Известные имена

Алаш қайраткерлері

Жарқынбаев Т. М.

Жарқынбаев Тұрсын Мұстафаұлы (1894-1950) – Алаш полкі офицері. 

1894 жылы Семей облысы Шұбартау ауданында дүниеге келген. Бақты ауылындағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. Семей қ. мұғалімдер семинариясын бітірген.  Отыншы Әлжановтың жетекшілігімен  Алаш полкы қоймасының меңгерушісі, атаман Анненков штабында хатшы болады. Барлық құжат – есептер, кіріс-шығыстар, әскери жоспарлар Тұрсын Жарқынбаевтың қолынан өтетін. Азамат соғысынан кейін аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы   (1922-1926), аудандық сот (1926-1928) қызметтерін атқарды. 1928 жылы  Тұрсын  Жарқынбаев қуғын-сүргінге ұшырайды. Кейін ол 30 жігітпен бірге Қытайға өтеді.   

1950 жылы Қытай өкіметі  Кеңес Одағының сұрауымен халық алдында атады.

Т. Жарқынбаев жазушы Қ. Жұмаділовтың «Соңғы көш» романындағы Тұрсын Жанабаевтың прототипі болып табылады. 

Т. Жарқынбаев туралы әдебиеттер

Литература о Жаркынбаеве Т.

 

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Жарқынбаев Тұрсын Мұстафаұлы: б. 186.

Нүсіпов, Р. Тарбағатайдан аттанған Алаш полкі [Мәтін] : [Жарқынбаев Т. М. туралы] / Р. Нүсіпов // Абай. – 2010. - № 4. – Б. 33.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Нүсіпов, Р. АЛАШ ПОЛКІ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ АЙТЫЛДЫ МА? [Электрондық ресурс] : [Жарқынбаев Т. туралы] / Р. Нүсіпов // abai.kz – информационный портал : сайт. – Пайдалану орны : http://abai.kz/post/view?id=2664 (28.02.2017)

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы [Электрондық ресурс] : [Жарқынбаев Т. туралы] // kze.docdat.com : сайт. - Пайдалану орны : http://kze.docdat.com/docs/376/index-42704.html?page=28 (28.02.2017)

Кемпірбаев Ы.

Кемпірбаев Ысқақ – Алаш қозғалысының қайраткері,  шаруалар көтерілісінің басшысыКемпірбаев Ысқақ (1899-1931) – Алаш қозғалысының қайраткері,  шаруалар көтерілісінің басшысы.

Кемпірбаев Ысқақ 1899 жылы бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданы) 2-ауылда туған. 1931 жылғы шаруалар көтерілісінің басшысы. 1918 жылы Семейдегі Алаш әскери жасағына өз еркімен жазылып, қатардағы жауынгер ретінде қызмет еткен. Кеңес үкіметі жылдарында Ы.Кемпірбаев Абыралы аудандық дайындау мекемесінің 2,4- ауылдарында агент қызметін атқарды. Шаруа қожалықтарын жаппай ұжымдастыру жылдарындағы зорлық-зомбылыққа Ы.Кемпірбаев үнемі наразылық білдіріп отырды. Елдің бар малы тәркіленіп, халық ашаршылыққа душар болғанда өкіметтің Абыралы ауданына түсірген ет тапсыру жоспарына наразы болған аудан шаруалары жаппай толқып, соңы 1931 жылы ақпанда көтеріліске ұласады. Абыралы ауданының Томар, Аққора (қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы «Еңбек», «Прогресс» ауылдары), Жорға, т.б. жерлерінде 300-ден астам шаруа бірігіп, үкіметке бағынбай көтеріліске шығады. Көтеріліс басшысы Кемпіров үкімет алдына зорлық-зомбылықты тоқтату, елден тартып алынған малды қайтару, етке тапсырылған мал өтемақысын төлеу талаптарын қояды. 1931 жылы 15 ақпанда көтерілісті басуға келген аудандық ОГПУ бастығы А.Жамалетдинов, орынбасары А.Каигородцев пен аудандағы өзге де басшы қызметкерлерден тұратын 20 адамдық қарулы отрядты көтерілісшілер қоршап алып, ұзақ атыстан соң бәрін қолға түсіреді. 1931 жылы қарашада көтеріліс басшысы Ы.Кемпірбаев серіктестерімен бірге ОГПУ үштігінің үкімі бойынша Семей түрмесінде атылды.

Ы. Кемпірбаев туралы әдебиеттер

Литература о Кемпирбаеве И.

 

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Кемпірбаев Ысқақ: б. 227-228.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». - 2014. – Кемпірбаев Ысқақ: б. 388-389.

Нәсенов, Б. Абыралы көтерілісіне - 80 жыл [Мәтін] : [Ы. Кемпірбаев туралы]  / Б. Нәсенов // Алаш. - 2010. - № 4. - Б. 4-32.

Список гласных, участвовавших в сессии второго чрезвычайного Усть-Каменогорского уездного земского собрания [Текст] : [значится в списке как Кемпербаев Исажан] // Восточное отделение Правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. - С. 156.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Абыралы көтерілісі [Электрондық ресурс] : [Кемпірбаев Ы. туралы] // Ана тілі : сайт. – Пайдалану орны : http://anatili.kazgazeta.kz/?p=12167 (03.03.2017)

Қасенғали, А. Атқа қонып, ақберген алған Абыралы көтерілісіне – 85 жыл [Электрондық ресурс] : [Кемпірбаев Ы. туралы] / А. Қасенғали // Arkhar біздің ақиқат : сайт. – Пайдалану орны : http://arhar.kz/2984/at-a-onyp-a-beren-al-an-abyraly-k-terilisine-85-zhyl (03.03.2017)

Рахметуллин, Е. Абыралы көтерілісі жайлы не білеміз? [Электрондық ресурс] : [Кемпірбаев Ы. туралы] / Е. Рахметуллин // Baq.kz : сайт. – Пайдалану орны : https://baq.kz/kk/news/ruhaniyat/abirali-koterilisi-zhaili-ne-bilemiz-54643 (03.03.2017)

Сейсенұлы, Д. Абыралы ақтаңдағы [Электрондық ресурс] : [Кемпірбаев Ы. туралы] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан : сайт. - Пайдалану орны : https://egemen.kz/2011/?p=311801 (03.03.2017)

Ысқақ Кемпірбаев [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия - ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AB%D1%81%D2%9B%D0%B0%D2%9B_%D0%9A%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D1%96%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2 (03.03.2017)

Кенебайұлы С.

Кенебайұлы Садық (туған және қайтқан жылы белгісіз) – Алаш қозғалысына қатысушы.

Семей облысы Аягөз ауданына қарасты Ақшатау ауылының Қалғұты елді мекенінде дүниеге келген, ауқатты отбасында тәрбие алған өз заманының көкірегі ояу, көзі ашық азаматы болған.

1917 жылы Семей қаласында құрылған «Алаш» партиясы, «Алашорда» өкіметінің құрылуына өз дәрежесінде атсалысқан тұлға. Ол Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының нағашысы ретінде «Алаш» көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, т. б. ұлы тұлғалармен аралас-құралас болған. 1920 жылы Семейді Кеңес басқыншылары қайта басып алғанда жоғарыдағы «Алаш» көсемдері Аягөз маңындағы Ақшатау ауылын, оның ішінде Қалғұтыдағы Садық Кенебайұлы үйін уақытша паналаған.

Садық Кенебайұлы бас болып салған осы «Ақ школдан» алғаш білім алғандар қатарында қазақтың белгілі азаматтары көптеп саналады. Солардың ішінде дарынды жазушы Асқар Лекеров, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кешірім Бозтаев, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, экономика ғылымдарының докторы, профессор Зада Қарғажанов және т.б. осы Садық Кенебайұлы салдырған «Ақ школдың» түлектері.

Садық Кенебайұлы – Аягөзде Кеңес өкіметінің орнауына көзі жұмылғанша қарсы болып өткен адам. 1918 -1932 жылдар аралығында кеңес өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс бастаған адамның бірі. Атақты Қарауыл, Шұбартау көтерілісінде кеңестік насихатты жүргізуші қызыл керуендерді аластауда табандылық танытқан. Сергиопольдағы қызылдар абақтысына екі рет қамалған, екеуінде де амалын тауып, азаттыққа шыққан. Бұл жөнінде Садық Кенбайұлының тікелей ұрпағы ақын Жұмаш Айтжұманұлы Кенебай өзінің «Аягөз» атты өлеңмен жазылған тарихи романында егжей-тегжейлі баяндайды.

1932 жылы Садық Кенебайұлы қазіргі Ақшатау ауылының бірінші фермасы тұрған жердегі сегіз қанат ақ үйінің бір сабақ жібіне де тиіспестен отбасымен Қытайға бет алады. Жолда қызыл әскерлер шабуылына ұшырап, соғысып отырып, арғы бетке өтіп кетеді. Бұл жолда талай ет жақын туысы қызылдар оғына ұшады.

1942-1945 жылдары Қытайдан атамекеніне сан рет жасырын жолмен қатынап тұрады. 1943 жылы санына оқ тиіп, Алматыдағы әскери госпитальда ем алады. Осы жолы қызылдармен байланыс орнатып, Шығыс Түркістанды азат ету көтерілісіне бір кісідей қатысып, қызылдардан қару-жарақ, қаржы көмектерін де алған. Кейін қызылдар тарапынан ауыр жарақат алып, Шығыс Түркістанның Шағантоғай деген жерінде көз жұмады. С. Кенебайұлының зираты қазір сол Қарабура өзенінің жағасында тұр.

 

С. Кенебайұлы туралы әдебиеттер

Литература о Кенебайулы С.

 

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Кенебайұлы Садық: б. 228.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Кенебайұлы Садық [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Алаш қозғалысы : сайт. – Пайдалану орны : http://archive.li/g8uE5#selection-485.1-485.15 (04.03.2017)

Садық Кенебайұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%B4%D1%8B%D2%9B_%D0%9A%D0%B5%D0%BD%D0%B5%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%B1%D0%BB%D1%8B (04.03.2017)

Көкбөрі, Ж. Садық Кенебайұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // facebook.com : сайт. - Пайдалану орны : https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=970495569694967&id=899377596806765 (04.03.2017)

Көкбөрі, Ж. АЯГӨЗ (Тарихи роман)[Электрондық ресурс] : [С. Кенебайұлы туралы] // facebook.com : сайт. - Пайдалану орны : https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1176691432408712&id=899377596806765 (04.03.2017)

Кемпіров Қ.

Кемпіров Қаратал (туған және қайтыс болған жылы белгісіз) – Алаш полкы офицері.

Маңырақ болысында дүниеге келген. Алаш отрядында қызметте болып, штабта шаруашылық қызмет атқарған. Сонымен бірге, Қара Ертіс және Маңырақ болыстықтарынан жас қазақтарды алаш отрядына тартқан. Қызыл әскерлер шабуылынан кейін Қ. Кемпіров Қытайға қашып барып, қытай болысы Таңғыт Есенұлы аулында тұрады. Кейін Маңырақ болыстығына оралады. Бұдан кейінгі тағдыры беймәлім.

 

Қ. Кемпіров туралы әдебиет

Литература о Кемпырове К.

 

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы . – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Кемпіров Қаратал: б. 469.

ЦДНИ ВКО, ф.1П, оп.1, д.173, л. 42,42об. Подлинник [Текст] : [о Кемпырове К.] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. – С. 332-333.

ЦДНИ ВКО, ф.1П, оп.1, д.173, л. 39,39об. Подлинник [Текст] : [значится в списках как Кемпыров К.] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост. Е. Б. Сыдыков и др. – Семей, 2010. – С. 334.

Керейбаев Ш.

Керейбаев Шынже (1888-ө.ж.б.) – Алаш қозғалысының қайраткері.

Омбыдағы фельдшерлік мектебінің 3 үш сыныбын бітірген. 1917 ж. дейін нотариус мекемесінде аудармашы, банкте қызметкер жұмыстарын атқарған. Ақпан революциясынан кейін Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі, Алаш қаласындағы қазақ баспаханасының меңгерушісі, «Сарыарқа» газетін шығарушылардың (редакторы) бірі болған.

 

Ш. Керейбаев туралы әдебиеттер

Литература о Керейбаеве Ш.

 

Шаяхметов, Н. Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін [Мәтін] / Н. Шаяхметов. - Алматы, 2001.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009.- 544 б. - Керейбаев Шынже: б. 200.

 ***

 Заявление члена коллегии Семипалатинского губернского земельного отдела Шинже Керейбаева в КирОбКом РКП (б) [Текст]  // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост.: Е. Б. Сыдыков. - Семей : 2010. - С. 338-340.

Смета расходов Семипалатинского областного исполнительного комитета (по авансовой ассигновке от 6 июля № 10419) [Текст] : [значится как делегет Шинже Керейбаев] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост.: Е. Б. Сыдыков. - Семей : 2010. - С. 10.

Список организаторов Алашского конного партизанского полка, участников организации против Советской власти 1918 года правительства Восточной Алаш-Орды [Текст] : [значится в списках как Керейбаев Чинжи] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост.: Е. Б. Сыдыков. - Семей : 2010. - С. 310.