.
Мамбетказиев, Е. А. Опережающий время [Текст]: научное издание / Е. А. Мамбетказиев. - Усть-Каменогорск : Изд-во КАСУ, 2008. - 494 c.
Мамбетказиев, Е. А. Университеты Казахстана стратегический приоритет его развития [Текст]: сборник научных трудов / Е. А. Мамбетказиев. - Усть-Каменогорск : Изд-во КАСУ, 2008. - 451 с.
Мамбетказиев, Е. А. Ректор - совесть вуза [Текст] : посвящается 30-летию ректорской деятельности / Е. А. Мамбетказиев. - Усть-Каменогорск : Изд-во КАСУ, 2014. - 266 с.
Е. Ә. Мәмбетқазиевтің қатысуымен шыққан кітаптар
Книги, вышедшие при участии Е. А. Мамбетказиева
Химия кестеде болса есте де болады (100 кесте) [Мәтін] : оқуға түсушілерге арналған дидактикалық оқу құралы / Е. А.Мамбетказиев,К. Н.Сакарьянова, М. Б. Усманова. - Өскемен : ШҚМУ баспасы, 1996. - 124 б.
Кристенсен, М. Казахстан – США: во имя поколений будущего [Текст] : монография / М. Кристенсен, Е. Мамбетказиев, Д. Бэлласт. - Усть-Каменогорск, 2011. - 232 с.
Тлеугалиев, Ю. Г. Физическое воспитание [Текст] : учебно-методическое пособие / Ю. Г. Тлеугалиев, Е. А. Мамбетказиев. - Усть-Каменогорск, 2011. - 290 с.
Конопьянова, Г. А. Деньги, кредит, банки [Текст] : учебное пособие / Г. А. Конопьянова, А. Е. Мамбетказиев; Министерство образования и науки Республики Казахстан, Казахстанско-Американский свободный университет. - Усть-Каменогорск, 2016. - 137 с.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Білім реформасы-уақыт талабы [Мәтін] : [білім беру жүйесінде қайта құру, оқу-тәрбие ісіндегі міндеттер жайлы] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Егемен Қазақстан. - 1994. - 28 маусым. - Б. 3.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Абай және Шығыс Қазақстан [Мәтін] : [мерейтойға орай] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Дидар. - 1995. - 8 тамыз. - Б. 3.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Америка Ресейге жақын ба? [Мәтін] : [ШҚМУ-дың ректорымен сұхбат] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Дидар. - 1995. - 22 шілде. - Б. 2.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Тегін де, ақылы да оқытады [Мәтін] : [ШҚМУ-дың ректорымен әңгіме] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Дидар. - 1996. - 2 шілде. - Б. 4.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Әрқашан дәуірмен үндескен [Мәтін] : [Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазіргі жағдайы] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Егемен Қазақстан. - 1998. - 23 қазан. - Б. 8.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Ұлы ақын оқу-тәрбие хақында [Мәтін] : [Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы ой-толғам] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Абай. - 1999. - № 1. - Б. 13.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Болжау даналығы [Мәтін] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Дидар. - 2000. - 4 шілде. - Б. 2.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Сапалы біліммен - мемлекеттік бәсекелестікке [Мәтін] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Дидар. - 2004. - 12 маусым. - Б. 2.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. "Мен бастаған реформалар өміршеңдігімен құнды" [Мәтін] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Дидар. - 2007. - 11 қыркүйек. - Б. 2.
Мәмбетқазиев, Е. Ә. Көп тілді меңгерген журналистке сұраныс мол [Мәтін] / Е. Ә. Мәмбетқазиев; сұхб. С. Рамазанов // Өскемен. - 2011. - 28 мамыр.- Б. 6.
Мәмбетқазиев Е. Ә. Байыпты басылымдағы бетбұрыс [Мәтін] / Е. Ә. Мәмбетқазиев // Егемен Қазақстан. - 2014. - 10 қазан. - Б. 1.
***
Мамбетказиев, Е. А. Свободный Евразийский - модель элитарных университетов нового поколения [Текст] / Е. А. Мамбетказиев // Советы Казахстана. - 1994. - 14 декабря. -С. 3.
Мамбетказиев, Е. А. Университет - автор новых идей : все они с полным правом вошли в практику Высшей школы Республики Казахстан [Текст] / Е. А. Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 1997. - 11 сентября. - С. 11.
Мамбетказиев, Е.А. Визитная карточка [Текст] : [должности,звания ректора ВКГУ...] / Е.А. Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 1997. - 11 сентября.
Мамбетказиев, Е.А. Региональная наука : два года после старта [Текст] : [беседа с ректором ВКГУ...] / Е.А. Мамбетказиев // Мысль. - 1997. - №8. - С. 63-68
Мамбетказиев, Е.А. Я живу - в удовольствие [Текст] : [беседа с ректором ВКГУ...] / Е.А. Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 1997. - 11 сентября. - С. 3.
Мамбетказиев, Е.А. ВКГУ на пороге XXІ века [Текст] : / Е.А. Мамбетказиев, Г.И. Мостовенко // Региональный вестник Востока. - 1999. - №1. - С. 9-17.
Мамбетказиев, Е. А. Гранты стали реальностью [Текст] : [о новых правилах приема в вузы] / Е. А. Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 1999. - 29 апреля. - С. 4.
Мамбетказиев, Е.А. О перспективах развития вузовской науки в современных условиях [Текст] : [рассказывается о работе университета по развитию науки] / Е.А.Мамбетказиев, Д.Х. Камысбаев // Региональный вестник Востока. - 1999. - №1. - С. 17-29.
Мамбетказиев, Е. А. Университет на востоке Казахстана состоялся [Текст] : [Восточно-Казахстанскому государственному университету - первому университету суверенного Казахстана - 31 января 2001 г. исполнилось 10 лет. Н.А.Назарбаев лично напутствовал в 1991 г. вуз, приобретшии новый статус] / Е. А. Мамбетказиев // Казахстанская правда. - 2001. - 31 января. - С. 7.
Мамбетказиев, Е. А. "В жизни я рассчитываю только на себя" [Текст] /Е. А. Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 2002. - 6 апреля. - С. 5.
Мамбетказиев, Е. А. Экологические проблемы и охрана поверхностных вод тансграничного бассейна реки Иртыш/ Е.А. Мамбетказиев // Экология Восточного Казахстана: проблемы и решения. - Усть-Каменогорск, 2002. - С. 37-40.
Мамбетказиев, Е. А. Талант нуждается в поддержке [Текст] / Е. А. Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 2008. - 10 апреля. - С. 1.
Мамбетказиев, Е. А. Казахстанско-Американский Свободный университет[Текст]: триумф международного партнерства / Е. А. Мамбетказиев// Международная интеграция образовательного пространства: приоритеты и перспективы развития (сборник докладов международной конференции (27-29 октября 2011 года).Ч. 1. - Усть-Каменогорск : Изд-во КАСУ, 2011. - С. 11-19.
Мамбетказиев, Е. А. Образованию Независимого Казахстана - наш профессионализм [Текст] / Е. А. Мамбетказиев // Вестник Казахстанско-Американского Свободного Университета. - 2011. - № 1. - С. 3-10.
Мамбетказиев, Е. А. Повышение экологической безопасности действующих хвостохранилищ [Текст] / Е. А. Мамбетказиев, Ф. И. Лобанов, Р. А. Мамбетказиева // Вестник Казахстанско-Американского Свободного Университета. - 2011. - № 6. - С. 48-52.
Мамбетказиев, Е. А. Повышение эффективности биотехнологического процесса очистки коммунальных сточных вод [Текст] / Е. А. Мамбетказиев// Международная интеграция образовательного пространства: приоритеты и перспективы развития(сборник докладов международной конференции (27-29 октября 2011 года).Ч. 1. - Усть-Каменогорск : Изд-во КАСУ, 2011. - С. 33-36.
Мамбетказиев, Е. А. Концепция прагматизма: к реальному развитию [Текст] / Е. А. Мамбетказиев // Казахстанская правда. - 2013. - 15 марта. - С. 20.
Мамбетказиев, Е. А. Ректор - совесть вуза / Е. А.Мамбетказиев // Современное образование. - 2013. - №2. - С. 26-29.
Мамбетказиев, Е. А. Инновационное решение очистки шахтных вод горнодобывающей промышленности от твердой фазы / Е. А. Мамбетказиев, Ф. И. Лобанов // Экосфера. - 2014. - С. 16-18.
Мамбетказиев, Е. А. КАСУ: университет глобального и будущего [Текст] : [ 20 лет со дня образования] / Е. А.Мамбетказиев // Рудный Алтай. - 2014. - С. 4.
Мамбетказиев, Е. А. Служить Родине и народу [Текст] / Е. А. Мамбетказиев // Казахстанская правда. - 2015. - 17 ноября. - С. 3.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Мәмбетқазиев Ережеп Әлқайырұлы: б. 525.
***
Кратенко, А. Возвращение в альма-матер [Текст] : [бывший министр образования Е.А.Мамбетказиев вернулся в ВКГУ] / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 1995. - 28 марта. - С. 2.
Акава, А. В день юбилея [Текст] : [стихи,посвящ. ректору ВКГУ Е.А.Мамбетказиеву] / А. Акава // Рудный Алтай. - 1997. - 11 сентября. - С. 2.
Академиком избран единогласно [Текст] : [ректор ВКГУ Е.Мамбетказиев избран действ.членом Междунар.Академии минерал.ресурсов] // Рудный Алтай. - 1997. - 28 января. - С. 2.
Визит к Президенту Америки [Текст] : рабочая поездка в США руководителей КАСУ - президента КАСУ академика Е. Мамбетказиева и вице-президента Д. Бэлласта // Рудный Алтай. - 2004. - 13 марта. - С. 2.
Чистяков, М. С думой о будущем [Текст] : стихотворение Е. Мамбетказиеву - президенту Казахстанско-Американского свободного университета / М.Чистяков // Рудный Алтай. - 2004. - 5 июня. - С. 8.
Досанов, С. Объединяя разное [Текст] : [о Е. А. Мамбетказиеве]/ С. Досанов // Казахстанская правда. - 2005. - 22 ноября. - С. 7.
Пуссеп, Г. Впереди тот, кто за собой ведет [Текст] : [об академике, почетном гражданине г. Усть-Каменогорска, ректоре КАСУ Е. А. Мамбетказиеве] / Г. Пуссеп // Рудный Алтай. - 2007. - 13 сентября. - С. 2.
Ершова, Н. Не место красит человека, а его дела [Текст] : [об Е. А. Мамбетказиеве/ Н. Ершова // Рудный Алтай. - 2007. - 18 сентября. - С. 3.
Данилевский, Д. Юбилей учителя [Текст] : [об академике, почетном гражданине г. Усть-Каменогорска, ректоре КАСУ Е. А. Мамбетказиеве]/ Д.Данилевский // Flash!. - 2007. - 8 сентября. - С. 12.
Краснопеева, С. Н. Ценностно-смысловые детерминанты экзистенциального выбора Е. А Мамбетказиева. [Текст] / С. Н. Краснопеева // Вестник Казахстанско-Американского Свободного Университета. - 2010. - № 5. - С. 39-42.
Абенова, С. Осень Ережепа Мамбетказиева[Текст]: к 75 летию ректора КАСУ / С. Абенова // Казахстанская правда. - 2012. - 20 сентября. - С. 8.
Мисерва, Л. Юбилей педагога [Текст] : [о президенте КАСУ Е. Мамбетказиеве] / Л. Мисерва // Усть-Каменогорск. - 2012. - 6 сентября. - С. 6.
Махин, В. Ученый и новатор [Текст] : презентация монографии Е. Мамбетказиева / В. Махин // Казахстанская правда. - 2015. - 11 марта. - С. 12.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
http://old.vkgu.kz/ru/mambetkaziev.htm
http://www.afu.kz/kz/zhaalytar/807-bolashaty-universiteti.html
http://dauys.qamshy.kz/home/show/352?ln=kz
http://amurburger.in.ua/novosti-ukrainy/item/2485-1453469838
http://www.lib.ektu.kz/cgi-bin/irbis64r_15/cgiirbis_64.exe
http://www.obrazovanie.kz/pdf/2012_1/77-81.pdf
http://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1555013
http://kitaphana.kz/ru/pochetnue/1205-mambetkaziev.html
https://ru.wikipedia.org/wiki/Мамбетказиев,_Ережеп_Альхаирович
Матаев Хафиз (1931) – қоғам қайраткері
Матаев Хафиз 1931 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Саржал ауылында туған. 1947 ж. Семей педучилищесін бітіріп, Саржалда мүғалім болады. 1948 -1952 жж. Семей пединститутының Қазақ тілі, әдебиеті факультетін қызыл дипломмен бітіреді.
1952 - 1958 жж. Бесқарағай аудандық оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Беген орта мектебінің директоры болады.
1958 ж. отызмыңжылдық жолдамасымен Хафиз Бесқарағайдың Чапаев атындағы /Беген/колхозға бастық болып істейді. Cемей зооветеринарлық институтында 1963-1972 жылдары сырттай оқып зоотехник мамандығын алады.
1965-1969 жж. Х.Матаев Шұбартау аудандың Совет атқару Комитеті төрағасы қызметін атқарады. 1969 ж. қаңтарда Х.Матаев Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Абай ауданы - ұлы Абайды, дана Әуезовті дүниеге әкелген киелі жер және 1970 ж. Абайдың 125 жылдығын өткізуді ескеріп, Х.Матаев Алматыға арнайы барып Д.Қонаев, Б.Әшімовтерге жағдайы әлсіреген ауданға қолдау көрсетуді сұрап хат жолдайды. Хат қолдау тауып, 1971 ж. мамырда Қазақстан Үкіметі «Абай ауданының әлеуметтік -тұрмыстық жағдайын жақсарту тұралы» қаулы қабылдайды. Бұл қаулы аудан халқының еңсесін көтеріп, сенім ұялатады.
Х.Матаев бірінші хатшы кезінде Абайдың 125 жылдығы, М.Әуезовтың 90, Шәкәрімнің 130 жылдығын басқарып Қарауылда өткізу мүмкіндігі болғанын мақтанышпен еске алады.
Абай ауданында хатшы болып істеген 17 жылда (1969-1991) Х.Матаев екі дүркін Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаттығына сайланды.
1988 – жылы КПСС-тың Бүкілодақтық Конференцияға, 1990 жылғы ең соңғы КПСС-тың XXVIIІ съезінің делегаты болып сайланды.
Х.Матаевтың еңбегі жоғары бағаланып «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл ту», «Октябрь революциясы» және «Ленин» ордендерімен марапатталған.
Х. Матаев еңбек демалысына шығар алдында 1989-90 жылдары екі рет Ядролық қаруды сынақтан өткізуді тоқтатып, Семей ядролық полигонын жабу туралы ақиық ақын Олжас Сүлейменов басқаратын «Невада –Семей» қозғалысының белсенді мүшесі ретінде Абай ауданының орталығы Қараулда екі рет халықаралық акция өткізді. 1992 ж. Х. Матаев 40 жыл ядролық сынақтан зардап шеккендерді реабилитация жасап, өтем ақы төлеу тұралы Заң қабылуануын талап етіп, Семейде халықаралық конференцияны басқарып өткізді. Осы үш акцияға әлемнің әр түпкірінен әрқайсысына 200-300 ден шетел жанашыр зиялы адамдар келіп қатысты.
1995 жылы тамызда өткен ЮНЕСКО деңгейіндегі Ұлы Абайдың 150 жылдығы дайындап өткізуге облыс әкімі жанынан Елбасының рұхсатымен арнайы бөлім ашылып, Х. Матаев екі жыл осы бөлімді басқарды. 1996 жылы зейнеткер Х.Матаевтың қоғамдың еңбегі жоғары бағаланып Президентіміздің жарлығымен «Парасат» орденімен наградталды.
Х.Матаев 2006 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы бойынша ардагерлер Кеңесінің бірінші орынбасары. 2011 жылы Голландияда өткізілген «Ядролық дилеммалар: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияға Шығыс Қазақстан облысынан облыс әкімінің орынбасары Серік Әбденұлы басқарған делегацияның құрамында болып барып қайтты.
2011 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына, 80 жасқа толуына байланысты «Достық» орденімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» юбилейдік медальмен марапатталды.
Х.Матаев 1953–1992 жж. КПСС мүшесі болған. Қазір ешбір партияда жоқ. Сотты, істі болмаған. Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Франция, Сауд Аравиясы, Голландия елдерінде болған.
Х.Матаев – Семей қаласының, Абай ауданың Құрметті азаматы.
Х.Матаев – «Абай аулының ақиықтары» (1981), «Ақылмен ойлап сөйлесек» (2000) кітаптардың авторы, және 2008 ақын Т.Жанғалиевтың авторлығымен шыққын «Матаев» атты эссе– кітаптың кейіпкері.
Матаев Хафиз туралы:
Мишин Михаил Александрович (1941 ж.т.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
1941 жылы 23 маусымда Томск облысы Ново-Таванга ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Новосібір энергетикалық техникумы жанындағы курсты бітіріп, «ҮМЗ» АҚ №10 цехына жұмысқа жіберілді, еңбек жолын электромонтердің шәкірті болып бастады. Өндірістен қол үзбей жүріп Өскемен энергетикалық техникумын табысты аяқтап, өз біліктілігін 7-разрядты электр монтерге дейін көтерді. 1977 жылы энергетикалық жоғары білім алды.
Үлбі металлургия зауытында жұмыс істеген уақытында ол жүз жиырмадан астам рационализаторлық ұсыныстар берді. Михаил Александровичке 1974, 1979, 1980-1984 жылдары «Зауыттың үздік өнертапқышы» атағы, ал 1973, 1983 жылдары Бүкілодақтық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының Орталық Кеңесі Президиумының «Үздік өнертапқыш және рационализатор» атағы берілді.
М. А. Мишин өзінің бүкіл еңбек жолында зауыт пен қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласты. Өскемен депутаттары Кеңесінің ХХІ шақырылымының депутаты, Өскемен қалалық мәслихатының І, ІІ, ІІІ және ІV шақырылымдарының депутаты болып сайланды. М. А. Мишиннің белсенді өмірлік ұстанымы ҮМЗ қызметкерлерінің жас буыны үшін әрқашан жарқын бағдар болып табылды.
Еңбектегі жетістіктері үшін М. А. Мишиннің есімі «Зауыттың Құрмет кітабына» енгізілген, оған «Зауыттың үздік энергетигі», «Зауыттың құрметті ардагері» атақтары берілген. Михаил Александрович «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
М.А. Мишин туралы әдебиет
Литература о Мишине М. А.
Кітаптар - Книги
Мишин Михаил Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 182-183.
Мақалалар - Статьи
Школота, Т. Энергетика жизни: [о Почетном гражданине г. Усть-Каменогорска М. Мишине] / Т. Школота. - // Усть-Каменогорск. - 2012. - 11 окт. - С. 6.
Миллер Петр Климентьевич (1910-1987) – Кеңес Одағының Батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы.
Қорғасын-мырыш комбинатының тарихы өзінің ардагерлерімен шын мәнінде мақтана алады. Солардың бірі – П. К. Миллер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945).
1942 жылдан бастап Донда майданда соғысып, Днепрден өтіп, Карпат түбінде шайқасты. Төрт рет жараланып, емделгеннен кейін қайтадан майданға аттанды. Жеңіс күнін Чехословакияда қарсы алды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен П.К. Миллерге Днепрден өтуге қатысқаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1947 жылы соғыстан кейін Өскемен қаласына келіп, 15 жылдан астам уақыт бойы В.И. Ленин атындағы ҚМК-да оксидті шайқау цехының операторы болып қызмет етті. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін оған одақтық маңызы бар Жеке зейнеткер атағы берілді.
1985 жылы қалалық Кеңес атқару комитеті П.К. Миллерге Өскемен қаласының Құрметті азаматы атағын берді.
Бүгінде Өскемендегі көшелердің бірі П.К. Миллердің атында.
П. К. Миллер туралы әдебиеттер
Литература о П. К. Миллере
Кітаптар – Книги
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы : [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. : [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герой Советского Союза / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей -заповедник. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б. - Пайдаланылған әдебиеттер : 13 б.
Миллер Петр Климентьевич // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 148-149.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск: [б. и.], 2008. - 133 с.
Мақалалар - Статьи
Қасымов, А. Ажалмен арпалыс : Совет Одағының Батыры П.К.Миллер туралы [Мәтін]: Очерк / Қасымов А. // Коммунизм туы. - 1980. - 2 май.
***
Корсунский, В. Час боевой жизни: [О Герое Советского Союза П. К. Миллере] / Корсунский В. - Текст: непосредственный // Знамя коммунизма. - 1961. - 20 июня.
Корсунский, В. Шестьдесят минут: [О Герое Советского Союза П. К. Миллере] / Корсунский В. - Текст: непосредственный // Рудный Алтай. - 1964. - 21 января.
Столбовская, Н. В канун Великой Победы: [О Герое Советского Союза П. К. Миллере] / Н. Столбовская. - Текст: непосредственный // Вестник Казцинка. - 2004. - 23 апр. - С. 4. // Семь дней. - 2004. - 30 апр. - С. 8. //Рудный Алтай. - 2004. - 1 мая. - С. 1.
Васильев, Д. У бывших фронтовиков: [о Героях Советского Союза П. Миллере, Ф. Турове] / Д. Васильев. - Текст: непосредственный // Знамя коммунизма. - 1958. - 9 мая. - С. 2.
Оразбайұлы Серік (1949) – Өскемен қаласының Құрметті азаматы
1949 жылы 10 қазанда Павлодар облысы, Май ауданы, Майск ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Өскемен қаласының №8 қалалық кәсіптік техникалық училищесіне слесарь-монтаждаушы мамандығына оқуға түседі. Оны аяқтағаннан кейін Үлбі монтаждау басқармасына жұмысқа орналасады. 1973 жылдан 1978 жылға дейін Өскемен қалалық ҚМК үшінші цехында өнеркәсіптік жабдықтардың слесарі болып жұмыс істейді. 1982-1996 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер органдарында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта қала мен облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2011 жылдан бастап Өскемен қаласының аумақтық жергілікті өзін-өзі басқарудың төрағасы болып табылады.
«Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы 2019 жылдың 23 желтоқсанында Өскемен қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді. Атақ берілген күні: 2019 жыл 23 желтоқсан.