Известные имена

Орындаушылар

Иванченко И.А.

Иванченко И.А. Иванченко Игорь Анатольевич- музыкант, (1964)

Игорь Иванченко1964 жылы 20 қыркүйекте Өскемен қаласында туған. Ерте бастан музыкамен әуестеніп, музыкалық мектептің фортепиано класын бітірген. 1979-82 жылдары мектептің вокальді инструменталды ансамблінде, «Строитель» Мәдениет үйінде (В. Сычуктің басқаруындағы) бас гитарада ойнады.

1986 жылдан бері суретші, архитектор, актер, құрылысшы, омарташы, металлург, болып әртүрлі жұмыстар істеді. 1997 жылдан Өскемен қаласындағы «Рейтинг» компьютер орталығында дизайнер болып қызмет істейді.

1980 жылдары спортпен, туризммен әуестене жүріп авторлық әндер жанрымен танысады.

1982 жылдан Игорь Иванченко – Өскемен, Лениногорск, Зырян, Целиноград, Барнаул қалаларында өткен қалалық, облыстық, республикалық слет пен авторлық әндер конкурсына қатысып, дипломант, лауреат атағын алады. 1986 жылы құрылыс-жол институтын («архитектура» маманы) бітірген соң, Саратов қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық авторлық әндер фестиваліне қатысып, композитор әрі автор ретінде Дипломмен марапатталып, қонақтар мен лауреаттар қатысатын қорытынды концертке өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

1987-1988 жылдарда Өскемен қаласындағы «Вертикаль» театр –студиясында қызмет істейді. 1988 жылы Таллин қаласында өткен авторлық әндер халықаралық фестивалінде композитор ретінде Орта Азия өңірінен қатысты. 1999 ж. Жамбыл атын. ШҚ облыстық драма театрының жаңажылдық қойылымының орындалатын «Тысячелетье» Гимнін (постановка Л. Фоменко) жазды.

2000 жылдан бері И.Иванченко көптеген конкурстарға қатысқан: ««Петербургский Аккорд» (2000 ж, «автор» номинациясы) халықаралық фестивалі,»Поющие Горы» (2001 ж. Астана) халықаралық фестивалінің лауреаты (номинация «автор») және дипломанты (номинация «Дуэт»), «Лучший автор» халықаралық фестивалінің Гран-При жүлдегері (2002 ж), «Петербургский аккорд» халықаралық фестивалінің дипломанты (2002 ж) .

Әдебиет:

Сидихменова Т. И. Приглашение к диалогу Игоря Иванченко // Проект «Остров песни». – Режим доступа

http://old.akbard.kz/mp3/ivanchenko/1.pdf – (17.01.2014)

 

Қайроллин Д.

Дауыл (Жайлаухан) КайроллинҚайроллин Дауыл (1946-2002) - әнші.

Дауыл (Жайлаухан) Қайроллин 1946 жылы 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Оның еңбек жолы 1962 жылдан басталады. 1984 жылы М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің ән бөліміне оқуға түседі. 1973 жылы училищені бітіріп, облыстық филармонияда әнші болып жұмысқа орналасады. 1984 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына түсіп, 1990 жылы бітіреді. Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, Р. Абдуллинмен бірге сахнаға шығады.

Оның орындауындағы халық әндері, халық композиторларының әндері, заманауи әндер, орыс және шетелдік классиктердің классикалық шығармалары тыңдаушылардың жүрегінен өзіндік орын алды.

Дарынды әртіс Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойында Чайковский атындағы концерт залында делегация құрамында мерекелік концертке қатысып, қажетті ән мен әуенді тауып, орыс, украин халық әндерін шебер орындады.

Өткен әдеби, мәдени Республикалық онкүндіктерде әртіс Украинада, Молдовада, Әзірбайжанда бас оркестрмен, хор капелласымен өнер көрсеткен.

Семей авторларынан Ұ.Айдаболов, М. Рақымбаев, Б. Сыбанов, Т. Рахимовтың әндерін орындады. Гандель, Массоне, Шуберт, Чайковский, Әсет, Абай классиктерінің шығармаларына негізделген кассеталық жазба бар.

Дауыл Қайроллин ұзақ жылдар бойы оқытушылық қызмет атқарады. 1976 жылдан бастап оның мектебінен көптеген түлектер шыққан.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

  

Д. Қайроллин туралы әдебиет

Литература о Кайроллине Д.

Иманбаева А. Ғажайып нәзік дүние / А. Иманбаева. - Т. 1. - Алматы : Асыл кітап, 2022. - 576 б.

Мұхамедова, Р. Дауыл да өтті-ау, дауылдатып/ Мұхамедова Р // Семей таңы. - 2003. - 28 ақпан. - Б. 12

Иманбаева, А. Ән құдіреті / А. Иманбаева// Ертіс өңірі. - 2010. - 27 қаңтар. - Б. 17.

Бейсембеков, А. Күршімнің күміс көмейі : Күршімнің тумасы, әнші Д. Хайруллин туралы.] / А. Бейсембеков // Дидар. - 2016. - 8 қазан. - Б. 18-19.

Бейсембеков, А. Дауыл десе дауыл еді... : [Әнші Д. Хайруллиннің туғанына 70 жыл] / А. Бейсембеков// Ертіс өңірі . - 2016. - 24 тамыз. - Б. 13.

 

Камалиев К.

78

Камалиев Көкенай (1937) – әнші, режиссер, Зайсан ауданының Құрметті азаматы

1937 жылы 18 ақпанда Зайсан ауданы, Көгедай ауылында дүниеге келген.    

1956 жылы Зайсан ауданындғы «Благодарное» орта мектебін бітіреді. Сол жылы Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанынан тұңғыш ашылған студияға түсті. 1958 жылы студияны бітіріп, театрда 3-4 жыл жұмыс істеп, көптеген опералық қойылымдарға қатысты. Ришат ,Мүсілім Абдуллиндер, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсакова, Әнуарбек Үмбетбаев, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Ғарифолла Құрманғалиев сияқты өнер майталмандарымен бірге жүріп, спектакльдерде ойнап, ән салды.

1958 жылдың желтоқсан айында опера театры Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, Мәскеудің үлкен залында А.Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан -Сара» операларын қойып, Б. Асафьевтің «Бахшасарай фонтаны» балетін көрсетті. Онкүндік Қазақстан өнер шеберлерінің үлкен концерттік бағдарламасымен аяқталып, елге зор табыспен оралады. Алматы қаласында төрт жыл әншілік қызмет атқарған соң Көкенай туған жері Зайсанға қайтады.

1959 жылы Зайсан аудандық мәдениет үйінде драмалық үйірмеде жұмыс істеп, оның құрамына 15 өнерлі жас іріктелді, ішінде Ораз Кәкеев, ағайынды Көкенай мен Қабыкен Камалиевтер де бар еді. «Қыз Жібек» операсын дайындап, облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алды. Сол жылы Алматы қаласында өткен республикалық өнер байқауында жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталған ең жас әнші Қабыкен Камалиев еді. Сол жылы Зайсан ауданы Халық театры атағына ие болды.

1960 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының онкүндігінде ағайынды Көкенай мен Қабыкен композитор Б. Байқадамовтың "Қазақстан магниткасы жастарының әні", Е. Брусиловскийдің "Шолпан", "Жастар мерекесі" әндерін тамаша орындап, І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық халық өнерпаздары апталығының лауреаты деген құрметті атаққа ие болды. Гастрольдік сапармен Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия сияқты елдерде өнер көрсетті.

1963 жылы Қазақстандағы қырық шақты халық театрлары арасынан Мәскеуге барып, өнер көрсету үшін берілетін жалғыз жолдаманы ақжарлық (ол кезде Зайсан мен Тарбағатай бір аудан болатын) өнерпаз жастар жеңіп алды.  Осы сапар жайында «Ақжардан Москваға дейін» атты документальді фильм түсірілген. Жарты сағаттық деректі фильм Алматы мемлекеттік киносуреттер мұрағатының алтын қорында сақтаулы.

К. Камалиев 1961-63 жылдары Көгедай орта мектебінде музыка пәнінен сабақ беріп, көркемөнерпаздар ұйымын басқарды. Кейін аудан орталығы Зайсан қаласына шақырылып, 1963-1968 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері, мәдениет бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.

1968-1972 жылдары Өскемен қаласындағы музыка училищесін бітірген соң, 1972-1977 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы үйінде методист, директор болып қызмет істеді. Сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Талай рет Телерадиокорпорацияның арнаулы медаль, грамота, диплом, арнайы сыйлықтармен, «Қазақ радиосының ардагері» төсбелгісімен марапатталған, КСРО Мәдениет министрлігінің «Үздік қызметі үшін» (за отличную работу) медалінің иегері. Зайсан ауданының Құрметті азаматы, республикалық халық өнерпаздары апталығының лауреаты.

1977-1997 жылдарда Республикалық Қазақ радиосында саяси хабарлар бас редакциясы мен «Алтын қор» редакциясында хабарларды музыкамен көркемдеуші және дыбыс режиссеры қызметінде болып сол жерден еңбек демалысына шықты. Зайсан өңірінің мәдениет саласын өркендету жолында еңбек еткен Көкенай Камалиев бүгінгі күні Алматы қаласында тұрады.

2018 жылы Зайсан өңірінің өнері мен мәдениеті жайында жазылған «Өнерлі елім - Зайсаным» кітабының авторы.

К. Камалиевтің шығармалары

Произведения К. Камалиева

 

Камалиев, К. Өнерлі елім - Зайсаным : (деректі очерктер жинағы) / К. Камалиев. - Алматы : Өнер, 2010. - 72 б.

Камалиев К. Өнерлі елім –Зайсаным.(деректі очерктер жинағы) /К. Камалиев. – Алматы:ИП «Балауса»,2018.- 88б.

 

 

К. Камалиевтің мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи К. Камалиева в периодических изданиях

 

Камалиев , К. Кремль төріндегі күтпеген кездесу [Мәтін] : [Қазақтың батыр ұлы Б. Момышұлымен кездесу туралы естелік.] / К. Камалиев // Дидар. - 2016. - 6 мамыр.- Б.22.

 

К. Камалиев туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар

Статьи о К.Камалиеве опубликованные в периодических изданиях

 

Жансейітов Х. Сапар сәтті болды [Мәтін] : [республикалық өнер байқауынды ШҚО өнерпаздары бірінші орынды иеленді.] / Х. Жансейітов // Коммунизм туы. - 1967. - 19 июль.- Б.1.

Жұмағалиев М. Сеңгірінде сексеннің [Текст] : өлең /М. Жұмағалиев // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 24 ақпан - 2 наурыз (№ 7). - 24

Әбдешев З. Сексенде сері қалпында [мәтін] : Біздің жерлестеріміз / З. Әбдешев // Достық. - 2017. - 15 ақпан.- б.2

Кәкенов А.

Кәкенов Абаш – ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.adash

Абаш Кәкенов – 1956 жылы 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Жаңа ауыл ауылында дүниеге келген.

1974 жылы орта мектепті аяқтап, сол мектепте еңбек жолын бастаған.

1981 жылы Қарағанды училищесінде «Киномеханик» мамандығында білім алады.

1982 жылы Тарбағатай ауданы, Жаңа ауыл ауылында Мәдениет үйінде киномеханик болып қызмет атқарған.

1988 жылдан импровизатор ақындық дарынымен танылып, айтыстарға қатыса бастайды.

Абаш Кәкенов – көрнекті ақын, термеші, халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. «Музыка өнері» номинациясы бойынша Абай атындағы облыс әкімі сыйлығының және «Қазақстан Жастар одағы» сыйлығының лауреаты.  

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы.

 

А. Кәкенов мақалалары

Статьи А. Какенова

 

Кәкенов А. "Америка арман ба еді?!" [Мәтін] : [Атланта сапарынан оралған ақын...әңгіме.Әңгімелескен У.Тоқпатаев] / Кәкенов А. // Дидар. - 1996. - 20 тамыз.- Б.4

Кәкенов, Абаш. Бір бойына сыйдырған сегіз өнер [Мәтін] / А. Кәкенов // Тарбағатай. - 2009. - 28 қараша.- Б.3.

Кәкенов , Абаш. Жәкеңнің домбырасы киелі дүниеме айналды... [Мәтін] : [Айтыскер ақын Абаш Кәкенов туралы] / А. Кәкенов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 14 ақпан.- Б.5.

Кәкенов А. Біз білмейтін Берия [Мәтін] / Кәкенов А. // Түркістан . - 2011. - 28 шілде (№ 30). – 10

 

А. Кәкенов туралы мақалалар

Статьи о А. Какенове

 

Қаратайұлы Б. Ана тілегі.Арнау (Абаш Кәкеновке) [Мәтін] : [Өлең] / Қаратайұлы Б. // Дидар. - 1994. - 16 көкек.- Б.

Сәрсенбайқызы Ғ. Қос дүлділін ардақтаған туған ел [Текст] : [Жерлестеріміз айтыскер ақын А.Кәкенов пен атақты спортшы Ж.Атаевтың құрметіне арналған кеш өткізілді] / Сәрсенбайқызы Ғ. // Дидар. - 1994. - 26 мамыр. - С.

Кәкенов А. "Қасиетті Қарауылға жүлде үшін емес,намыс үшін барамын!" [Мәтін] : [Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері,әнші,ақын,тарбағатайлық...сұхбат.Сұхбаттасқан Г.Қазимова] / Кәкенов А. // Дидар. - 1995. - 10 шілде.- Б. 3

Қайырбаев Ә. Жаңаауылдағы салтанат [Мәтін] : [Ақын А.Кәкеновтың 40 жасқа толуына арн. кеш өтті] / Қайырбаев Ә. // Тарбағатай нұры. - 1996. - 28 қараша.- Б.

Қазымова Г. "Тұрпаты шаршы,тобықтай болған Абашым" [Мәтін] : [Тарбағатай ауд. ақын А.Кәкеновтың шығармашылық кеші болып өтті] / Қазымова Г. // Дидар. - 1996. - 30 қараша.- Б.

Тоқпатаев У. "Абаш-Думан" халқына бара жатыр [Мәтін] : [А.Кәкеновтың ойын-сауық отауын құрудағы мақсат-мүддесі] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 1998. - 25 сәуір

Қазымова Г. Шығыстың серісі облысқа танымал ақын [Мәтін] : [Облысқа танымал айтыскер ақын Кәкенов А туралы ] / Қазымова Г. // Дидар. - 2000. - 18қаңтар.- Б.

Тоқпатаев У. Алтайдың оза шапқан ақтаңгері [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2006. - 11қараша.- Б.6

Қасымжанұлы С. Тоғыз балалы отбасы тоқымдай жерде тұрады [Мәтін] / Қасымжанұлы С. // Ертіс өңірі. - 2008. - 16 қаңтар.- Б.1,8.

Кенжехан Б. Ақын Абаш той жасады [Мәтін] / Б. Кенжехан // Дидар. - 2009. - 5 наурыз.- Б.3.

Елубаев, Оңдасын. Ақынның қайырымдылық концерті [Мәтін] / О. Елубаев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 20 сәуір.- Б.5.

Кәкенов , Абаш. Жәкеңнің домбырасы киелі дүниеме айналды... [Мәтін] : [Айтыскер ақын Абаш Кәкенов туралы] / А. Кәкенов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 14 ақпан.- Б.5.

Кенжеханұлы , Мұратхан. Абаш алашына, Алаш Абашына риза [Мәтін] : [Айтыс ақыны Абаш Кәкенов 60 жасқа толды.] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2016. - 10 желтоқсан.- Б.10.

***

Михеева Н. Абаш-шоу ? А почему бы и нет [Текст] : [О деятельности акына А.Какенова по созданию обл.театра-шоу песни] / Михеева Н. // Рудный Алтай. - 1998. - 21 марта

Азмухамбетов Ш. Абаш собирает друзей [Текст] : ["Абаш-думан" была создана три года назад. Фактическим организатором стал певец, лауреат Союза молодежи Казахстана Абаш Какенов] / Азмухамбетов Ш. // Рудный Алтай. - 2001. - 17 нояб. - С. 2

Кәрменов Ж.

zhanibekКәрменов Жәнібек (1949 - 1992) – жазушы, әнші және музыкант

1949 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, эстрада студиясында білім алды. Жетекшісі белгілі әнші Жүсіпбек Елебеков.

Жәнібек Кәрменовтың өмірі мен шығармашылығы өнердің әр саласымен тығыз байланысты. Ол кітап жазып, ерекше орындаушылық өнерімен халықты тамсандырды. Консерваторияда халық әні кафедрасының негізін қалап, бастапқы кезде кафедра меңгерушісі болды.  

Танымал әнші қазақ фольклорын зерттеумен де шұғылданды.

1984 ж. – халық шығармашылығы мен музыкасына арналған көркем шығармалар жариялады. Ленин комсомолы сыйлығының иегері.

1990 ж. – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.

1996 ж. – Жәнібек Кәрменовтың есімі туған ауылындағы музыка мектебіне берілді.

Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Кезінде Қазақ радиосы мен телевизиясы арқылы халық әншілері мен әншілік дәстүр жайында хабарлар жүргізді. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді. 1984 жылы концерттік- орындаушылық, зерттеу қызметтері және жастар арасында халық өнерін насихаттаудағы жұмыстары үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 1996 жылы оның есімі Қарауыл ауылындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ) музыка мектебіне берілген.

 

Ж.Кәрменовтың шығармалары

Произведения Ж.Карменова

Кітаптар-Книги

 

Кәрменов, Ж. Ақылбайдың әні [Мәтін] : повесть, әңгімелер / Ж. Кәрменов. - Алматы : Жалын, 1980. - 152 б.

Кәрменов, Ж. Ғашықтың тілі [Мәтін] : повесть, әңгімелер / Ж.Кәрменов. - Алматы : Өнер, 1988. - 272 б.

Кәрменов, Ж. Әніңнің қазақ жетпес бұрмасына [Мәтін] / Ж.Кәрменов - Астана : Фолиант, 2002. - 232 б.

Кәрменов, Ж. Махаббат әні [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Ж. Кәрменов. - Астана : Астана полиграфия, 2009. - 352 б.  

 

Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары

Публикации в периодической печати  

 

Кәрменов, Ж. Жаңғыртқан асқақ әнмен кең даланы [Мәтін] : [К.Әзірбаевтың әншілік өнері туралы] / Ж.Кәрменов // Жұлдыз . - 1984. - № 4. - Б.193-195.

Кәрменұлы, Ж. Өзге емес, өзім айтам өз жайымды [Мәтін] / Ж.Кәрменұлы // Қазақ әдебиеті. - 2001. - 5 қаңтар.- Б.9.

Кәрменұлы, Ж. "Өзге емес, өзім айтам өз жайымды" [Мәтін] / Ж.Кәрменұлы // Ертіс өңірі. - 2005.- 29 қыркүйек.- Б.11.

Кәрменов, Ж. Кененнің әнін естігенде дала оянып бас көтергендей болады [Мәтін] / Ж.Кәрменов // Аңыз адам. - 2012. - №4 - Б.33.

Кәрменов, Ж. Туған жер туралы толғау [Мәтін] / Ж. Кәрменов // Абай. - 2012. - №1-4.- Б.158-160.

Кәрменов, Ж. Жаны өз әніндей, өз күйіндей сұлу әрі шыншыл [Мәтін] / Ж.Кәрменов // Аңыз адам. - 2012. - №15. - Б.19. 

 

Ж.Кәрменов туралы әдебиеттер

Литература о Ж.Кәрменове 

 

Қазақ мәдениеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2010. – Кәрменов Жәнібек: Б.285-286.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- Кәрменов Жәнібек: Б.385-386.

Жасыл белес [Мәтін] : деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар. - Алматы : Жалын, 1986. - 198 б.

Боранғалиұлы, Т. Ғасырға сыр [Мәтін] : Мақалалар. Толғаулар. Зерттеулер / Боранғалиұлы Т. - Астана : Елорда, 2001. - 308 б.

Жәнiбек: Естелiктер / Құраст.: Т.Жұртбай,Т.Байгенқызы.- Алматы: Жалын, 2001.- 368 б.

Семей әншілері [Мәтін] : био-библиографиялық портрет. – Семей, 2006. - 32 б.

***

Карменов Жанибек (1949-1992): Биографические сведения.- гл. ред. Б.О.Жакып; // Искусство Алматы в персоналиях/ гл. ред. Б.О.Жакып.- Алматы: ТОО "Қазақ энц.", 2009.- С.122  

 

Мақалалар-Статьи 

 

Серғалиев, М. Шалдардың шапағаты (Жәнiбек Кәрменовтың жазбалары) // Парасат.- 1996.- №1.- Б.16-17.

Сейдімбек, А. Менің Жәнібегім [Мәтін] : [Әнші Жәнібек Кәрменов туралы] / А.Сейдімбек // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 12 наурыз. - Б.3.

Сейсенұлы, Д. Әз- Жәнібек туралы сөз [Мәтін] : [Ж. Кәрменовтың туғанына 50 жыл] / Д. Сейсенұлы // Семей таңы. - 1999. - 18 наурыз.- Б.3

Еркежанов, Б. Жүрегімде әнің қалды. [Мәтін] : [Күміс көмей әнші Ж. Кәрменов жайында естелік] / Б.Еркежанов // Дидар. - 1999. - 18 мамыр.-Б.2.

Ибрагимов, Т. Жәнібектің рухымен тілдесу. [Мәтін] : [ Белгілі сазгер-әнші Ж.Кәрменов жайлы үзік сыр] / Т.Ибрагимов // Семей таңы. - 1999. - 27 мамыр-2 маусым.- Б.3.

Нұржекеұлы, Б. Жадымызда дауысы Жәнібектің [Мәтін] : [Жәнібек Кәрменов туралы] / Нұржекеұлы Б. // Парасат. - 1999. - №4.- Б.16-17.

Жеңісұлы, Е. Жәнібек - жастық [Мәтін] / Е.Жеңісұлы // Жас алашhttp://www.zhasalash.kz. - 2001. - 22 ақпан.- Б.3.

Баймағамбетова, Г. Алаштан ән оздырған Жәнібек елінің есінде [Мәтін] : [Әнші Жәнібек Кәрменов туралы ] / Г.Баймағамбетова // Дидар. - 2003. - 1 қаңтар.- Б.4.

Уәлиева, Ә. Халық әндерін орындаушы - Жәнібек Кәрменов [Мәтін] / Ә. Уәлиева // Музыка әлемінде= В мире музыки. - 2007. - №1.- Б.29-30.

Әбсадық, Ж. Әннің Әз-Жәнібегі [Мәтін] / Ж. Әбсадық // Қазақ әдебиеті. - 2008. - 25 шілде.- Б.7.

Тілеухан, Б. Алаштан ән оздырған [Мәтін] / Б. Тілеухан // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 3-9 сәуір.- Б.1,10.

Қасымжанұлы, С. Бар жүректің төріндегі Жәнібек [Мәтін] / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі. - 2009. - 4 қараша.- Б.13.

Бәйкенқызы, Т. Жәнібек ән салғанда терезе сылдырлайтын [Мәтін] / Т. Бәйкенқызы // Семей таңы. - 2009. - 8 қазан.- Б.10.

Кәкенов, А. Жәкеңнің домбырасы киелі дүниеме айналды... [Мәтін] / А. Кәкенов ; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2011. - 14 ақпан.- Б.5.

Иманғали, М. Асық ойнағаннан гөрі асыл сөзді тыңдауға ынтық болыпты немесе Жәнібек Кәрменов туралы не білеміз? [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. - 2012. - 30 наурыз.- Б.20-21.

Сейсенұлы, Д. Ән-домбыраның оралуы [Мәтін] : [дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменовтің домбырасы жайлы] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 12 мамыр.- Б.7.

Байдәулет, Қ. Жәнiбектiң күмiс шақшасы [Мәтін] : [Жәнібек Кәрменов туралы естелік] // Айқын. - 2012. - 19 қыркүйек. - Б.8.

Сейсенұлы, Д. Ән әлемінің әз-Жәнібегі еді [Мәтін] : [Әнші Ж. Кәрменов туралы] / Д. Сейсенұлы // Дидар. - 2012. - 8 қараша.- Б.20.

Матаев, Х. Сұлу әнші Жәнібек [Мәтін] / Х. Матаев // Абай. - 2012. - №1-4.- Б.153-157.

Мұсағали, Ж. Арманы биік асыл ер [Мәтін] : [Әнші, өнертанушы, ұстаз Жәнібек Кәрменов туралы] / Ж. Мұсағали // Қазақ әдебиеті. - 2014. - 18 сәуір.- Б.11.

Рахымбекқызы, Т. Жүректерде жыры қалған Жәнібек [Мәтін] / Т. Рахымбекқызы // Абай елі. - Семей, 2014. - 8-14 желтоқсан.- Б.4.

Тоқанұлы, Б. Жәнібек Кәрменовтың Баян-Өлгийге сапары [Мәтін] / Б. Тоқанұлы // Дидар. - 2017. - 2 наурыз.- Б.18-19.

Нұғманбек, Р. "Жәнібек ән салады..." [Мәтін] : [Семей драма театрында Ж. Кәрменовтың мерейтойына арналған драма сахналанды] / Р. Нұғманбек // Дидар. - 2018. - 5 маусым.- Б.4.

  Мұқаш, Қ.  Жәнібектің әні [Мәтін] / Қ. Мұқаш // Дидар. - 2019. - 23 қаңтар.- Б.16.

 Ожарова, Қ.  Жәнібектің домбырасы музейде тұр [Мәтін] : [Әнші, жазушы Ж. Кәрменовтың туғанына 70 жыл.] / Қ. Ожарова // Дидар. - 2019. - 19 ақпан.- Б.5.

 

***

 

Троеглазова,  А. Литературное чтение [Текст] / Троеглазова А. // Начальная школа Казахстана. - 2004 - N 1 - С. - №1 - С. 26.

У школ новые имена [Текст] // Рудный Алтай. - 2006. - 12 окт. - С. 2.

Байбек,  А. Казахская традиционная музыка на современном этапе развития // Мысль.- 2007. - N 9. - С. 49-55.

Никифоров,  В. Полезные уроки Абайского района [Текст] : [о выездном заседании областного акимата в Абайском районе] / В. Никифоров // Рудный Алтай. - 2012. - 19 ноября. - С. 1, 2.

Сейсенулы, Даулет. "Каламкас": 40 лет вдохновения и созидания [Текст] / Д. Сейсенулы // Вести Семей. - 2012. - 13 нояб. - С. 4.

Никифоров, Владимир. Полезные уроки Абайского района [Текст] / В. Никифоров // Вести Семей. - 2012. - 20 нояб. - С. 1-2. 

Ж.Кәрменовтың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Ж.Карменова

  

Жұмабаев Мағжан // Қазақ әндерiнiң антологиясы: Екi томдық. Т.1. Халық әндерi мен халық композиторларының әндерi/ Құраст.Ж.Кәрменов.- Алматы,1990.- Б.225-228.

Қазақ әндерiнiң антологиясы. 1: Халық әндерi мен халық композиторларының әндерi / Құрастырған Жәнiбек Кәрменов.- Алматы: Өнер, 1990.- 336 б.

 

Интернет ресурстар

Интернет - ресурсы 

 

«Биография : Карменов Жанибек» [электронный ресурс]. – Сайт. – Режим доступа : http://myz.nur.kz/artist-69152-karmenov-zhanibek (дата обращения 08 ноября 2018)