Герасимов Николай Петрович (1941) - ақын, Ресей Жазушылар одағының және Шығыс Қазақстан облыстық «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшесі
21 мамыр 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зимовье ауылында дүниеге келген. Сегіз сыныпты бітірген. Тынық мұхиты флотында қызмет еткен, Риддерде қызмет еткеннен кейін ЖЭО-да жұмыс істеген. Жұмысшы жастар мектебінде орта білім алған. Өскеменге көшіп, Шығыс машина жасау зауытында ұста болып жұмыс істейді.
Өлеңдерін он жеті жасында жаза бастаған. Өлеңдері «Рудный Алтай», «Огни Прииртышья», «Иртыш», «Нива» аудандық газеттерінде жарияланады. «Веление души» (2006), «Звёздный конь» (2008), «Всё остаётся людям» (2010) өлеңдер жинағы жарық көрген. Риддерге жиі келіп, «Писатель Рудного Алтая» қалалық әдеби бірлестігінің отырыстарына қатысады. Зимовье ауылында тұрады.
Н. П. Герасимовтың шығармалары
Произведения Герасимова Н. П.
Герасимов, Н. П. Веление души / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : Рудный Алтай, 2006.
Герасимов, Н. П. Всё остаётся людям / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : Шыгыс-Полиграф, 2010.
Герасимов, Н. П. Звёздный конь / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : Шыгыс-Полиграф, 2011.
Герасимов, N. П. О чём молчит Лизвоиха / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : Восток-Печать, 2011.
Герасимов, Н. П. Сказка сказок / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : ИП Аникин Б. П., 2012.
Герасимов, Н. П. Неразгаданный пароль / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : ИП Аникин Б. П., 2014.
Герасимов, Н. П. Беседа с тишиной / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : Восток-Печать, 2014.
Герасимов, Н. П. Я не прощаюсь / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : ИП Аникин Б. П., 2016.
Герасимов, Н. П. Вещее сердце / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : ВКПК АРГО, 2020.
Герасимов, Н. П. О том замолвлю слово / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : ИП Аникин Б. П., 2020.
Герасимов, Н. П. Жизнь в наследство / Н. П. Герасимов. – Усть-Каменогорск : ИП Аникин Б. П., 2021.
Н. П. Герасимов туралы әдебиет
Литература о Герасимове Н. П.
Чистяковские чтения : материалы регионального семинара (12 апреля 2008 года). - Усть-Каменогорск: [б. и.], 2008. - 291 с.
Немцев М. С. Литературный Риддер : биографический справочник / Немцев М. С. - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.
Қашқынбаев Талғат Саккоұлы (1961) – қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1961 жылы 16 наурызда ШҚО, Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
1968 - 1978 жылдар аралығында Шыңғыстай орта мектебінде оқыды. Мектепте үздік оқуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқушылар комсомол ұйымының хатшысы міндетін атқарды.
1978 жылы мектепті аяқтап, Өскемен құрылыс-жол институтының (қазіргі Д. Серікбаев атын. ШҚТУ) «Өндірістік және азаматтық құрылыс» факультетіне түседі. 1983 жылы институтты бітіріп, әскери кафедрадан алған білімімен лейтенант шенінде Совет армиясы қатарына алынып, 2 жыл Қиыр Шығыста өз мамандығы бойынша әскери қызметте болды.
1985 жылы әскери қызметтен босап, елге келген соң, құрылыс және энергетика саласында түрлі мекемелерде жұмыс істеді. 2007-2024 жж. аралығында жобалау мекемелерінде бөлім бастығы, бас инженерлік қызметтер атқарды, 2024 жылы зейнеткерлікке шығады. 2024 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін «VK Development group» құрылыс компаниясында авторлық қадағалау маманы болып жұмыс істеуде.
Басқа салада қызметте жүрсе де түрлі тақырыптарға өлеңдер, шағын әңгімелер жазумен айналысады. 2013 жылы баспадан «Өмір жайлы ойлар» атты шағын кітапшасы жарық көрді.
2021 жылы «Тұнық бастаулар» атты ой-толғаулардан тұратын екінші кітабы жарыққа шықты.
2022 жылы 90 жасқа таяп қалған анасының өз өмір жолы жайлы «Тағдырыма ризамын» кітабының қолжазбасын толықтырып, әдеби тілге бейімдеп өңдеп, баспаға даярлап шығаруына көмектесті.
2019 жылы «Түркі әлемі» киностудиясының директоры Доқтырхан Тұрлыбекпен бірге Катонқарағай ауданына барып, жазушылар Тұтқабай Иманбеков пен Оралхан Бөкей жайлы «Әттең, тонның келтесі-ай» атты деректі фильмнің түсіріліміне көмек беріп қайтты. 2022 жылы тағы да сол киностудия құрамымен бірге Катонқарағай өлкесінің төріне сапарлап барып, жергілікті ақын Ақтан Нұрбаев жайлы «Мұзтаудың көкке өрлеген мұзбалағы» атты деректі фильмді түсіру жұмыстарына қатысты.
2023 жылы қазан айында Талғат Саккоұлының авторлық құрастыруымен Шыңғыстай ауылының тумасы, саналы ғұмыры Қарағанды шахталарында елеулі еңбек сіңірген, сонымен қатар қазақ күресінен «№1 спорт шебері» атағын алған жеті дүркін Республика чемпионы Қылаң Бақыжанов туралы «Қазақ күресінің саңлағы» атты кітап жарық көрді.
2024 жылы ШҚО ішкі істер органдары және Ұлттық ұландар ардагерлер кеңесінің төрағасы Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы жайлы «Өмірі-өнеге» атты өмірбаяндық хикаят басылып шықты.
2025 жылы жан-жақты тұлға Жүсіпбек Уәлитовтың өмірі мен қызметі және шығармашылығы туралы «Асқақ рухты тұлға» кітабы жарыққа шықты.
Талғат Саккоұлы жұмыстан бос уақытында шығармашылықтан өзге волейбол, теннис, бильярд, шахмат ойнаумен, шаңғымен жүгіру және тау шаңғысымен сырғанау сияқты спорт түрлерімен айналысады.
«Кітапқұмарлар тобы», «Төр Алтайдың әдеби әлемі» және «Кітап ал» атты әдеби клуб-жобалардың белсенді мүшесі.
Жары – Алиханова Жанаргүл Қайырлықызы, Қарағанды медицина институтын бітірген, санитарлық дәрігер, қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Жанұяда екі қыз тәрбиелеп өсірді. Мақпал – Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін бітірген, банк саласында қызмет атқарады. Жары – Дидар, Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаз.
Кіші қызы Іңкәр Алматы технология университетін бітірген, Америка Құрама Штаттарында төрт жылға жуық болып келген ол, бүгінгі күні сол жақтан алған IT-технология бойынша алған білімі мен тәжірибесін ары қарай өз елімізде дамытуда.
Т. С. Қашқынбаевтың шығармалары
Произведения Кашкынбаева Т. С.
Қашқынбаев, Т. «Өмір жайлы ойлар»: өлеңдер мен әңгімелер жинағы / Т. Қашқынбаев. – Астана: Нұра Астана, 2013
Қашқынбаев, Т. Тұнық бастаулар : өмірбаяндық деректер / Т. Қашқынбаев. – Алматы : Раlitra Press, 2021. - 464 б.
Қазақ күресінің саңлағы / құраст.: Т. С. Қашқынбаев. - Алматы : Балауса, 2023. - 184 б.
Қашқынбаев, Т. Өмірі – өнеге: өмірбаяндық хикаят / Т. Қашқынбаев. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024
Қашқынбаев, Т. Асқақ рухты тұлға: танымдық кітап / Т. Қашқынбаев. – Шымкент: Жебе, 2025
Т. С. Қашқынбаев туралы әдебиет
Литература об Кашкынбаеве Т. С.
Кітаптар - Книги
Баянғазыұлы, Е. Шыңғыстай : / құраст.: Е. Баянғазыұлы. - Өскемен, 2015. - 492 б.
Назырбаев, Қ. Катонқарағай / Қ. Назырбаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б.
Әбдіғали С. Жаназық / С. Әбдіғали., 2025
Мақалалар - Статьи
Уалханова, Р. Жаңа кітап бізде, асығыңыз Сіз де! : [катонқарағайлық азамат Талғат Қашқынбаевтың "Тұнық бастаулар" атты кітабы туралы] / Р. Уалханова // Ертіс өңірі. - 2021. - 21 сәуір.- Б.19
Уалханова, Р. Сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер : [жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы туралы] / Р. Уалханова // Дидар. - 2023. - 18 қараша.- Б.4
Уалханова, Р. Азамат келбеті : [жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы туралы] / Р. Уалханова // Мәдениет. - 2023. - №11.- Б.60-63
Әбдікәрім, Д. Қазақ күресінің саңлағын еске алды: [жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы туралы] / Д. Әбдікәрім // Арайлы Катонқарағай. - 2024. -2024. – 28 маусым. – Б. 8
Райысова, Ә. Тұнық бастаулар оқырмандарға жол тартты [қаламгер Т. С. Қашқынбаев туралы] / Ә. Райысова // Арайлы Катонқарағай. - 2021. – 2 шілде. – Б. 3
Крымский (нағыз тегі Шитов) Анатолий Леонидович (1964 ж. т.) – жазушы.
1964 жылы 25 сәуірде Ростов-на-Донуда (Ресей) дүниеге келген. Ерте жастан бастап сурет пен мүсіндеуге қызығушылық танытқан. Мектеп жылдары, әскери қызмет және институттағы оқуы оның шығармашылыққа деген ұмтылысын күшейте түсті. Ол Санкт-Петербургте (Ленинград) оқып, онда көркемдік-техникалық салада кәсіби дайындықтан өтеді.
1990 жылы отбасымен Шығыс Қазақстан облысына көшіп келеді. «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де суретші-конструктор болып жұмыс істеді, кейін Балалар көркемсурет мектебінде сабақ берді. Онда ол жоғары білімді мүсінші ретінде көптеген жылдар бойы өзінің білімі мен шеберлігін жас суретшілермен бөлісті. Анатолий Леонидович ШҚО-ның көрнекті өнер қайраткерлері - мүсінші В. Б. Самойлов, суретші Ф. Г. Бадажков, суретші Н. П. Аштема, сәулетші П. Н. Тельмановтан тәлім алып, бірлесіп жұмыс істеді. Оның өнерге деген құштарлығы тек мүсінде ғана емес, жазуда да көрініс тапты.
Анатолий Крымский - балалар пьесалары мен шығармаларының авторы. 2000 жылы оның балалар мен ересектерге арналған бес электронды жинағы ресейлік «ЛитРес» электронды кітап сервисінде жарық көрді, ал «Супер» (Санкт-Петербург) баспасымен ынтымақтастық аясында «Котёнок по имени Мостик», «Поп ВДВ», «Остров танцующих обезьян» және «Дети Лубянской Империи» кітаптары жарық көрді.
Анатолий Крымскийдің пьесалары театр қойылымдарына да бейімді, ал автордың өзі әдеби бастамалардан бастап режиссерлермен жұмыс істеуге дейінгі әртүрлі бағыттардағы шығармашылық жобалармен ынтымақтастыққа ашық.
Қазіргі уақытта Анатолий Крымский Д. Серікбаев атын. ШҚТУ-да жарнама және дизайн бөлімінде жұмыс істеп, суретші, педагог әрі жазушылық тәжірибесін біріктіре отырып, өз шығармашылығын дамытуды жалғастыруда.
А. Л. Крымский шығармалары
Произведения Крымского А. Л.
Кітаптар - Книги
Уалханова Алмагүл Нұралықызы (1955) – ақын, ұстаз.
1955 жылы 7 желтоқсанда ШҚО Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында дүниеге келген. Топқайың орта мектебін 1972 жылы тәмамдайды. 1972-1976 жж. Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атын. ШҚУ) физика-математика факультетін тәмамдаған.
Өлеңге деген құштарлығы мектеп жасынан-ақ басталған. Ата-анасы да суырып салма ақын, жиын тойда айтысты қыздыратын жандар болған.
1979-2016 жж. Абай атындағы мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары бола жүріп, аудандық айтыстарға қатысады, оқушыларды да айтыстарға даярлайды.
2014 жылы «Суырлының сұлу саздары» атты тарбағатайлық ақындардың жыр жинағында өлеңдері басылып шыққан. 2022 жылы «Өмірімнің сырлары» жыр жинағы жарық көрсе, 2025 жылы «Абай әлемі» кітап сериясымен жарық көрген «Алтайдың ақын арулары» жинағында өлеңдері шыққан.
Ауданның «Әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін», «Білім саласының үздік педагогі» төсбелгілерінің иегері. Сондай-ақ, бірнеше жыр мүшәйраларында жүлделі орындар алған.
А. Н. Уалханованың шығармалары
Произведения Уалхановой А. Н.
Уалханова, А. Өмірімнің сырлары : өлеңдер / А. Уалханова. - Семей : Интеллект, 2022. - 146 б.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Суырлының сұлу саздары : өлеңдер / құраст.: Ә. Мәселұлы . - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2014. - 312 б.
Алтайдың ақын арулары : өлеңдер / құраст.: Әлібек Қаңтарбаев. - Алматы : Дәуір, 2024. - 368 б.
Уалханова, А. Самалың сызылтады әсем әнді : өлеңдер топтамасы / А. Уалханова. - Мәтін // Тәңіртау. - 2023. - № 1.- Б .67-70
Уалханова, А. Шабыттың шалқар дариясын кешкен : өлеңдер топтамасы жарияланған / А. Уалханова. - Мәтін // Үш қоңыр. - 2023. - 17 қараша.- Б.7
Уалханова, А. Өмірімнің сырлары : өлеңдер топтамасы берілген / А. Уалханова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024.- Б.7
А. Н. Уалханова туралы әдебиет
Литература об Уалхановой А. Н.
Кенжеханұлы, М. Төрт ғасырлық ұстаздар әулеті : ұстаздар әулеті Уалханов Нұралы Қайдарұлының отбасы туралы мақала / М. Кенжеханұлы. - Мәтін // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 22 қараша (№47). - Б. 4,8
1969 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Лениногорск қаласында (қазіргі Риддер қаласы) дүниеге келген. Ол музыка мектебінде фортепиано сыныбында білім алып, кейін Өскемен қаласындағы музыкалық училищені тәмамдаған.
1989 жылы туған қаласына оралып, №2 мектепте музыка пәнінің мұғалімі, балабақшада музыкалық қызметкер болып жұмыс істеген. Балалық шақтан бастап өлеңдер мен ертегілер жазуды бастаған. Әдеби шығармашылықпен шындап айналыса бастаған уақыты жақында ғана, бірақ осы уақыт ішінде 600-ден астам шығарма жазып, соның ішінде өлеңдер, поэмалар, өлең мен прозадағы әңгімелер, сондай-ақ «По мотивам Лукоморья» атты балалар ертегілер циклының авторы атанды.
Галина Михайлинаның шығармашылығын кең аудиторияға таныстырған — «Ностальгия» арнасында «Рожденные в СССР» бағдарламасының авторы және жүргізушісі Владимир Глазунов.
Галина Михайлина интернетте екі әдеби парақша жүргізіп, оқырмандарын өз шығармашылығымен таныстырады.
Галина Николаевнаның екі ұлы бар. Ұлдарының үлкені Германияда тұрады, кіші ұлы неміс тіліндегі өлеңдерді керемет мәнерлеп оқиды және мектептегі «Даңқ минутасы» конкурсында анасының ертегісін орыс тілінде оқып, жүлделі орын алған. Жазушы өзі неміс қоғамының вокалдық тобының мүшесі.
Алина Тайганың шығармалары
Произведения Алины Тайги
Кітаптар - Книги
Тайга А. Баба Яга / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга А. На расстоянии касания: стихотворения / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга, А. Одиночество, или путь к себе / А. Тайга. – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 68 с.
Тайга А. Откровения неба / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: Арго, 2021.
Тайга А. Погружение: рассказы / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин, Б.П., 2021.
Тайга А. Сказка о Кощее бессмертном и богатыре / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга, А. Сказка о Русалке / А. Тайга – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 16 с.: ил.
Тайга А. Сказка о Русалочке / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга А. Сказка о царевне и буром волке / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Тайга А. Сказка о чудесах, лешем и летающей деве / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П.,2021.
Тайга, А. Сказка о Яге и Царевне / А. Тайга – Усть-Каменогорск, ИП Аникин Б.П., 2021. – 19 с.: ил.
Тайга, А. Сказочная шкатулка / А. Тайга. – Усть-Каменогорск, ТОО «ВКПК АРГО», 2021. – 72 с.: ил.
Тайга А. Царевна мышь / А. Тайга. – Усть-Каменогорск: ИП Аникин Б.П., 2021.
Алина Тайга шығармашылығы мен өмірі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Алины Тайги
Кравченко, Татьяна. Мир в твоих ладонях : [под таким названием в Усть-Каменогорске состоялась творческая встреча с поэтессой, писательницей, сказочницей Алиной Тайгой из Риддера ] / Т. Кравченко // Рудный Алтай. - 2023. - 24 января. - С. 4.
Польская, И. Сказка нового времени : [риддерская писательница Алина Тайга (Михайлина Г.) стала лауреатом престижной литературной премии] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2024. - 30 октября (№ 44). - С. 5 : ил.
Польская, Ирина. В стихах и прозе : [о презентации двух книг риддерской поэтессы, прозаика Г. Михайлиной (Алина Тайга)] / И. Польская // Мой город Риддер. - 2025. - 5 февраля (№ 6). - С. 5.
Алина Тайга / Проза.ру. – Текст : электронный // https://proza.ru : [сайт]. – UTL : https://proza.ru/avtor/alinka96 (дата обращения : 11.11.2025)
Алина Тайга / Стихи.ру. - Текст : электронный // https://stihi.ru : [сайт]. – URL : https://stihi.ru/avtor/alinka69 (дата обращения : 11.11.2025)